Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

90

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
9.48 Mб
Скачать

Ж.Е. Мырзабеков және т.б.

Поэмада көтерген негізгі мәселелер – қиын­ шылықты мойымай жеңу, бір-біріне мейі­ рімділікпен қарау, өмірде өз орныңды табу, жаман әрекеттерден тазару. Яғни жүректі жаман әрекеттерден тазарту. Яғни, «жүрек жаман әрекеттерден тазарғанда ғана, Аллаға жақындай түседі» дейді М.Х. Дулати. Жүректегі Алла деп отырғаны, әр адамның ар-ұяты, санасы. Оның пікірінше, имандылық дегеніміз – адам мен адамды жақындастыратын, жақсыға үйір, жаман әрекеттер жасамау.

Поэманың негізгі өзегі қаһармандардың ер­ лігі, батырлық қимылдары, ел басынан өткен­ тарихи оқиғалар, сондай-ақ, халықты бірлікке­ шақыру болып табылады. Және де, бұл шы­ ғарманыхалықтыңтарихисанасыменкөркемдік ой-пікірі дамуының жемісі деуге болады.

Түркіжұртынаортақойшыл,ұлттықтарихтың негізін салушы Мұхаммед Хайдар Дулатидің атақты қолбасшы, мемлекет қайраткері, тарихшы, ақын ретіндегі ұлттық руханиятымызды дамытуға зор еңбек сіңіргені зерделенуде. Бұл турасында ортағасырлық еңбектерде де, өткен ғасыр зерттеулерінде айтылып өтеді. Жаһандық маңызы бар «Тузуки Жаһангири» атты кітапта: «Кaшмиpдi Дyлaти билeгeн тұcтa бұл өлкeдe көптeгeн өнep шeбepлepi күн кeштi. Oлap мyзыкa caлacындa шeбepлiк тaнытты. Oлapдың лютнялapы (iшeктi acпaп), цимбaлдapы, apфa­ лapы (ұзыншa үшкiлдeнiп жacaлғaн caycaқпeн

тapтaтынiшeктiacпaп),флeйтaлapы(cыpнaй)coл

тұcтa көпкe тaнымaл eдi. Бұpын кaшмиpлiктepдe лютняның бip-aқ түpi бoлaтын. Әдeттe oлap әндi үндi мyзыкacының үлгiлepiнe ұқcaтып, Кaшмиp тiлiндe xopмeн aйтaтын. Кaшмиpлiктep қoл жeткiзгeн жeтicтiктepi үшiн cөз жoқ Мыpзa Xaйдapғa көп қapыздap» (Бейсембиев, 1990:33) – дeлiнce, үндi тapиxшыcы P.К. Пapмy

да Үндістанды билеген тұстағы ел басқару жүйесіне көптеген өзгерістер жасағандығын, қала мәдениетін арттыруда дербес қолтаңбасын қалдырғандығын, әсіресе, сәулет, бейнелеу­ өнерінің тылсым сырларына құштар болып, елдің әскери жағдайымен қатар дамытып оты­ рудағы қырағылығын жоғары бағалайды.

Ұлттық құндылығымызға негіз болып табылатын тарихи тұлғаларымыздың тағылымдық мұраларының алдыңғы шоғырында М.Х. Дула­ тидің шығармаларының да аталуы заңды. Түркі тілдес халықтарға ортақ тарихты баяндай отырып, өмірді, адамды сүюден бастау алып, жастарды ұлтжандылыққа, Отанды қорғау, ерлік пен батырлықты дәріптеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеуге, адамгершілік асыл қасиеттерді

насихаттауға, сана-сезімді жетілдіріп, ұлттық рухты көтеруге бағытталған.

Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати – тек түркі дүниесіне ғана емес, Орта Азия әлеміне әйгілі, шығыс мәдениетіне өзіндік үлес қосып, із қалдырған әрі өнер әрі мемлекет қайрат­ кері. Атақты ғұламаның өмірі де өте қиын жағдайда өтіп, көптеген шым-шытырық тарихи оқиғалармен тұспа-тұс келді. Осы тұрғыда белгілі ғалым Ж. Молдабеков былай деп ой түйеді: «Оның өміріндегі жетістіктер мен жа­ ңалықтар кездейсоқ та, өздігінен де келген жоқ. Олар жорықтағы табан-тірес пен бітімбірлестіктің нәтижесі еді. Замандастары оның батылдығын, тапқырлығын, зейінділігін, байып­ тылығын және т.б. қасиеттерін қызыға, құрмет­ теп атаған. Қазіргі ұрпақтары мырза Мұхаммед­ Хайдар Дулатиді ақын-әдебиетші, тарихшы, ғалым, ойшыл, қоғам және мемлекет қайраткері деп марапаттайды» (Молдабеков, 2000:74).

Туған бабамыздың көрнекті тұлғасы мен қайраткерлікболмысығалымдарназарынбірден аударып, бірқатар сүбелі зерттеулердің нысанынаайналуда.Осытұрғыданалғандаұлыбабаның «Тарих-и Рашиди» атты шығармасы әрі тарихи әріэнциклопедиялықтуындыретіндебағаланып, мәдени мәні таразылануда. Аталмыш еңбектің туған халқымыздың төл тарихы мен рухани кеңістігіндегі орны да ерекше. Түркі өркениеті болмысына қатысты терең ойлар түйінделіп, сабақтаса тұжырымдалатын шығарма ұлы ойшылдың терең білімі мен таным түсінігін айқын көрсетіп береді. Бұл туындының терең мазмұны кімді болмасын бірден қызықтырып, айтылатын идеялардың тарихи-философиялық мағынасы неде деген сауал толғандырады.

Мұхаммед Хайдар Дулати бар сенімі мен білімін сарқа жұмсап, өзі дін хақ жолындағы тарихының танымдық-тәрбиелік маңызы уақыт өткен сайын арта беретіні даусыз. Өйткені жастайынан жетім қалып, ұлы Бабыр тәрбиесінде болып, жауынгерлік өмірдің ыстығы мен суығынбасынанкешіргенойшылеңбегіндеөмір атты ғаламның тіршілік түйткілдері таразыланып,шынайымазмұндалады.Әсіресе,жекебасы мен билік мүддесі үшін қайсыбір қатыгездіктен тайынбайтын адамдармен күресе жүріп, өзінөзі тәрбиеледі. Жас мырзаның келбеті мен көзқарасы ХІV-ХV ғасырларда мемлекетаралық шиеліністер мен ұлттық дүрдараздың алдыңғы шебінде қалыптасып, көзқарасы туған жердің тағдырымен, табиғаттың шындығында шың­ далды, тарихи оқиғаларда нақтыланды. Әйтсе де, рухани мұратты барлығынан жоғары қоя

11

М.Х. Дулати шығармашылығындағы ұлттық тарих философиясын зерделеудің концептуалдық негіздері

білген қайраткер әрбір оқиғаға терең тарихи таным түсінігімен қарап, бағалап, кешіріммен қарай білді: Мұны Дулатидің өз сөзімен келтіре кетсек:

«Олардың қатыгездігінің шегіне жеткені соншалық,егердеменің«Хайдар»(Ержүрек)деген атымның мәнін ұғынатын болса (мен де өмір бар деген) әрине менің қамымды жеп, өздеріне өлім тілеген болар еді. Өлең: Сен жұмаққа бет алсаң, соңына ертіп халықты, кейбіреулер сен үшін дайындайды тамұқты.

Бірақ менің олар хақындағы ойым былай: Сенің шерің һәм құсаң – уайым-қамым

ол менің, қаталдықтың өзімен сүйеу болып келгенің. Көзің түсті – мен үшін соның өзі зор бақыт, «бұл да менің тұтқаным» деп білгейсің бір уақыт (Дулати, 2003: 41).

Жас мырза өзінше ізденуден, үйренуден тайынбайды, келбетті де қайсар тұлғалардың мәр­ тебесін жан-тәнімен қызықтап, үлгі-өнеге тұтты. Тарихтолғанкүрес,өмірдесол.Өмірдегікүресте адамның қабілет-қасиеті сынға түседі, пікірталастар өрбитінін ескерсек, адам болмысының соған сай қалыптасып, ойшылдық қабілетінің артатыны сөзсіз.

Мырза Мұхаммед Хайдардың түрік өрке­ ниетіне қосқан үлесі ерекше зор, Орталық Азияның, кейін Кашмир алқабының сол кездегі шаруашылығын, сауда-саттығын, мәдениетін жетілдірудеерекшеқызмететті.Оныңқаламына мал мен егін шаруашылығы, көшпелілік пен отаршылық, дала мен қала, өнер мәселелері жиі ілігіп, ондағы түрлі әлеуметтік топтар сараланып бағаланды. Әсіресе, ұлы қазақ хандарының болмысы, адамның кісілік қасиеттеріне қатысты терең ойлар айтылады. Сөздің мәнін түсініп, тоқтай білу, қайсыбір мәселені болмасын ақыл көрігіне салып, таразылау, сабырмен шешу т.б. жайттар қозғалады: Мысалы:

«Кімнің қандай дауы бар ақылменен шеш­ сеңіз, Кілтін таппай, тіл таппай, соғысатын кешеңіз»! – деген тоқтамның адам өміріндегі орны ерекше туындады. Осындай аталы сөзге тоқтай білмегендер өзінен де, ортадан да сүйеу таппай, көлеңкедей құбылды. Тек оқшау үстемдік ету саясаты мен күш көрсету тәртібі дағдыға айналды. Қара күшіне сенгендер аразд­ ықта өз пайдасын күйттейтіндердің, зұлым­ дықты жанындай жақсы көретіндердің заманы болды, қоздырды. Олар қастасумен талайға тор салды, жамандық пен өзімшілдікке бұрылды, көз тіккенді жанышқылаудан тайынбады. Бәрі де ел тоздыратын бүліктер, жүйке жұқартатын жіңішке тірліктер.

М.Х.Дулати–өзітектітұқымнаншыққанына қарамастан, бақталастық, күндестік азабынан қуғынға ұшырап, жақсы адамдардың шарапатынан ғана оған тірі қалу бақыты бұйырған. Бұл туралы өз еңбектерінде әлденеше рет толғанып, талай рет өмір жолындағы жайсаң жандар жақсылығын тәптіштеп айтып отырады. «Хайдар» деген сөздің өзі ержүрек, батыл деген ұғымды білдіреді. Қаншама рет тағдыр қыспағына түссе де, еш мойымай, өз-өзін шыңдап, тарихи-көркемдік ойлаудың биігіне көтеріліп, берері көп, бүгініміз үшін өте қажетті шығармалар жазып қалдырған М.Х. Дулати жеке басының емес, ел мүддесін ойлады, ар, абырой дегендерді бәрінен жоғары қоя білді. Қашанда әскербасымын деп кеудесін көтермей, жауынгерлермен бірге болып, жалпы халықтың тұрмысы мен жай-күйіне қанықты. Қарапайым адамдарменжоғарытопөкілдерініңарасындағы қарым-қатынас жасау мәдениетінің өзіндік ерекшеліктерін зерделеді.

Яғни, Орта Азияда тұратын бірқатар мемлекеттер мен халықтардың екі ғасырға жуық тарихидамужолынбаяндайотырып,солкезеңдердегі қоғамдық-әлеуметтік ахуалға баға береді, тарихтың негізгі жасаушысы ретіндегі адамның маңызды секірістері мен тарихи іс-әрекеттерін сипаттайотырып,адамдықболмысына,адамгер­ шілік құндылықтар жүйесіне байланысты сүбелі пәлсапалық ойлар қорытындылайды. Осы себептіде,бүгінгіқоғамдаМұхаммедХайдарДулати – тарих философиясының негізін қалаушы екендігі дәйектелуде. Биліктің жоқтығы қоғамда әлеуметтік тәртіптің жойылып, ел арасында араздық пен ылаңның күшеюіне, қан төгіске әкеліпсоғуымүмкінекенінжақсыбілгенМ.Х.Ду- лати«Тарих-иРашиди»шығармасындамынадай жолдармен нақтылана түседі: «егер бұйрығына бағынуды барлық тұрғындары міндетті деп мойындайтын және оның жарлықтарын орындаудан бас тартпайтын билеуші болмаса, онда кез келген елдің тәртібі мен тіршілігінің сөзсіз шырқы бұзылады»:

Билеусіз жаһан бассыз тәнмен тең, Бассыз тән жолда жатқан шаңмен тең

(Дулати 2003: 57).

Сонымен, М.Х. Дулати қоғамда мемлекеттік биліктің болуын, ал өз кезеңінде халықтың сол билікті мойындап, оған бағынуын мемлекет тіршілігінің алғы-шарты ретінде қарастырады. М.Х.Дулатиөзініңмұндайтереңфилософиялық тұжырымдарын өзінің шығармаларында нақты

12

Ж.Е. Мырзабеков және т.б.

тарихидеректерменнегіздейотырып,өзойының дәйектілігін көрсетіп береді.

Биліктің ізгі мақсаты – елдің тыныштығы мен әл-ауқатының артуы, әділеттіліктің орын алып, қоғамның өркендеп гүлденуі. Ол үшін адамдар арасында келісім, бірлік, достық пен ынтымақтастықболуықажет.М.Х.Дулатиөзінің шығармасында тарихи тұлғалар арасындағы келісімге, достық пен бірлікке айрықша мән бере отырып суреттейді. Мәселен, әмір Хұсейін мен ұлы мәртебелі Сайыпқыранның өзара қатынасына тоқтала келіп ол былай деп жазады: «Олар... келісім арқауын уәделерімен және анттарымен бекітті және бұрынғы достық пен адалдықты іс-қимылдарының бірлігімен және келісімімен толықтырды.

М.Х. Дулатидің «Хақ жолындағылар тарихы» немесе «Тарихи Рашиди» еңбегінде туған жер ұғымы өте қымбат мазмұнда жырланады. Туған халқына деген асқақ сезімі, ерекше ынтызарлығы, осы туған жер, халық қамы үшін алаңдап, болашақ жастарымызды батырлыққа, ерлікке баулуды арман еткен мақсат-мұраттары беріліп, ұрпаққа аманаттауы сезіледі. Кітаптың әрбір жолында батырлық ұғымы бой көрсетіп отырады. Жауға қанша қатыгез болсаң да, бауырларыңментуғанхалқыңүшінсоншалықты мейірімді болу қажеттігін ұғындырады. Қатал қолбасшы, қырағы әскербасы, жауын аямайтын М.Х. Дулати өз кезегінде айналасындағыларға қамқор, мейірімін аямайтын жан екендігін байқаймыз. Бұл турасында көптеген зерттеуші ғалымдар да айтып өткен.

Жаһандық дамудың бәсекесінде түркілер әлемдік мәдениетті дамытуда орасан үлеске ие екендігі нақты дәлелденді. Жалпыадамзаттық философия секілді қазақ философиясы рухани өміршындығымензаңдылықтарынанегізделеді. Осы тұрғыда, М.Х. Дулати секілді ұлы ғұлама тұжырымдары тәуелсіз еліміздің руханиятында ерекшемән-маңызбенқажеттіліккеие.Олардың әрбірін жан-жақты талдап, түйсіндіру – рухани дамуға жаңаша міндеттер белгілеп, жаңаша бағдарларын белгілеуге мүмкіндіктер береді.

Әлемдіктарихқажүзжүгіртіпқарапотырсақ, көптеген халық, ұлт небір замандар ықылымы­ нан жер бетінен мүлде жойылып кеткендігін көреміз. Жоғарыда айтып өткеніміздей, ұлттық тарихтыңжолытымауыр,қилыкезеңдергетолы болған. Десек те, «сындарлы кезеңдерде тағдыр талқысына қанша ұшыраса да, әлемдік философияда, мәдениет көшінің қатарынан қалмай, өзіндік бет-бейнесін таныта білген қазақ философиясы, мәдениеті бүгінгі таңда да, өзінің

өміршеңдігін танытып отыр» (Омаров, 2003: 187).

Қазіргі уақытта мәдениеттер сабақтастығы ерекше белең алуда. Дүние жүзінде қанша халық бар болса, сонша мәдениет бар. Ал, жалпыадамзаттық өркениет – осындай дербес мәдениеттердің өзара жиыны, біртұтастығы. Осындай көзқарас тұрғысынан алып қарағанда, жеке ұлттық немесе халықтық мәдениеттер сабақтастығы ретінде бағалау – өте ұғынықты. Өйткені,жаңағасырдадербесқасиеткеиемәдени құрылымдардың құндылығы мен тарихтағы тең үлесі айтылып, антогонизм жайымен әлсіреуде. Әрине, соңғы уақыттағы ғылыми-техникалық даму, жоғары технологиялар – ғылым мен білім­ нің негізгі көрсеткішіне саналып, Батыс пен Шығыс мәдениетінің өзіндік даралық қасиетт­ ерін араластырып жіберді. Бірқатар, дамудың көшбасындағы елдерде даму дүмпуінің болуына да осы жағдай өз әсерін тигізгені жасырын емес. Осы себепті де, мәдениет пен өркениетке қатысты бүгінгі көзқарастар мен пікірлер өзара тоғысып жатыр. Ең бастысы, әрбір ел, халық өзінің ұлттық болмысын негіздеуге, мәдениетін ұлттық құндылықтар жүйесінде зерделеуге сол арқылы әлемдік өркениеттегі өз орнын нақтылауға ұмтылуда.

Бүгінде тұлғаның қоғамдық болмысы, яғни дамуының да басты көрсеткішіне өркениетпен қатар айқындалу үрдісі саналады. Бұл өте дұрыс бағыт, өйткені, еліміздегі әрбір адам өз дамуында рухани қажеттіліктерін дұрыс таразылап, рухани тыныстауын ұлттық құндылықтар жүйесімен сабақтастықта жүзеге асыруы шарт.

Әрбір ел, жеке мемлекет өз дамуында тек экономикалық-саясиемес,руханиөрлеуіарқылы әлемдік орнын белгілей алады. Жетпіс жылдан астам уақыт бодандық қамытында болған еліміздің рухани дамуда жоғалтқаны көп. Осындай олқылықтардың орнын толтыру сындарлы саясаттың негізіне саналып, көптеген реформалар мен бағдарламалық жұмыстар атқарылды. Дегенмен, мәдениеттер арасындағы сабақтастық барысында Батысқа тым көп еліктеудің салдарынан бірқатар мәселелердің алға тартылып отырғаны да анық. Әсіресе, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне ерекше ыждаһаттылықпен қарауды талап етуде. Халқымыздың қанына сіңген жалтақтығы да, өзіміздің ұлттық негізімізден басқа ұлттың мәдениетін тым артық бағалау үрдісі де ұлттық тұғырымыздың өз дәрежесінде бекімей отырғанына әсерін тигізуде. Ака-

демик,

философия ғылымдарының докто-

ры, Ғ.

Есімнің ұйғаруынша «Ұлтшылдықтың

13

М.Х. Дулати шығармашылығындағы ұлттық тарих философиясын зерделеудің концептуалдық негіздері

мaзмұны өpкeниeттiк iздeнicтep apқылы aйқын­ дaлaтынын» (Есім, 2000:13) ескерсек, әрбір рухани зерттеуіміз ұлттық өркениеттің даму көкжиегін кеңейтіп, адамзаттың қарым-қатынас жасау мәдениетін арттыруға, саналық дамуына терең әсерін тигізетіні анық.

Қорытынды

ҚазіргіуақыттаҚазақстанәлемніңеңдамыған отыз елінің қатарына ену үшін жаңа міндеттер белгілеп, саяси-экономикалық, мәдени дамудың тың бағдарларын белгілеуде. Елімізде жүз елуден асатын түрлі ұлттар мен ұлыстар өзара қарым-қатынаста, бейбіт өмір сүруде. Әрине, соңғы уақыттарда ұлттар арасындағы бірқатар қақтығыстардың болғандығы да жасырын емес. Дегенмен, бәрі де мемлекетаралық деңгейде сәтті шешімін тапты. Ендігі кезекте, бұрыннан жүргізіліп келе жатқан дін, ұлттар арасындағы саясатты жалғастырумен қатар, өркениеттік ізденістерді енгізу қажет. Тәуелсіздіктің екінші онжылдығында басқа діндердің ықпалы өте күшті болғаны да жасырын емес. Бүгінде, жастардың діни сенімдері орнығып, жалпы дін мәселесі қатаң қадағалануда. Бұл да өз кезегінде елімізде жүргізілген болашақты бағдарлауда өткеннің ұлағатын ескеру, рухани жаңғырудың нәтижесі. Осы орайда, түркі дүниесінің мәдениет, тіл мен ғылымның жоғары деңгейін айқындайтынжазбаескерткіштеркөп.Солардың қатарындаМ.Х.Дулатишығармашылығыныңда бүгінгі өркениеттік сананы қалыптастыру мен дамытудағы маңызы ерекше. Әсіресе, ұлттық тарих философиясын ғылыми негіздеп, өзекті мәселелерін шешуде танымдық маңызы ерекше деп білемін. Ойшыл өзінің «Тарихи Рашиди» еңбегінде алдына қойған мақсатын көрсете отырып, хақ жолындағылар тарихын баяндау арқылы, өзі өмір сүрген кезең шежіресін кейінгі ұрпаққа аманаттады. Терең ойшыл, көрнекті қайраткер, жан-жақты біліммен қаруланған М.Х. Дулати еңбектерінде адам тұлғасы мен адамгершілік толысу, мемлекетаралық

ынтымақтастықты сақтау, ұлттар арасындағы келісімнің маңыздылығы, рухани мәдениет пен өркениеттің даму деңгейін таразылау, басқа да соқталы мәселелер талданып, дүниетанымдық ойлары берілген. Олардың әрбірі өміршең қасиетке ие, өйткені, сол кезең шындығын жаза отырып, ойшыл әрбір қоғамдық кезеңнің негізгі субъектісі – адам болмысын сипаттайды, әлеуметтік мәселелерді талдап, бағалайды. Осы тұрғыдан алғанда, ұлттық мәдениетіміздің бай қазынасын саралап, кейінгіге үлгі етуде, ең алдымен өткен күндер шежіресі мен ұлағатын жан-жақты таразылап алудың, философиялық астарларын ашудың қажеттілігі бой көтереді.

Қорыта айтқанда, жаһандану жағдайындағы ұлттықфилософиямыздаұлттарменұлыстардың жеке ерекшеліктері, мәдени ұқсастықтары мен мәдениеттер диалогы өте өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Басқаша айтқанда, тәуелсіз мемлекетіміздің әлемдік тарихтағы орны, мәдениет пен өркениетке қосқан үлесі мен рөлін жаңаша, қайта ойластыру қажеттілігі туындауда. Демек, Қазақстан тарихы оның жаңаша тарихы мен жаңа шынайылықтар тұрғысынан қаралуы қажет» (Булекбаев, 2016) болуда. Әлеуметтік философияда тарих та қоғам секілді

– әлеуметтік-материалдық әлем. Осыған байланысты тарихи дамуда ұлттық ерекшеліктер сақталып, өз құндылығымен дараланып тұрады. Ұлттық тарихымыздың Геродоты саналатын М.Х. Дулати ғұламаның тарихи еңбегінің маңызын саралауда, ұлттық тарих философия­ сын зерттеудің басты негіздерін айқындап алған жөн. Яғни, «Хақ жолындағылар тарихы» деп аталатын ұлы еңбегінде ойшыл ұлы хандар, олардың адамдық қасиеттері арқылы тарихи даму барысын сипаттайды. Демек, ұлттық тарихымызды философиялық зерттеуде ең алдымен ұлттық құндылықтар, рухани мұралар, ұлы тұлғалар шығармашылығы негізге алынуы тиіс. Концептуалдық негіз ретінде бүгінгі дамуымызда сүбелі үлеске ие тарихи оқиғалар, тарихи тұлғалар, өткеннің салауатын дәріптеу алынуы тиіс деп ойлаймын.

Әдебиеттер

Агатай С. (1998), Қазақтың ұлттық мәдениеті. Мәдениет – халықтың мәні. Алматы, с.420. Аблеев П.В. История мировой истории. – M., 2005.

Ахметова С.О. О тюркском мире // Мысль. – 2017. №3.

Әбдезұлы Қ. (2007), Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Жаһан наме» дастанының тарихи-танымдық және көркемдік құндылығы, ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, №2, 107-111бб.

Бейсембиев Т.К. О восточных рукописях в индийских собраниях. // Известия АН КазССР. Серия общественных наук.

– 1990. №3. – С. 33-39.

14

Ж.Е. Мырзабеков және т.б.

Булекбаев С.В. Тюркский вклад в мировую культуру и цивилизации: монография. – Aлматы: BAVIS систем, 2016. – 316 с.

Гобозов И.А. Введение в философии истории. – M.: Teис, 1999. – 363 с. Дербісалиев Ә. Ислам және заман. – Алматы: Дәуір, 2003 – 560 б. Доблофер Е. Знаки и чудеса. – M., 1963. – С. 332-333.

Дулати М.Х. Тарихи Рашиди. –Aлматы: Тұран, 2003. – 614 б. Есім Ғ. Адам-Зат. –Aстана: Фолиант, 2002. – 312 б.

Ясперс К. Смысль и назначение истории. – M.: Политиздат, 1991. – 527 с. KennyAnthony.(2018), Modern dunyada felsefe. Turkey, 340 s.

Касымжанов А.Х. Стелы Кошо Цайдама. – Алматы: Printing Systems, 1998. – 113 с. Максуду Садри Тюркская история и право. – Kaзан: Фен, 2002. – С. 10.

Молдабеков Ж. Мыслитель и гуманист М.Х. Дулати. // Мысль. – 2000. №1. – С.70-74. Мусаева Н.Р.(2006), Философия: Оқу құралы. Шымкент: OҚMУ, 2006. 185б. Назарбаев Н.Ә. (2018), Ұлы даланың жеті қыры // Егемен Қазақстан, 21 қараша. Қасабек А. (2002), Тарихи-философиялық таным. Алматы: ҚазГЗУ, 264 б.

Ричард Докинз, Самое грандиозное шоу на Земле. Доказательства эволюции. The Greatest Show on Earth: The Evidence for Evolution. / Переводчик Дмитрий Кузмин. – Corpus, 2012. – 528 с.

Омаров Е. Казахская цивилизация в контексте мирового исторического прогресса. – Aлматы: Қайнар университеті, 2003. – 220 с.

Сейдімбеков А.(1989), Сонар. Алматы: Жалын, 349 б.

Хвостов В.М. Теория исторического процесса: Очерки по философии и методологии истории. – 5-e изд. – M., 2009. Walsh W. H. (2009), Philosophy of history. N.Y., 211р.

Тулеуова А (2019). Карл Ясперс, http://www.elarna.net/ .

References

Aqataı S. (1998), Qazaqtyń ulttyq mentalıteti. Mảdenıet – ulttyń bolmysy. [Kazakh national culture. Culture is the essence of the people], Almaty, 420 b.

Ableyev P.V. (2005), Istoriya mirovoy filosofii. [The history of the world philosophy], M. Ahmetova S.(2017), O tyurkskogo mıre. [Turk world about], Mysl, 3.

ȦbdezulyQ.(2007),MuhammedHaydarDỳlatıdiń“JahanName”dastanynyńtarıhı-tanymdyqjảnekόrkemdikqundylyğy,[His- torical-cognitive and artistic value of the epic “Jahan name” by Mohammad Haidar Dulati], QazUW HABARSHISI. SHIĞISTANỲ seryası. № 2. B.107111.

Beısembıev T.K. (1990), O vostochnyh rỳkopısyah v ındıyskıh sobranıah. [About oriental manuscripts in indian collections], Izvectıya AN Kaz.SSR Seriya obshectvennıh naỳk, №3. 33-39 bb.

Bulekbayev S. B. (2016), Tyurkskiy vklad v mırovuyu kul’turu ı tsivilizatsiyu.[ Turkic contribution to global civilization], Almaty: BAVIS systems, 316 s.

Gobozov I.A. (1999), Vvedenie v filosofiyu istorii. [Introduction to the Philosophy of History]. M.,Teis, 363s. Derbisaliev Ȧ. (2003), Islam jảne zaman. [Islam and Low], Almaty: Dảwır, 560 b.

Doblhofer E.(1963), Znakı ı chỳdesa. [Signs and Miracles] M., S. 332-333. Dỳlati M.H.(2003), Tarıhı Rashıdı. [Rashidi’s story], Almaty: Tỳran, 614 b. Esim G. (2002), Adam-Zat.[Human nature], Astana: Folıant, 312 b.

Iaspers K. (1991), Smysl i naznachenie istorii. [The meaning and purpose of history], M.; Politizdat, 527s. Kenny Anthony.(2018), Modern dunyada felsefe. Turkey, 340s.

Kasymjanov A.H. (1998), Stely Kosho Tsaıdama. Almaty: Printing Systems, 113 s. Maksỳdı Sadrı.(2002), Tỳrkskaıa ıstorıa i pravo. [Turkic history and law] Kazan: Fen, S.10.

Moldabekov J. (2000), Myslıtel ı gỳmanıst M.H. Dỳlatı. [The Thinker and Humanist Dulati], Mycl, № 1. 70-74. Mỳsaeva N.R. (2006), Phılosofıa: Oqỳ quraly. [Philosophy: textbooks] Shymkent: OQMỲ, 185b.

Nazarbaev N.A.(2018), Uly dalanyń jeti qyry. [The seven laws of the great steppe], Egemen Qazaqstan, 21 qarasha

15

ISSN 1563-0307, eISSN 2617-5843

Философия, мәдениеттану, саясаттану сериясы. №2 (72). 2020

https://bulletin-philospolit.kaznu.kz

ҒТАMР 21.31

https://doi.org/10.26577/jpcp.2020.v72.i2.02

Ж.С. Сандыбаев1, С.У. Абжалов2

1Нұр-Мүбарак университеті, Қазақстан, Алматы қ., e-mail: kaz_astana74@mail.ru 2Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан, Түркістан қ.

ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ «БІРІНШІ БАСШЫ» КОНЦЕПЦИЯСЫ

Мақала әл-Фараби философиясындағы билеуші тұжырымдамасына арналған. Ойшылдың пайымдауынша, ізгі қаланың билеушісі «имам» да, «философ» (ғалым) та болуы керек, өйткені олар тек қоғамды басқаруға шақырылған дарынды адамдар.

Билеуші, әл-Фарабидің пікірінше, ерекше интеллект пен керемет адами қасиеттерге ие таңдалған адам. Ғалым ретінде ол адамдар туралы қарапайым білімдермен ғана шектелмейді. Сонымен қатар, билеуші өз білімін бейнелі түрде жеткізе білуі керек және қала тұрғындарын бақытқа жетелейді. Осы мақсатта ол нағыз билеушіні бір нәрсе туралы ойлау керек деп санайды – бұл қала тұрғындарын көптеген жылдар бойы алаңдатып келеді. Әл-Фараби философиясындағы правитель туа біткен қасиеттерге ие, мысалы: ақиқатты сүю, әділеттілік, жақсылықты өз бетімен орындау, ар-намыс, өтірікке деген жеккөрушілік, жағымпаздық және т.б.

Әл-Фарабише бірінші басшы болуға мына жолдармен жетуге болады: алғашында адамда бәйекшіл ақыл-парасат, сонсоң онда жүре келе қалыптасатын ақыл-парасат пайда болады, осыдан кейін Аристотельдің «Жан туралы» кітабында суреттелгендей, әрекетшіл ақыл-парасатпен қосылады. Мұндай адамды ертедегілер нағыз әкім деп атаған.

Авторлардың пікірінше, әл-Фараби қалаған бақытты қоғамның логикасы басқару өнерінде, білім мен әдістерде жатыр, бұл туралы оның шығармаларында көп айтылады. Ғалым жетекшісінің бейнесі мысал бола алады. Бұрынғыдай, мемлекеттік басқаруды, билік жүйесін жетілдіріп, қоғам мүшелеріне жақсылықты ұялату қажет.

Түйін сөздер: әл-Фараби, бірінші басшы, қоғам, бақыт, философ.

Zh.S. Sandybayev1, S.U. Abzhalov2

1Nur-Mubarak University, Kazakhstan, Almaty, e-mail: kaz_astana74@mail.ru 2Khoja Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University, Kazakhstan, Turkestan

The concept of a ruler in the philosophy of al-Farabi

The article is devoted to the concept of the Ruler in the philosophy of al-Farabi. The Thinker argues that the Ruler of a virtuous city must be both an “imam”, a “philosopher” (scientist), because only they are gifted people who are called to rule society.

The ruler, according to al-Farabi, is a chosen person with a special intellect and wonderful human qualities. As a scientist, he is not limited to simple common knowledge about the people. Also, the ruler should be able to figuratively convey in words his knowledge and guide the inhabitants of the city to happiness. To this end, he believes that the true Ruler should be concerned about one thing – this is concern for the inhabitants of the city for many years. The pratitel in the philosophy of al-Farabi has innate qualities, such as love of truth, justice, selfless fulfillment of good, honor, hatred of lies, contempt for flattery, etc.

Al-Farabi’s first leadership can be achieved in the following ways: first in man there is a sublime intellect, then in him there is a progressive intellect, and then, as described in Aristotle’s book On the Soul, there is an active intellect. Such a person was called a real akim by the ancients.

According to the authors, the logic of a happy society, which al-Farabi so craved, lies in the art of management, knowledge and methods, about which so much is said in his works. The image of a scientist leader is an example. As before, it is tirelessly necessary to improve public administration, the system of power, and instill good in members of society.

Key words: Al-Farabi, first leader, society, happiness, philosopher.

16

© 2020 Al-Farabi Kazakh National University

Ж.С. Сандыбаев, С.У. Абжалов

Ж.С. Сандыбаев1, С.У. Абжалов2

1Университет Нур-Мубарак, Казахстан, г. Алматы, e-mail: kaz_astana74@mail.ru 2Международный казахско-турецкий университет им. Ходжа Ахмеда Ясави, Казахстан, г. Туркестан

Концепция о правителе в философии аль-Фараби

Статья посвящена концепции Правителя в философии аль-Фараби. Мыслитель утверждает, что Правитель добродетельного города должен быть одновременно «имамом», «философом» (ученым), ибо только одаренные люди призваны управлять обществом.

Правитель, согласно аль-Фараби, – избранная личность с особым интеллектом и прекрасными человеческими качествами. Будучи ученым, он не ограничивается простыми распространенными знаниями о народе. Также правитель должет уметь образно передавать словами свои знания и направлять жителей города к счастью. Для этого он считает, что истинного Правителя должно беспокоить одно – это забота о жителях града на долгие годы. Правитель в философии альФараби имеет врожденные качества, такие как любовь к правде, справедливость, бескорыстное совершение добра, честь, ненависть ко лжи, презрение к лести и т.д.

Лидерство по аль-Фараби может быть достигнуто следующими способами: сначала у человека должен быть возвышенный интеллект, затем проявляется прогрессивный интеллект, а затем, как описано в книге Аристотеля «О душе», образуется активный интеллект. Такого человека древние называли настоящим акимом.

По мнению авторов, логика счастливого общества, которого так жаждал аль-Фараби, заключается в искусстве управления, знаниях и способах, о которых так много сказано в его трудах. Образ лидера-ученого является примером. По-прежнему, неустанно необходимо совершенствовать государственное управление, систему власти, прививать добро членам общества.

Ключевые слова: аль-Фараби, правитель, общество, счастье, философ.

Кіріспе

Әл-Фараби – ұлы ойшыл, дара тұлға. Оның ғылым үйренуге және философиялық ой­ларға тереңқызығушылығыныңқалайпайдаболғанын­ нақты айту қиын. Ғалымның білімге қызы­ ғушылығы Бағдат шаһарына келуінен бұрын­ бар болған деседі. Кейбір деректерде жас ғалымның философиялық ілімдерге махаббаты грек ойшылы Аристотельдің трактаттарын оқып, зерделеу барысында пайда болды, кейін бүкіл өмірін толықтайбілімгеарнадыдегенмәліметтерайты- лады.Ендібірдеректердеәл-Фарабидіңазуақыт қазылық қызмет жасағандығы, сосын білімге қызығушылығы артып, қызметінен бас тартып ғұмырын білімге арнағаны жайында әңгімелер кездеседі. Анығы, әл-Фараби – артынан өшпес із, сарқылмас мұра қалдырған дарынды тұлға, екінші ұстаз, ұлы комментатор.

Ғалым жайында айтылған өмірлік оқиғалар мен бізге дейін жеткен ғылыми трактаттары әл-Фарабидің жүйелі және тынымсыз ғалым іздену үстінде өмір сүргенін көрсетеді. ӘлФарабидің философиялық тұлғасына қатысты библиографиялық деректерде оның негізінде грек философтардың ішінде Аристотельге жиі сілтеме жасайтындығы байқалады. Мысалы, бұған қатысты мынадай әңгіме бар. Бір күні адамдардың бірі ғалымнан:

– «Сіз білімдісіз бе әлде Аристотель ме?», – деп сұраған екен.

Сонда ойшыл:

1. – «Егер мен сол заманда өмір сүрген болсам, оның ең алдыңғы қатарлы шәкірті болатын едім»,–деппарасаттылықпенжауапбергенекен

(Yaşar Aydınlı, 2017: 13).

Ғалымның бұл жерде «ең алдыңғы қатарлы шәкіртіболатынедім»дегені,оныңАристотелдің ой-тұжырымдарын өте жақсы түсінетіндігін білдіреді. Біз ойшылдың парасаттылығымен бірге кішіпейілдік, көрегенділік және әдепті­ лігін байқаймыз. Ортағасырлық философтары­ ­ на тән әл-Фараби де Аристотельдің шығарма­ шылығымен терең танысты, көп зерттеді. Тіпті Аристотельді көп зерттеп, оның шығармаларын араб тіліне аударып, талдап, оларға түсініктеме жазғаны сонша, ол «ұлы коментатор» атанды. Бұл, ғалымның грек ойшылдарын, әсіресе Арис­ тотельді зерттеуге көп ыждаһат танытқанын көрсетеді.

Аристотельдің «Китаб ән-нәфс» (книга о душе) атты шығармасының бір қолжазба нұсқа­ сының шетінде әл-Фарабидің: «Бұл кітапты екі жүз рет оқыдым» деп қалдырған сөздерінің бар екенін ғалымдар жақсы біледі. Дәл сол сияқты басқа жерде Аристотельдің «Ас-Симаут-Табии» атты шығармасын қырық рет оқығандығы және тағы оқу керектігін айтқандығы мәлім.

17

Әл-Фарабидің философиясындағы «бірінші басшы» концепциясы

Ұлы ойшыл көптеген теориялық ғылымдар жайындағы еңбектердiң авторы. Мысалы, оның «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жайында», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы», «Азаматтық қоғам» жайында жазылған еңбек­ тері және сол сияқты т.б. шығармалары көпке танымал. Ғалым өзінің бірінші басшы, билік, мемлекеттік басқару, бақытты қоғам құру секілді ойларын негізінен осы шығармаларында баяндайды.

2. Әл-Фараби өзінің еңбегінде бірінші басшыға «имам» деген сөзді қолданса, басқа жерлерде «патша», «әкім», «философ» деген сөздермен де атайды (Әл-Фараби, 1995: 102).

Әл-Фараби ұсынатын пікірі бойынша, патша қоластындағы жұртшылықтың жетекшісі ретінде, оларды тәрбиелеу мақсатында өтімді сөздер қолдануға және қажетті жағдайда күш қолдануға да құқылы.

Сол сияқты әл-Фараби қала тұрғындарын, қоғамды тәрбиелеуде, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда және оны сақтауда патшаның орны маңызды екендігін көрсетеді. Әл-Фараби тәрбиелеудің негізгі екі әдісін ұсынады:

1)Ғылымға икемі бар, оқу, білім арқылы, сауатын ашу арқылы ерікті түрде тәрбиелеу әдісі;

2)Ғылым-білімге қарсы келетін, қабылда­ майтындарға­ күштеу әдісін қолдануды ұсынады.

Сонымен қатар, қоғамды тәрбиелеу ісінде өнерлі, қайырымды, сауатты мамандарды жұ­ мылдыру­ қажеттілігін насихаттайды.

Әл-Фараби «сонда абсолюттік мағынада бірінші­ басшы деген кім?» деген сауалға, былай жауап береді: бірінші басшы басқа біреу­ дің басшылығына мұқтаж емес, оның білім­ дарлығының жоғарылығы соншалықты, өзіне жөн сілтейтін, өзіне билік жүргізетін адамға мүлдем қажеттілігі жоқ, жан-жақты жетілген адам. Алдағы уақытта болатын жағдайларды ег- жей-тегжейбіліпотыратынқабілеттіңболуыоған шарт емес. Ол үшін оның қасында көмекшілері бар. Басшы басқаларға жақсы басшылық қылуға шебер әрі қабілетті. Қарамағындағы адамның не нәрсеге бейім екенін және оны қалай пайдалану тиімді екенін біледі (Әл-Фараби, 1996: 127).

Сондай-ақ, басшы бақытқа жеткізетін жос­ парды белгілейді, сол үшін басқаларға дұрыс

бағыт сілтей алады. Бірақ, мұндай қабілет кез келген адамның бойында жоқ, ол жаратылысы ерекше, бойында көркем қасиеттері бар адамдарға, яғни ақылымен, парасатымен ерекшеленетін адамдарға ғана тән болады.

1. Әл-Фарабидің ойынша, адамдыққа ық­ пал ететін нәрселер – тапқырлық, табандылық­

қасиеттері, адамның ой-санасын, ақыл-пара­ сатын жетілдіру. Бұл азаматтық философияның мәселелері болса, сол өнерді сақтай алу мүмкін­ дігіне жеткізетін қағидаларды орнықтыру – саяси­философияға жатады. Ізденіс, білім алу – адамдыққажетужолыболмақ.Адамқалыптасуы біртіндеп,сатылапжетілуіарқылыжүзегеасады. Адам өз болмысын, қағидаларын ізденіс-білім арқылы және үнемі моральдік құндылықтарды үйлестіре отырып меңгереді (Yaşar Aydınlı, 2017: 13).

Әл-Фарабидің айтуынша, азаматтық фило­ софиясының негізгі қарастыратын мәселесі

адам болмысының беретін жемістері, яғни адамның адамгершілік қасиеттері негізінде туындайтын сапалары, түрлері, адамды қинайтын рухани дерттерден құтылудың жөн-жобасы, адамдыазғындыққасалатынтүрліжағдайлармен келеңсіз оқиғалардан сақтана білу. Азаматтық философияның көмегімен бақытқа жетелейтін жолдарды тануға болады, ақыл-парасаттың арқасында ізгі істерді жасау мүмкіндіктерін арттыруға болады. Бұл екі әрекеттің түрі адам болмысын қуаттауға бағытталады. Өз ойсанасын, болмысын нығайту арқылы адам баласы өз болмысын жетілдіре түседі, соған жол ашады. Адам ақылы мен парасатын арттыруға ұмтылмаса, бақытқа жете алмайды. Бақыт деген не екенін ұқпаған адамның әрекеті оңалмайды.

Ғалымның пайымынша, азаматтық қоғам­ ды басқаратын басшының бойында ақыл-пара­ саты мол болуы қажет. Себебі ондай басшы өз еліндегі, қоғамдағы болып жатқан түрлі құбылыстарды байқап, солардың себеп-салда- рынаңғарып,шешімдерінтабуғаәрекетқылады. Сол мәселелерді айқындай білу, көптеген қиындықтардан құтылуға мүмкіндік береді. Ақыл саналы түрде игілікке жету жолдарын сыни көзбен сараптап, ортақ мүдде үшін қызмет қылады. (Yaşar Aydınlı, 2017: 13).

Адамның бойындағы ерекше қабілеті, ол – ақыл мен парасат. Ақыл-парасаттың бар болуының арқасында мақсаттар туындайды, мақсатқа жетудің жолдары айқындалады, оған жету үшін қажетті құралдар қолданылады.

Осындай ерекше қабілеттерді икемдеген ақыл адамға қажетті, оны емдейтін тәсілдерді қамтуға мүмкіндік береді. Өз мүмкіндіктерін, қабілеттерін шыңдап, дамыта алатын адам, өзгелермен де бірлесіп, ұйымдаса алады. Өз сөзіне, іс-әрекетіне толық жауап бере алатын адам өзіне де, өзгелерге де билігін жүргізе алады. Ізгі, өнегелі амалдарда адамның көңілінде білім мен талаптар ұштасады – деп есептеген

18

Ж.С. Сандыбаев, С.У. Абжалов

әл-Фараби – алғашқы ілімдер қалайша, неліктен қалыптасты, олар неліктен көздеулі, арнайы бағытты сипатқа ие болды? деген сұрақ қойып, кейін өзі бұл сауалға жауап іздеді (Әл-Фараби, 1995: 102)

Ақыл түрлі мәселелер мен міндеттерді таниды, түсінеді, саралайды, білген нәрселерін туралық­ , жақсылық жолында қолданады, осы бағытта­ аянбай әрекет қылады. Ақыл қажетті­ ­ ліктердіанықтау,білуарқылы,соғанқарайбайыппен әрекет жасайды. Әрекетті қуаттап, әлдендіру үшін сенімге жүгінудің, ақыл-ойға жүгініп­ әдісайла қолданудың артықшылықтары­ мол.

Ақыл-парасаттыңаясынкөркеммінез-құлық, игі істер, адал амал-әрекеттер құрайды. Біржағы өз қабілетімізді, мүмкіндіктерімізді өнер түріне айналдыруға талпынамыз, біржағынан екі түрлі өнерге – көркемдік өнері мен пайдаға кенелу өнеріне жеткіміз келеді деп пайымдаған ойшыл, ақылменпарасат–болмыспенсананы,адаммен елді басқаруда ортақ мәселені көтереді деп сенген. Ең алдымен басшыға елді басқарып, оларды бақытқа жеткізу үшін аян қажет деп есептеген.

«Әрекетшілақыл-парасаттанбәйекшілақыл- парасатқа күш берілген уақытта адам заттар мен әрекеттерді анықтап, соларды бақытқа жету жолына бағдарлап алуына ықпал ететін күш осы кезде туындайды. Әрекетшіл ақыл-парасат және бәйекшіл ақыл-парасаттың арақатынасы осылай жүзеге асса, сонымен қатар бұған жүре келе біртіндеп қалыптасатын ақыл-парасат септігін тигізсе, уахи сол кезде болады» (Нысанбаев, и др., 2009:656). Әл-Фарабидің бұл жерде айтпақшы болған нәрсесі, әрекетшіл ақылпарасат бәйекшіл ақыл-парасатқа жоғарыдан күш дарыған уақытта, адам бақытқа жетуіне қажетті нәрселерді анықтап, алдына бағытбағдар белгілейді. Ал бұған тағы да жүре келе қалыптасатын ақыл-парасат келіп біріксе, сонда адамға аян келеді демек.

Себебі ғалымның айтуынша әрекетшіл ақыл-парасат алғашқы себептің болмысынан шығатындықтан­ , әрекетшіл ақыл-парасат ар­ қылы адамға аян келуі бірінші себептің өзі деп пайымдауға болады. Осы адамның басшылығы бірінші басшылық болады, ал қалған барлық адамдардың басшылығы бірінші басшылыққа салыстырмалы түрде қарағанда, одан кейінгі және біріншіден шығатын басшылық болады. Бұл анық нәрсе. Жалпы халық арасында «Патша Құдайдың жердегі өкілі» деген түсінік осындай түсініктен қалыптасса керек. Себебі әл-Фараби айтып отырғандай бірінші басшыға билік аян арқылы Бірінші себепкерден келеді.

1.Осындай басшылыққа бойұсынған адамдар қайырымды, жетістікке жеткен және бақыт­ ты адамдар болады. Егерде осындай адамдар халық болып ұйымдасса, осындай халық – қайырымды халық болады, ал егер бұл адамдар барлығына ортақ аймақтарға қоныстанып ұйымдасса, бұл жағдайда да осындай басшымен бірлескен адамдар қоныстанған аймақта қайырымды қалаға айналады. Ал егерде олар бір қонысқа шоғырланбай, әр жерге бөлектеніп қоныстанатын болса және олар, сол аймақтың тұрғындары осындай басшыға емес, кереғар, басқабасшығабағынатынболса,ондайжағдайда бұл аймақтардағы қайырымды адамдар адасушы болады (Сандыбаев, 2001: 102 ).

Өйткені халық жоғарыдан аян келіп, сонымен бағдар жасап жүретін басшыға бағынбай отыр.

Ғалымның айтуынша ондай адасқан халықтың­ бытыраңқы болуына бірнеше себеп бар. Олар: әділ басшыға бағындайды немесе бір жерде бірігіп тұратын қайырымды қала дегенді білмейді немесе әлі ондай қоғамды көрмеген. Сол сияқты бұрын халық болып, бір қалада тұрса да бақытсыздыққа ұшыраған немесе оларға жау шапқан болуы мүмкін яки болмаса қатты қудалауға түскен немесе бір аты жаман індетке ұшырап жан-жаққа қоныс аударған.

2.Әл-Фарабибасшыныңтұлабойындабұрыс, бұзақы мінездің болмау керектігін айтады. Жаман мінез-құлық – жақсы іспен шұғылдануға ықпалын тигізбейді. Жаман мінез-құлық түсінік қоспайды, дұрыс пен бұрыстың, жақсылық пен жамандықтың мағыналарын ұқтырмайды. Жаман мінез-құлықта жасампаздық, қайырымды­ ­ лық секілді игі қасиеттер жетіспейді, бақытқа, дәулетке апаратын жолдарды тани алмайды. Осындайда бұзық, жаман іс-әрекеттер жақсы амал жасаудан мүмкіндігі әлдеқайда басым түседі (Сандыбаев, 2001: 102).

Жаман мінездің түп-тамыры – кемшілік пен кемдікте, надандық пен жабайылықта. Бұза­ қы­ әрекеттер мен қылықтар бір-бірімен­ ұласып кете беретін болса, елдің құлды­ рап­ , ыдырап кетуі әбден мүмкін. Енжарлық­ тың қауіпті кесірі де сол, ол амал, іс-әрекетті­ ­өнер ретінде дамытуға, жүйелеуге көңіл бөлмей­ ді­ , жаман әдеттерді әдейілеп әдетке айналдырып­ , тірліктегі тағ­ лымды, сананы тұншықтырады.

Ұлы ойшыл «Азаматтық саясатында» мем­ лекетті қуаттандыратын, қоғамды көтеретін қоғамның адамгершілік қасиеттері емес, олар­ дың жүйелілігі, әлеуметтік бағыт-бағдары мен

19

Әл-Фарабидің философиясындағы «бірінші басшы» концепциясы

ұстанымдары екендігін айтады. Адамның жеке өзіндіктұлғасы,өмірдегіқабілеттеріменқасиет­ терінің өзара қатынастары қоғамдағы тәртіптің, жүйеліліктің бастамасы және қозғаушы күші болмақ.Адамзатосыжүйеге,осыбастамағажәне осы күшке әлеуметтік сипат беру үшін, олардың мән-мағынасын өз болмысына бағыттау үшін бар мүмкіндіктерді арттыруда және іздестіру жолында. Бұл бағытта нәтижелі әрекет үшін қажымас қайрат, ерекше құнттылық, асқан көрегенділік жетіспеуде (Сандыбаев, 2001: 103).

Әл-Фараби адамды әлдендіретін бес күшке арнайы кеңінен тоқталып өтеді – нәрлендіру, түсіндіру, елестету, ақыл және парасат. Саясиәлеуметтік­ бағыттытолыққандыұғынуүшінтео­ риялық тұрғыда ізгілікті тереңінен түсіндіретін­ ақыли түсінікке, жағдайды адами қасиеттермен деүйлестіретінморальдыққайырымдылыққадеген қажеттілік анағұрлым артуда. Саяси өмірде, елді басқаратын басшының рухани жағдайы, жан-дүниесішыңдалуынатүсетінжүкәлдеқайда басым болады.

Ойшыл ғалым қала тұрғындары бақытқа жетуі үшін саяси өмірдің кейбір талаптарын ұсынды:

міндетті нақты орындау;

мақсатқа жеткізетін амалға сеніммен кірісу;

мақсатқа бастайтын практикалық ақылпарасаттың күш-қуаты мен бойда бар қабілетті бірге жұмылдыру;

өмірсүрудегіәлеуметтіксапаныңжоғарғы дәрежесіне жетуді көксеу;

адамдар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту (Әл-Фараби, 1995: 102). Әл-Фарабише нағыз әкім – тұлғаның кемелді болуы, саяси өмірдің тірегі һәм қозғаушы күші.

Саясаттажетістіккежетіп,қалатұрғындарына жақсы өмір сүрулері үшін қолайлы жағдай жасаймын дейтін әкімнің көздеулі мақсаты:

бағынышты адамның еркін бағалай білу;

тұрғындарға еркіндік бере отырып, олардың талап-тілегін қанағаттандыру;

өзінің жеке тілектерін қажетінше тежей білу және т.б.

Әкімдікті ұштай түсу үшін әл-Фарабиде – адам қандай да бір амал жасайтын уақытта немесешешімқабылдағанкезіндекімгееліктеукерек екенін және кімнің айтқан сөзі мен ақылына зер салуды жақсы білуі тиіс екенін алға тартты. Адамныңосындайқабілетіжоғалмайдыжәнета- усылмайды.Әрекеттісақтау,жақсымінез-құлық тәрбиелеп қалыптастыру оның басты кепілдігі. Белгілі бір жақсы іске әуестену, жақсы мінез-

құлыққалыптастыру–адамдыдамытуөнерімен өнегесіболмақ.Сондай-ақ,әкімбасқаруөнерінде адамгершілікті басшылыққа алып, орташа шама мен аралықтан аспағаны мақұл. (Әл-Фараби, 1995:102).Әл-Фарабидіңүлгісінесәйкесәкімнің бойында мынадай қасиеттердің ұштасуы лазым: даналық, асқан пайымдағыштық, шешендік, жақсықиялдайбілуқабілеті,жорықтақолбасшы бола білу қабілеті. Ұрыс бола қалған жағдайда майданда жүріп, мемлекеттік істерді жүргізе білу қабілеті аса маңызды.

Басшы,бірмақсатқажетуүшінәртүрліамал- әрекеттердібір-біріменұштастырып,ондахалық үшін игілік пен ізгіліктің бар екенін көрсетіп, олардың арасындағы байланыс пен қарым-қа­ тынасты нығайтуға үлес қосады. Ол – мінезкұлқындағы­ әділеттік пен қайырымдылықтан құралатын­ әдетке иелік етеді, тұрғындарының бақытқа жетуін өмірлік ісі етіп алады. Қала тұрғындарына­ осындай жағдай жасағанда, құр­ меттен басқа ештеңе талап етпей беретіндер әкімдердің­ ішінде ең қадірмендісі болып табылады.

Мысалы, әкім оларға байлық бергенде оның есесіне олардан ақы талап етпейді немесе оларды рахатқа бөлегені үшін өзіне рахат беруді талап етпейді, сөзімен де, ісімен де тек сыйлауды, мадақтауды, құрметтеуді ғана тілейді. Тұрғындардың оның атын көзі тірі­ сінде, өлгеннен кейін де ұзақ уақыт ұмытпай, қадірлеуін ғана қалайды.

Әл-Фарабише әкімнің басты мақсаты қара басының құрметке беленуі, байлыққа ие болуы, ләззаталуыемес,керісіншетұрғындардыбақыт­ қа жетелейтін жақсылықты молайту. Сонымен қатар әкім басқару өнерінде даналықты, естілік пен зеректікті, басқалардың пікірін таңдай білу, ойдың дұрыстығын дәлелдей алу қасиеттерін басшылыққа алуы тиіс. Сонда барып әкімнің мінез мен әдеті кәсіптік деңгейге көтеріледі. Ізгі қасиеттер мен бойындағы қабілетін біріктірген, заңдар мен тапа-қағидаларды ұштастыра білетін адам басшылыққа бейім демек (Әл-Фараби, 1996:4).

Әл-Фараби әкімнің басқаруын – заңды бас­ қару деп атайды. Басқару ісіндегі негізгі мақсат

– ақиқатқа жету, қала тұрғындарына қайырым­ ­ дылық жасау, игі іс істеу. Әкім осын­дай жақсы ниетті, тілекті, амал-әрекеттегі ықыласты­ қала тұрғындарының әрбіріне үйретіп, үйлестіреді.

1. Жүрегі кең, ізгі, сонымен қатар ілі­ мі, оқығаны тең болған жан «даналылық пен қайырымдылық­ үшін өмір сүреді». Даналық­ тың қалауы мен мақсатын бірге ұстану ар­

20

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]