Макро, экз.сратары, 2013
.docМакроэкономикадан емтихан сұрақтары
-
Макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен негізгі бағыттары.
-
Макроэкономиканың анықтамалары, зерттеу пәні, зерттеу объектісі мен зерттеу әдістері.
-
Макроэкономиканың зерттейтін негізгі проблемалары.
-
Макроэкономиканың негізгі мақсаттары мен құралдары.
-
Макроэкономикалық модельдер және оларды құруда қолданылатын функционалдық байланыстар.
-
Макроэкономикалық күтімдер концепциясы және олардың түрлері. Ex post және ex ante экономикалық күтімдер.
-
Макроэкономикадағы позитивтік және нормативтік бағыттар.
-
Ұлттық есеп-шоттар жүйесі және олардың пайда болуы мен даму тарихы.
-
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер және олардың сипаттамалары.
-
ЖҰӨ және оны есептеу әдістері. Атаулы және нақты ЖҰӨ.
-
ЖҰӨ-ді есептеудің күрделілігі және қиыншылықтары. Көлеңкелі экономиканың әсері.
-
Тұтыну бағаларының индексі. ЖҰӨ дефляторы. Ласпейрес, Пааше және Фишер индекстері.
-
Қор және ағын. «Қуат беру» және «жылыстау» көрсеткіштері.
-
Қосылған құн. Аралық өнім және соңғы өнім.
-
Ұлттық байлық және таза экономикалық әл-ауқат көрсеткіштері.
-
Макроэкономикадағы шеңберлі айналым үлгісі және оның түрлері. Негізгі секторлар.
-
Классикалық үлгідегі макроэкономикалық тепе-теңдік. Сэй заңы. Классикалық дихотомия.
-
Кейнстік үлгідегі макроэкономикалық тепе-теңдіктің ерекшеліктері. Кейнстік төңкеріс.
-
Жиынтық сұраныс және оның құрауыштары. Жиынтық сұраныс қисығы және оның өзгерістері.
-
Жиынтық сұраныстың факторлары. Ақшаның сандық теориясы және Фишер теңдеуі.
-
Жиынтық ұсыныс: әсер ететін факторлары және өзгерістері. «Тегеріш» әсері.
-
Жиынтық ұсыныс қисығының кейнстік, аралық және классикалық кесінділері. Әлеуетті ЖҰӨ.
-
AD-AS үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік.
-
Сұраныс және ұсыныс сілкіністері, түрлері және олардың пайда болу себептері. Мемлекеттің тұрақтандыру саясаты.
-
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі және ресурстардың толық қамтылуы.
-
Тұтыну сұранысы және тұтынудың түрлері. Автономды тұтыну. Тұтыну функциясы.
-
Тұтынудың Кейнстік концепциясы.
-
Кейнстің психологиялық заңы. Бейімділіктің түрлері. Кузнецтің жұмбағы.
-
Тұтынудың басқа да концепциялары (М.Фридменнің, И.Фишердің, Ф.Модильянидің теориялары)
-
Инвестициялық сұраныс және оны анықтайтын факторлар.
-
Инвестицияның түрлері. Туынды және автономды инвестициялар.
-
Мультипликатор әсері және оған әсер ететін факторлар. Импорттауға деген шекті бейімділік.
-
Акселератор моделі.
-
Инвестициялық сұраныстың кейнстік және неоклассикалық концепциялары.
-
Нақты және жоспарланған шығындар. Тиімді сұраныс. Кейнс кресі. Өндірістің тепе-теңдік көлеміне жету механизмі.
-
Автономды шығындар мультипликаторы. Рецессиялық және инфляциялық үзілістер.
-
Жинақтаулар және оған әсер ететін факторлар. Жинақтау функциясы.
-
Ұқыптылық оғаштығы.
-
Кейнс кресі мен AD-AS үлгісінің өзара байланысы.
-
Ақша массасы және оны өлшеу. Ақша агрегаттары.
-
Несиенің мәні және формалары.
-
Ақша-несие жүйесінің құрылымы. Банктік депозиттер (несие) мультипликаторы.
-
Ақша деген сұраныс теориялары.
-
Ақша ұсынысы, ақша базасы және ақша мультипликаторы.
-
Ақша нарығындағы тепе-теңдік, оның неоклассикалық және кейнстік үлгілері.
-
Банк жүйесі: Орталық банк және коммерциялық банктер, олардың операциялары.
-
Орталық банктің ақша-несие саясаты, түрлері, мақсаттары мен құралдары.
-
Бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаздар нарығындағы тепе-теңдік.
-
Бюджет-салық саясаты, мәні және мақсаттары.
-
Мемлекеттік бюджет және оның құрылымы. Мемлекеттік шығындар мультипликаторы.
-
Мемлекеттік бюджет шығындарының түрлері.
-
Салықтар: түрлері, қызметтері, принциптері. Салық мультипликаторы.
-
Лаффер әсері және Лаффер қисығы. Салық мөлшерлемелерінің жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысқа әсер етуі. Салық ауыртпашылығы.
-
Бюджет тапшылығы, түрлері және оны қаржыландыру әдістері. Сеньораж.
-
Бюджет-салық саясатының түрлері. Автоматты тұрақтандырғыштар. Ығыстыру әсері.
-
Балансталған бюджет мультипликаторы. Хаавельмо теоремасы.
-
Мемлекеттік қарыз және оның әлеуметтік-экономикалық салдарлары.
-
Барроның тұжырымдамасы. Рикардиандық теңдік.
-
IS-LM қисықтарын құру, олардың қозғалыстары. IS-LM үлгісіндегі тепе-теңдік.
-
IS-LM үлгісіндегі бюджет-салық әне ақша-несие саясаттарының салыстырмалы тиімділігі. Ығыстыру әсері.
-
Өтімділік тұзағы және инвестициялық тұзақ.
-
Еңбек нарығы және жұмыс күші.
-
Жұмыссыздық және оның түрлері.
-
Жұмыссыздықтың зардаптары. Оукен заңы. Оукен қисығы.
-
Жұмыспен қамтудың тұжырымдамалары. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік.
-
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу. Жұмыссыздықты азайту мәселесі.
-
Әлеуметтік саясат: мәні, міндеттері және жүзеге асырылу жолдары.
-
Тұрғындардың табыстары және олардың қалыптасу көздері.
-
Табыстарды бөлудегі теңсіздіктер және оның себептері.
-
Табыстардың теңсіздігін өлшеу: Лоренц қисығы және Джини коэффициенті, децильдік коэффициент. Парето заңы.
-
Кедейшілік, оның белгілері мен көрсеткіштері.
-
Өмір сүру деңгейінің және сапасының индикаторлары мен көрсеткіштері.
-
Табыстарды қайта бөлудегі мемлекеттік саясат және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселесі.
-
Трансферттік төлемдер және оның түрлері.
-
Экономикалық тиімділік және әділеттілік дилеммасы. Оукеннің «тесік шелегі».
-
Инфляцияның мәні және пайда болу себептері.
-
Инфляцияның әртүрлі жіктелу критерийлеріне қарай түрлері. Инфляциялық орама.
-
Инфляцияның қарқынын есептеу әдістері. «70 ережесі» шамасы.
-
Инфляциялық күтімдер. Фишер әсері. Атаулы және нақты пайыз мөлшерлемесі.
-
Инфляцияның монетарлық және монетарлық емес концепциялары.
-
Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары. Инфляциялық салық. Оливер-Танзи әсері.
-
Филлипс қисығы. Қысқа және ұзақ мерзімдегі инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы. Стагфляция және сламфляция.
-
Инфляцияға қарсы саясат. «Естен тандыру» терапиясы және градуализм.
-
Экономикалық цикл: мәні, фазалары, пайда болу себептері.
-
Экономикалық циклдің көрсеткіштері мен параметрлері.
-
Экономикалық циклдің түрлері мен ұзақтылығы: қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді циклдер (Н. Кондратьевтің «ұзын толқындары»).
-
Циклдік толқулардың таралу механизмдері. Мультипликатор-акселератор әсері (Самуэльсон-Хикс үлгісі).
-
Экономикалық циклдерді реттеудегі мемлекеттің рөлі.
-
Экономикалық циклдың казіргі теориялық тұжырымдамалары.
-
Экономикалық циклдердің негізгі ерекшеліктері.
-
Экономикалық дағдарыстардың түрлері.
-
Экономикалық өсу: түсінігі, көрсеткіштері, тұрпаттары, факторлары, нәтижелері.
-
Экономикалық өсудің графикалық сипаттамасы. ҒТП.
-
Экономикалық өсудің неокейнсиандық үлгілері. Е. Домар үлгісі.
-
Экономикалық өсудің неокейнсиандық үлгілері. Р. Харрод үлгісі.
-
Р. Солоудың экономикалық өсу үлгісі.
-
Э. Фелпстің қорланудың «алтын ережесі» моделі.
-
Экономикалық өсудің эндогендік үлгілері.
-
«Жаңа экономика» және өсудің мәселелері.
-
Ашық экономика: түсінігі, әртүрлілігі.
-
Ашық экономиканың құрамдас бөліктері мен көрсеткіштері.
-
Макроэкономикалық тепе-теңдік: түсінігі, нысандары, шарттары.
-
Ішкі және сыртқы тепе-теңдік.
-
Ашық экономикадағы Мандель-Флеминг үлгісі.
-
Манделл-Флеминг үлгісіндегі макроэкономикалық саясат нәтижелері.
-
Ашық экономикадағы мультипликатор әсері.
-
Меркантилистер мен физикраттардың халықаралық сауда концепциялары.
-
Сыртқы сауданың қажеттілігі.
-
Халықаралық сауданың классикалық теориясы. А. Смиттің абсолюттік артықшылықтар теориясы.
-
Халықаралық сауданың классикалық теориясы. Д. Рикардоның салыстырмалы артықшылықтар теориясы.
-
Дж.Ст. Милльдің халықаралық сауда теориясы.
-
Салыстырмалы артықшылықтар теориясын жұмылдыру: Хекшер-Олин теориясы, Леонтьев оғаштығы, Рыбчинский теориясы – «Голланд ауруы».
-
М. Портердің халықаралық бәсекелестік теориясы.
-
Әлемдік нарықтағы сұраныс пен ұсыныс, бағалардың тепе-теңдік деңгейі. Сыртқы сауда ұтымы.
-
Тарифтер теориясы және мемлекеттің екі саясаты: протекционизм және еркін сауда (фритредерстік).
-
Протекционизм мен еркін сауданың артықшылықтары мен кемшіліктері.
-
Сыртқы саудадағы тарифтік және тарифтік емес шектеулер: тиімділіктер мен жоғалтуларды талдау.
-
Төлем балансы: макроэкономикалық мәні, негізгі баптары және құрылымы.
-
Төлем балансын мемлекеттік реттеу.
-
Макроэкономикалық саясаттың төлем балансының жағдайына әсер етуі.
-
Төлем балансының тапшылығы мен дағдарысы және оны қаржыландыру жолдары.
-
Валюта, оның түрлері және айырбасталынуы.
-
Валюталық нарық. Валютаның айырбас бағамдары, тұрпаттары және олардың динамикасы.
-
Айырбас бағамының жүйесі. Тіркелген және құбылмалы валюта бағамдары. Девальвация және ревальвация. «Джей-қисық».
-
Сатып алушылық қабілетінің паритеті.