Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

мейрамбек

.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
77.24 Кб
Скачать

Түрлері

Автомат-білдек - бұйым жасауға арналған затты технологиялық талапқа сәйкес басынан аяғына дейін толық өздігінен атқаратын білдек.

Агрегат-білдек (Станок-агрегат) — қозғалыстарының өзара байланыстығы мен жүйелігі басқарудың біртұтас жүйесімен реттелетін агрегаттары (күш бастиектері) бір-бірімен кинематикалық байланысқа түспейтін металкескіш білдек.

Ажарлағыш білдек (Станок шлифовальный) — дайындамаларды тез айналатын қажақ құралдармен өңдеуге арналған білдек.

Айналма үстелді жонғыш білдек (Станок карусельно-фрезерный) — дайындамалардың жалпақ элементтерін үздіксіз жонғылаумен өңдеуге арналған айналма үстелді білдек.

Алмас-кеңейте жону білдегі (Станок алмазно-расточный) — жонудың жоғары жылдамдығында, кіші берістер және терең жону кезінде тесіктерді алмас немесе қатты қорытпалы кескіштермен жұқалай таза жонуға арналған кеңейжонғыш білдек. Арнайы білдек (Станок специальный) — бір типті дайындамаларды өндеуге арналған білдек.

Әмбебап білдек (Станок универсальный) — әр түрлі дайындамаларды өндеу кезінде операциялардың әжептеуір мөлшерін орындауға арналған білдек.

Әрлегіш білдек (Станок полировальный) — әрлеуге арналған білдек.

Бойлай жонғылағыш білдек (Станок продольно-фрезерный) — қайтымды-ілгерілемелі орын ауыстыратын үстелі мен бірнеше жонғыш айналдырықтары бар және ірі габаритті тетіктердің жалпақ элементтерін өндеуге арналған білдек.

Бұранда ажарлағыш білдек (Станок резьбошлифовальный) — дәл бұрамалы беттерді пішінді ажарлағыш шарықтаспен тазалай өңдеуге арналған білдек.

Вертикаль-тартаөңдегіш білдек (Станок вертикально-протяжной) — тартажонғыш құралдарының қайтымды-ілгерілемелі тік орын ауыстыруымен әр түрлі пішіндердің сыртқы беттерін өңдеуге арналған тартаөндегіш білдек. Вертикаль-бұрғылағыш білдек (Станок вертикально-сверлильный) — айналдырығының осі тік орналасқан бұрғылағыш білдек. Вертикаль-жонғылағыш білдек (Станок вертикально-фрезерный) — айналдырығының осі тік орналасқан жонғылағыш білдек.

Горизонталь-кеңейжону білдегі (Станок горизонтально-расточный) — айналдырығының осі көлденең орналасқан кеңейжонғыш білдек.

Горизонталь-тартаөңдегіш білдек (Станок горизонтально-протяжной) — тартажонғыш құралдары көлденең орын ауыстыра отырып, негізінен, ішкі тартажонуға арналған тартаөңдегіш білдек.

Дөңгелете ажарлағыш білдек (Станок круглошлифовальный) — центрлерде орнатылған немесе қысқыда бекітілген дайындамалардың сыртқы цилиндр, конустық, сұлбалық жөне жалпақ (дүмдік) беттерін өңдеуге арналған ажарлағыш білдек.

Жонғылағыш білдек (Станок фрезерный) — дайындамалардың әр түрлі беттерін тиісті орын ауыстырулар кезінде жонғыштармен өғдеуге арналған білдек.

Жазық ажарлағыш білдек (Станок плоскошлифовальный) — шеттікпен жазық ажарлауға немесе ажарлағыш шарықтастың бүйірімен өғдеуге арналған білдек.

Жонғыш білдек (Станок токарный) — айналма денелер типіндегі дайындамаларды жону арқылы өндеуге арналған білдек.

Жартылай автоматты білдек (Станок полуавтомат) — дайындаманы өңдеудің барлық циклі автоматты түрде жүргізілетін, алайда білдекті орнату, іске қосу жөне өңделген тетікті түсіру үшін жұмысшының араласуын қажет ететін білдек.

Жонғыш-айналма үстелді білдек (Станок токарно-карусельный) — дайындамалардың жалпақ элементтерін үздіксіз жону арқылы өңдеуге арналған айналма үстелді білдек.

Жонғыш-бүрама кескіш білдек (Станок токарно-винторезный) — көбінесе айналма денелер типіндегі тетіктерді жонуға, кеңейту-жонуға және бұрандалар оюға арналған артқы тұғыры, жүрістік бұрамасы мен жүрістік білігі бар жонғыш білдек.

Жонғыш-револьверлі білдек (Станок токарно-револьверный) — ұясында дайындамаларды өндеуге арналған қажетті құралдар орналасқан айналмалы револьверлі бастиегі (артқы тұғырдың орнына) бар жонғыш білдек.

Кеңейжойғыш білдек (Станок расточный) — алдын ала жасалған тетіктерді айналма құралдармен өңдеуге арналған білдек.

Көлденең сүргілегіш білдек (Станок поперечно-строгальный) — негізгі қозғалысты құрал, ал беріс қозғалысын мерзім-мерзім дайындама жүзеге асырып отыратын сүргілегіш білдек.

Көп кескішті жонғыш білдек (Станок многорезцовый токарный) — кескіштерімен дайындаманың әр түрлі беттерін бір уақытта өңдеуге арналған білдек.

Жануыштығыш білдек (Станок хонинговальный) — өз осінің бойымен айналма және қайтымды-ілгерілемелі қозғалысы бар жануыш құралдармен тазалауға (мысалы, әрлеу, ысқылау) және тесіктерді түпкілікті өңдеуге арналған білдек.

Көп мақсатты білдек (Өңдегіш центр) (Станок многоцелевой (обрабатывающий центр)) — әр түрлі операцияларға (мысалы, жону, бұрғылау, кеңейжону, кесу) арналған және жинақтауышында қажетті құралдары бар білдек.

Көшіргіш-жонғыш білдек (Станок токарно-копировальный) — қисық сызықты беттерді көшіргіш бойынша өңдеуге арналған жонғыш білдек.

Көшіргіш-жонғылағыш білдек (Станок копировально-фрезерный) — қисық сызықты беттерді көшіргіш бойынша жазықтық жөне көлемдік өңдеуге арналған бақылау жүйесі бар жонғылағыш білдек.

Қашағыш білдек (Станок долбежный) — сырғағы тік орналасқан және қашауға арналған білдек.

Металл кескіш білдек (Станок металлорежущий) — жонумен өңдеуге арналған білдек.

Нақыш-жонғылағыш білдек (Станок гравировально- фрезерный) — нақыштағыш айлабұйымы бар кішігірім көшіргіш-жонғыш білдек.

Пышқылы білдек (Станок ножовочный) — электр немесе пневматикалық жетекті пышқылы жал түріндегі жұмыс органы бар білдек.

Радиаль бұрғылағыш білдек (Станок радиально-сверлиль- ный) — айналма маңдайшасында орналасқан бұрғылағыш бастиекпен (басшамен) ірі габаритті тетіктердің тесіктерін өндеуге арналған металкескіш білдек. Сыдыры ажарлағыш білдек (Станок обдирочно-шлифовальный) — алдын ала (қаралтым) өңдеуге арналған ажарлағыш білдек.

Тарта өңдегіш білдек (Станок протяжной) — сыртқы жөне ішкі беттерді тарта жонумен өңдеуге арналған металкескіш білдек.

Тескіш білдекші - металдан және басқа жадұғыттардан дайындалған дайындамаларда тесік бұрғылауға арналған станок.

Токарлық білдек - бұл кең тараған метал кесу білдегінің бір түрі, айналма денелер тәрізді дайындамаларды кесіп өңдеу үшін арналған.

Білдектің электроаппаратурасы - білдектің электр аппараттары, аспаптары мен ток өткізуші бөліктерінің жиынтығы.

Білдектің электржабдықтары - білдектің электр қозғағыштары мен электр аппаратураларының жиынтығы.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Проников А.С. Метал кескіш станоктар мен автоматтар. М.,: «Машина жасау»,1981-386б.

2.Колев Н.С. Метал кескіш станоктар. М.,: «Машина жасау»,1980-45

3. Асқаров Е.С. «Станоктарды, кешендерді және өндірістік роботтарды автоматтыбасқару жүйесі курсы бойынша зертханалық жұмыс». Алматы ҚазҰТУ, 1994-40б.

4. Асқаров Е.С. Станоктарды, кешендерді өндірістік роботтарды басқарудың автоматтандырылған жүйесі. Дәріс конспектісі, Алматы ҚазҰТУ, 1996-82б.

5. Попов Е.П, Писменный Г.В. Робототехника негіздері. М.,: «Жоғарғы мектеп» 1980-160б.

24