- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •1.6. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •1.7. Пәнді оқытудың міндеті:
- •1.8.Тапсырмалардың түрлері және оларды орындау мерзімі
- •1.9. Тапсырмаларды орындауға ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •1.10. Студенттердің білімін бағалау жүйесі
- •Аралық аттестацияға арналған сұрақтар
- •1.11 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1. Сабақ түрлері бойынша сағат бөлу
- •Қазақ елінің тарихы
- •XX ғасырдың I жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдай
- •Көптік жалғаулары (Множественные окончания)
- •Қазақстан – Ұлы Отан соғысында
- •Хх ғасырдың іі жартысындағы Қазақстан
- •Етістіктің өткен шақ категориясы ( Категория глагола прошедшего времени)
- •Тіл тағдыры – ел тағдыры
- •Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
- •(А. Байтұрсынов)
- •(Б. Момышұлы)
- •Етістіктің осы шақ категориясы (Категория настоящего времени глагола)
- •Қазақ тіліндегі модаль сөздер (Модальные слова в казахском языке)
- •Қазақ елінің хандары
- •Үш жүздің басын біріктірген хан – Абылай
- •Етістік (Глагол)
- •Етістік тудыратын жұрнақтар (Словообразующие суффиксы глаголов)
- •Көмекші есімдер (Служебные имена)
- •Кіші жүз әскерінің
- •Жіктік жалғаулары (Личные окончания)
- •Септік жалғаулары (Падежные окончания)
- •2 Апта. 6-тәжірибелік сабақ
- •Қазақ хандығының негізін
- •Тәуелдік категориясы (Категория притяжательности)
- •Тәуелдік екі түрлі болады:
- •1. Оңаша тәуелдену; 2. Ортақ тәуелдену.
- •Тәуелдену (Образование формы притяжательности) Оңаша тәуелдену (Формы личной притяжательности)
- •Қазақ халқының көсемдері
- •Етістіктің рай категориясы (Категория наклонения глагола)
- •Қазақ халқының атақты шешені – Қаз дауысты Қазыбек би (1667 – 1764)
- •Қалау рай (Желательное наклонение)
- •Бұйрық рай (Повелительное наклонение)
- •3 Апта. 9-тәжірибелік сабақ
- •Әйтеке би (1683-1722) Бас басыңа би болсаң,
- •Қазақ тіліндегі сөздердің орын тәртібі (Порядок слов в казахском языке)
- •Қазақ халқының шешендік өнері
- •Ел қорғаны – батырлар. Ел қорғаған – ер бабам
- •Халық батыры – Қабанбай (1703-1781)
- •Сын есім (Имя прилагательное)
- •Жоңғар басқыншылығында даңқы шыққан батыр – Райымбек (1705-?)
- •Сапалық сын есімдер (Качественные прилагательные)
- •Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы – Бауыржан Момышұлы (1910-1982)
- •Дауыссыз дыбыстардың үндесуі, дыбыс үндестігі (Ассимиляция)
- •Ілгерінді ықпал
- •Ұлы ғалым, ойшыл – Әбу Насыр әл-Фараби
- •Түркі халқының ұлы ақыны, діни поэзияның негізін салушы – Қожа Ахмет Яссауи ( ?-1166)
- •Тұрлаусыз мүшелер Анықтауыш (Определение)
- •Мен Әміредей әншіні сирек кездестірдім. (Анри Барбюс)
- •(А. В. Луначарский)
- •(Ромен Роллан)
- •Қазақ хандықтарының тарихнамасы – Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551)
- •Хх ғасырдың басындағы алты алаштың арыстары
- •Ахмет Байтұрсынов – қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы, ірі тюрколог (1873-1973)
- •Толықтауыш (Дополнение)
- •Ұланым, қорғаным, сен Алаш! Жолыңа құрбандық, мал мен бас,
- •( Ж. Аймауытов)
- •Ашық буын (Открытый слог)
- •Тұйық буын (Полузакрытый слог)
- •Бітеу буын (Закрытый слог)
- •Сан есімнің түрлері:
- •«Алаш» партиясын ұйымдастырушы, Қазақ автономиялы Республикасының тұңғыш төрағасы – Әлихан Бөкейханов (1870-1937)
- •Қазақ хандығының бірінші астанасы – Түркістан қаласы
- •Есептік, болжалдық, бөлшектік сан есімдері
- •Ұлы Жібек жолында орналасқан ортағасырлық ірі қалалардың бірі – Отырар
- •Дауыссыз дыбыстар (Согласные звуки )
- •1. Қатаң дауыссыздары:
- •2. Ұяң дауыссыздары:
- •3. Үнді дауыссыздары:
- •Дауысты дыбыстардың бөлінуі (Классификация гласных звуков)
- •Алматы – ғылымның, мәдениеттің орталығы, Қазақстан Республикасының оңтүстік астанасы
- •Кеңес заманындағы ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқан ғалымдар
- •Көсемше (Деепричастие)
- •Қаныш Сәтбаев – ғалым-геолог
- •Есімше, оның жасалу жолдары
- •6. Мақал-мәтелдерді жаттап, олардың мағынасын түсіндіріңіздер. Есімшенің жұрнақтарын ажыратыңыздар.
- •7. Төмендегі сөздерге берілген жұрнақтарды қосып жазып, есімше жасаңыздар.
- •Мемлекет және қоғам қайраткері, академик –
- •Етіс категориясы
- •Ғылымының негізін салушы – Ақжан Машанов
- •Ортақ, ырықсыз етіс категориялары
- •Ұстазым Ақжан әл-Машанидың 100 жылдық мерейтойына арнау
- •Аймағанбетұлы Байқоңыров (1912-1980)
- •Қазақстанның мәдениеті, өнері, спорты
- •Қазақ халқының ұлттық музыкалық дәстүрі
- •Күшейтпелі шырай (Усилительная степень)
- •Асырмалы шырай (Превосходная степень)
- •Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театры
- •Есімдік (Жіктеу, белгісіздік)
- •Бауырлар
- •Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы
- •ҚазҰту – ғылым, білім ордасы
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті – еліміздің алғашқы жоғары техникалық оқу орны. Қ.И.Сәтбаев және ҚазҰту
- •Қ.И.Сәтбаев және Қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің тарих беттерінен: ізденістер мен жетістіктер
- •Тұйық етістік (Инфинитив)
- •Салт және сабақты етістіктер (Непереходные и переходные глаголы)
- •ҚазҰту – бүгінде ғылым мен білімнің бірегей орталығы
- •Тарих беттерінен: Әшір Бүркітбаев – тұңғыш ректор. ҚазҰту ректорлары. Ә.Ермеков – халықтың қалаулы ұлы
- •Еліктеуіш сөздер (Подражательные слова)
- •Ермеков Әлімхан Әбеуұлы – халықтың қалаулы ұлы
- •Қазақстанның тәуелсіздік шежіресі
- •Тәуелсіздік – қазақ халқының сан ғасырлық арманы. Тәуелсіздікке қол жеткізу шежіресі: цифрлар мен фактілер
- •Үстеу. Үстеудің түрлері
- •Мезгіл үстеулері (Наречия времени)
- •Күшейткіш үстеулері (Наречия усилительные)
- •«Тәуелсіздік», «Қазақ елі» монументтері, «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші
- •Мекен, мақсат, себеп-салдар үстеулері
- •1. Мекен үстеулері: 2. Себеп-салдар үстеулері:
- •3. Мақсат үстеулері: 4. Сын-бейне үстеулері:
- •Желтоқсан шындығын ашқан халық жанашыры – Мұхтар Шаханов
- •Халық қаһарманы – Қайрат Рысқұлбеков
- •Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстанның тұңғыш Президенті
- •1. Топтау үстеуі: 2. Мөлшер үстеуі:
- •Өркениетке өрлеу жолында
- •Қазақстанның мәдени және табиғи ескерткіштері. «Алтын адам»
- •Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
- •Елдің де, тілдің де тірегі – жастар. Намыс туын желбіретуге жол ашқан да – жастар
- •Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
- •1. Қимыл-сын бағыныңқылы: 2. Себеп бағыныңқылы:
- •1. Қарсылықты бағыныңқылы 2. Шартты бағыныңқылы
- •Қазақстанның экологиялық мәселелері
- •Қазақстандағы экологиялық аймақтар. Әлемдік экологиялық проблемалар
- •Ыңғайлас жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер
- •Әлемдік экологиялық проблемалар
- •Себеп-салдар жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер
- •Тазалықты
- •Қазіргі экологиялық жағдайлар. Арал экологиясы. Алматы қаласының экологиясы
- •Қарсылықты жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер
- •1. Қарсылықты салалас : 2. Кезектес салалас:
- •3. Ыңғайлас салалас: 4. Себеп- салдар салалас:
- •1. Ыңғайлас СалаласҚұрмалас сөйлемдердің түрлері:
- •2.Қарсылықты
- •3. Кезектес
- •4. Себеп-салдар
- •Салалас
- •Құрмалас
- •Сөйлемдердің
- •Түрлері:
- •5. Талғаулықты
- •5. Талғаулықты
- •Халқын сүйген – салтын сүйер
- •Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдер
- •Бала тәрбиесіндегі халық даналығы, салт-дәстүрлер. Ораза, құрбан айттарының тәрбиелік мәні
- •Ораза, құрбан айттарының тәрбиелік мәні
- •III. Аралық бақылау жұмысы.
- •2.2. Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •23. Қожа Ахмет Яссауи өзінің «Диуани Хикмат» атты көлемді
- •29. Ортағасырлық ірі Отырар қаласына қандай баға, несі үшін
- •30. Ұлы м. Әуезовтің әдеби, ғылыми мұрасының алтын екі діңгегі
- •Өздік бақылау жұмыстарының жауаптары:
ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS
Оқытушылар туралы мәліметтер:
Сабақ жүргізетін оқытушылар: Тұрсынова Г.Т. – п.ғ.к., доцент,
тегі, аты, әкесінің аты
Шүленбаева Ұ.Р. – ф.ғ.к., доцент, Садақбаев Т.Т. – ф.ғ.к., доцент,
Өмірбеков А.Ә. – аға оқытушы
Байланыс түрі 257-71-82, 257-72-70 .
телефон, E-mail
Кафедрада болатын уақыты БОҒ, кафедра 610, 612 .
аудитория, уақыты
1.2 Пән туралы мәліметтер:
Пән атауы Қазақ тілі .
Кредит саны 3 .
Өткізу орны Бас оқу ғимараты
Оқу жоспарының көшірмесі
Курс |
Семестр |
Кредиттер |
1 аптадағы академиялық сағаттар | ||||
Тәжірибелік/ семин. сабақт. |
СӨЖ* |
СОӨЖ* |
Барлығы, 1 аптадағы академ. сағаттар |
Бақылау түрі | |||
1 |
1-2 |
3 |
3 |
3 |
3 |
9 |
Емтихан |
1.3. Пререквизиттері: Жоғары техникалық оқу орындарының студенттеріне арналған «Қазақ тілі» пәні бойынша жазылған кешен олардың орта мектептегі тіл туралы алған білімдерін одан әрі толықтырады. Студенттерге Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т.б. тереңірек білуге бағыттап оқытады. Бұл пәнді оқу арқылы, Қазақстанның қалыптасу тарихын, елін, жерін қорғаған хандар мен батырларының, көсемдер мен сөз шеберлері билердің, алты алаш арыстарының ғылым, білімді дамытуға қосқан үлестерін меңгереді және мамандықтарына сай кәсіби тілді болашақта қатынас құралы ретінде игеріп шығады.
1.4.Постреквизиттері: Жоғары техникалық оқу орындарының барлық мамандықтарына арналған қажетті пәндерді, мемлекеттік тілді орыс тілді бөлім студенттеріне оқыту негізінде, оның қатысымдық жағын күшейтіп, ұлтаралық қатысым құралына айналдыру талабына баса назар аударылу керек. Кешенді қатынас құралы ретінде жан-жақты меңгерген студент осы пәннен алған білімін болашақ еңбек жолында кәсіби-іскери бағытта толық пайдалана алады.
1.5. Пәннің мазмұны: Соңғы жылдарда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, оны дамытудың әр қырынан қамтылған көптеген шаралары көрсетіліп, оның іс жүзіндегі пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту жолдары қарастырылған бағдарламалары жасалып, іске асырылуда. Бұл оқу үрдісіндегі кезек күттірмейтін міндеттердің бірі.
Жаңа ғасырдағы жаңа ағымдарға сай талаптар бойынша, білікті мамандар даярлау, оқытудың сапасын халықаралық дәрежеге көтеру, кәсіби мамандықтарға бағытталған білім беру үшін, жаңа технологияны пайдаланып, кредиттік жүйемен оқытуға ерекше назар аударылуда. Бұл арада студенттерге мәтінмен жұмыс істетуді дағдыландырудың қажеттілігі туады. Тіршіліктегі барлық пайдалы, қажетті мағлұматтарды тек мәтін арқылы алады.
Пәнді оқып, меңгерулері және аталған талаптардан шығулары үшін студенттер мыналарды білулері қажет:
Қазақстанның, қазақ елінің даму жолдарын, тарихын;
Қазақ халқының XX ғасырдың I, II жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдайын;
Қазақстанның мемлекеттік тілін;
Қазақ хандығының негізін қалаған, қолбасшылық жасаған хандарының тарихтағы орнын;
Қазақ халқының сөз шеберлері, көсемдері, билері жайлы;
Ел қорғаған халық батырлары, Кеңес Одағы батырларының ерлік істерін;
Ұлы ғалым, ойшылдары жайлы;
Қазақ тілі мен әдебиетін қалыптастырушы алты алаш арыстарының ғылымды дамыту жолдарын;
Қазақстанның тарихи қалаларының тарихын;
Қазақстанның астаналарының тарихын;
Кеңес заманындағы ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқан ғалымдардың шығармашылығын;
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың тарих беттерінен тарихи деректерді;
Қазақстанның тәуелсіздік шежіресін ;
Қазақстанның тұңғыш Президентінің өмір жолын;
Қазақстанның табиғи және мәдени ескерткіштерін;
Қазақстанның экологиялық мәселелерін;
Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын және т.б. көптеген мәліметтерді.