Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
срс 2.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
37.42 Кб
Скачать
  1. Астықты орналастыру тәртібі

Астық қабылдау кәсіпорынында дәнді қабылдау, орналастыру және өңдеудің технологиялық картасы жасалады, оған дәнді орналастырудың бас жоспары мен тәуліктік операциялардың негізгі көлемі, сондай-ақ дәннің іс жүзіндегі орналастырылуы мен күйінің графикалық кескіні енеді. Мұның нәтижесінде автомобильдердің артылмай не түсірмей, еріксіз тоқтап қалуына жол берілмейді, автомобильге мұқтаждық 20-25%-ке кемиді, кәсіпорындардың астық қабылдау қабілеті артады.

Бір кәсіпорыннан екінші кәсіпорынға темір жол, су не автомобиль транспорттарымен тасымалданып келіп түскен астық қабылданғанда оның түсіру уақыты бір жағынан сол темір жол, пороход шаруашылығы және автотранспорт мекемелері, екінші жағынан қабылдау кәсіпорны араларында болатын ерекше келісім бойынша анықталады. Транспорттың дер кезінде түсірілмегені үшін астық қабылдау кәсіпорынан айып пұл (штраф) алынады, ал бұған кінәлі қызметкерлер жауапқа тартылады. Темір жол не су транспортымен келіп түскен астық партияларының сапасы жөнінде куәлік болуға тиіс. Сортты дән тұқымының куәлігімен жабдықталады. Қабылданған кезде барлық астықтың салмағы міндетті түрде өлшеніп, сапасы тексеріледі. Бұл көрсеткіштері арнаулы құжаттағы (накладнаядағы) салмақпен және куәліктегі сапа көрсеткіштерімен орналыстырылады. Егер қандай да болмасын ауытқулар орын алатын болса, онда қабылдау кәсіпорны акт түзіп, транспорт мекемелеріне арыз түсіріп, керекті талабын қояды.

Қоймаға қабылданған астықтың әрбір партиясын сақтау отырысындағы бақылауды аға шебер не өндірістік шебер секілді материалды жауапты кісілерге жүктелінеді.

Астықты, әрі сапасы әрі саны жағынан, ойдағыдай сақтауды қамтамасыз етудегі ең маңызды шаралардың бірі - әрбір мекеменің мүмкіндігіне қарай қоймаларға дұрыс орналастыру.

Тек орналастыру тәртібін бұзбай астықты тиімді сақтауға болады. Артық-аспай козғамай, өндеуді тиімді пайдалану, сапа мен сан шығындарын жоққа шығарады. Мұның барлығы астықты сақтаудағы жалпы шығынды азайтып, дәнді дақылдарды халық шаруашылығында ұтымды пайдалануға себеп тигізеді.

Астық корын қоймаларға орналастыру тәртібінің негізін қалайтын нәрселер мыналар: 1) астықтың әрбір партиясының сапа көрсеткіштері, осыған байланысты дәнді әртүрлі қажеттілікке пайдалану мүмкіндіктері; 2) астықтың әрбір партиясының әртүрлі жағдайда сақталуға төзімділігі. Осы тұрғыдан астықты мынадай белгілермен санаса отырып орналастырады.

Тип, подтип (қосымша тип - типтің ішіндегі кіші тип деуге болады) және сорт дәннің ботаникалық және шаруашылық белгілерінің жиынтығы, ара кідік ұндық, жармалық және нандық қасиеті күндылығымен сипаттайды. Сондықтан, әртүрлі типті, сортты дәнді дақылдарды өндейтін, ұн тартатын, жарма өндіретін мекемелерге, экспортқа және т.б. жақтарға арттырылғанша топ-топ, бөлек-бөлек бір-біріне араластырмай сақтайды.

Тұқымдыққа арналған дәнді сорты бойынша емес, тіпті бір сорттың ішінде репродукциясы, сорттың тазалық категориясы мен класы бойынша жеке-жеке сақтайды да оларды араластыруға тыйым салынады. Сортты дәнді сақтауға ең сапалы қоймаларды бөледі.

Астық жыйымында орын алатын физиологиялық процестердің үдей дамуына, өрбуіне жол бермеу үшін оның ылғалдылығы әртүрлі болып келетін партияларды баска белгілері біркелкі болып келген жағдайда, жеке-жеке сақтауды қамтамасыз ету керек.

Мәселен, құрғақ және орташа құрғақ (не құрғақтау деп атауға болады) дәнді бір бөлек, дымқыл және ылғал (ылғалдығы 22 %-ке дейінгі) дәнді бір бөлек орналастырады.

Егер қабылданып жаткан астықтың ылғалдығы 22 %-тен жоғары болып жатса, онда дән ылғалдықтарының айырмашылығы 6%-тен аспайтын партияларды бір топтастырып орналастырады. Тек күріш дәніне 3%-тік айырмашылық бекітілген.

Дымқыл және ылғал астық партияларын кептіргішке жақын қоймаларға орналастыруды көздеген жен.

Астық жиымында копалар мөлшері көбейген сайын оның сақтауға төзімділігі кеми түседі. Сондықтан қоспалардың құрамы мен сапасы еске алыну керек. Одан басқа, астық құрамында кейбір қоспалардың болуы, тазартудың арнаулы әдістерін керек етіп, дәннің пайдаланылу мүмкіндіктерін тарылтады. Сондықтан да, мәселен, зиянды не майда қиыршық секілді қоспалары бар астық партияларын бөлек, тазартқыш машиналары таяу маңдағы қоймаларға орналастырады.

Сонымен, қоспа бастапқы кезде мейлі ол тіпті құрғақ дән партиясында болсын, жоғары ылғалдылықпен ерекшеленеді. Олар екпінді, үдемелі тыныс алады, дәнге қарағанда теңге тез ұшырайды. Ластанған дәнді қоймаларға құйғанда бегде қоспалар өзі сұрыпталып, ылғалдығы жоғары ошақтар құрады, сөйтіп өздігінен қызудың тууына себепші болады. Оған қоса кейбір қоспалар астықты айырыкша тазалауды, яғни дәнді қоймаға салмас бұрын ағынмен тазалауды қажет етеді.

Айырықша тәсілмен тазартуды қажет ететін қоспалар бар дән партиясы бөлек орналастырылады.

Дымқыл және ылғалды астықты ірі, жоғары өнімді кептіргіштермен жабдықталған технологиялық жүйелері бар кәсіпорындарда, дәнді дақылдарды ылғалдығы мен бөгде қоспалар мөлшері бойынша бөлмей-ақ, басқа технологиялық құндылығымен сипатталатын партиялар жасайды.

Астықтың шыбын-шіркей, кенелер арқылы жұқпалы зарарға шалдығып бүлінген партияларын, өзгелерінің бұзылуының алдын алу үшін, бөлек қоймаларға орналастырады. Негізі мұндай астықка шеткерірек орналасқан, әрі дәнді тазартуға және әртүрлі таз қолданып зарарсыздандыруға ыңғайлы қоймаларды бөліп белгілеп кояды.

Қабылдау кезінде астық партияларының көрсеткіштері оның белгілі бір мақсатқа арналуын не келешектегі пайдалану сипатын анықтайды. Сондықтан осы факторды астықты қабылдап орналастыру кезінде есте устайды. Мәселен, келіп түскен дәнді таңдап, іріктеп, бірінші репродукциялы тұқымдарды әр уақытта тұқымдық материал ретінде қабылдап, орналастырып, одан әрі сортты тұқымдарды сақтаудың барлық ережесін, тәртібін бұлжытпай орындайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]