Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Диссертационная работа Алиева Ш

..pdf
Скачиваний:
44
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
929.3 Кб
Скачать

«Ақпараттық қоғам» идеясы алғаш рет өткен ғасырдағы 60-жылдардың аяғы мен 70-жылдардың басында бірқатар ғалымдардың, атап айтқанда, Д.Белл мен Э.Тоффлердің зерттеулерінде көрініс тапты. Олар адамзат өркениеті аграрлық және индустриялық даму кезеңдерінен кейін жаңа ақпараттық кезеңге қадам басады деп есептеген. Ақпараттық қоғамның тұжырымдамасын зерттеушілер «технологиялық жаңашылдықтар түбегейлі мәдени және әлеуметтік өзгерістер туғызады, әлем мүлдем өзгеше болады» деген әйектерменд келтіреді. Зерттеушілер атап өткендей, «жаһандық ақпараттық қоғам» термині ең алдымен саяси, экономикалық және мәдениәлеуметтік тұрғыдан алғанда, ақпарат пен білімнің рөлі үздіксіз артып отыруына байланысты дамитын аса ауқымды біртұтас ақпарат индустриясы деген ұғымнан тұрады. Бұл құбылыс жаһандық компьютер желілерінің, бірінші кезекте интернеттің пайда болуымен тығыз байланысты. Осылардың дүниеге келуі және бүкіл әлемде басталып кеткен нарықты ырықтандыру нәтижесінде, коммуникациялық қызмет түрлерінің арзандауы ақпараттық саланың күрт дамуының және оның әлеуметтік рөлі арта түсуінің негізгі екі факторы болып табылады.

XX ғасырдың 70 -80-ші жылдарында болашақты супериндустриалды, технотронды, кибернетикалық, ақпараттық қоғамдар шеңберінде қарастырған бірнеше тұжырымдама пайда болды. Оларға мынадай екі алғышарт тән: 1) қоғамның негізгі факторларының бірі ретінде ақпараттық техника аталады, соның арқасында "ақпараттық қоғам" ұғымы біртінд еп басқаларды ығыстырады; 2) ақпараттық қоғамды техносфераның, қоғамның тарихи, мәдени және әлеуметтік -экономикалық дамуының ерекше кезеңі ретінде қарастырады. Тоффлердің айтуынша, техникалық өзгерістер үш кезеңнен өтеді: біріншісі аграрлық мәдениетпен байланысты, екіншісі - индустриалды, үшіншісі - ақпараттық. Жер, еңбек, капитал, шикізатқа қарағанда ақпарат аса маңызды мәнге ие болады, ал бұқаралық стандарттандырылған өндіріс информатика мен супертехнологияларға сүйенетін қолөнері, ой еңбегі негізінде жасалатын жеке "әсіптік" жаңа жүйемен алмастырылады. Мұндай өндірістің соңғы өнімі стандарттандырылған миллиондаған бірдей тауарлар емес, жекелеген, қайталанбас тұтыну және қызмет өнімі болып табылады. Көптеген авторлардың пікірінше, мұндай қоғамды орнатудың ең жақсы тәсілі бюрократия емес, адхократияқандай( да бір нақтылы міндетті шешуге бағытталған уақытша ұйым). Тоффлердің пікірінше, ақпараттық қоғамға тән ең басты белгілер мыналар:

экономикалық және әлеуметтік өмірдің барлық қырын бұқаралық және стандарттық сипаттардан арылту;

қоғамда болып жатқан өзгерістердің қарқындылығы, инновациялардың жоғары деңгейлілігі.

Қалыптасып келе жатқан ғаламдық ақпараттық қоғамда ақпараттың рөлі мен мәні артып отыр. Ақпараттық технологиялардың төңкерістік ісәрекеттері ақпараттық қоғамда таптарды әлеуметтік жіктелмеген "ақпараттық қауымдастықтармен" алмастыруға алып келеді (Е. Масуда). Тоффлер

дәстүрлі епетейсіз корпорацияларға "шағын" экономикалық қалыптарды - үйдегі жеке индивидуалды қызметті, "электронды коттеджді" қарсы қояды. Олар ақпараттық қоғамның инфо, техно және адам тұрмысының басқа да салаларының жалпы құрылымына енгізілген. Теледидар, компьютер қызметі және энергетика синтезі негізінде "Ғаламдық электрондық өркениет" жобасы - «телекомпьютерэнергетика» жасалуда (Дж. Пелтон). "Компьютерлік төңкеріс" біртіндеп дәстүрлі баспаны "электрондық кітаптармен" алмастыруда, идеологияны өзгертіп, жұмыссыздықты, бос уақытын қызықты өткізуге айналдыруда (X. Эванс). Әлеуметтік және саяси өзгерістер ақпараттық қоғам теориясында "микроэлектрондыөңкерістің" тікелей нәтижесі ретінде қарастырылады. Демократияны дамыту болашағы ақпараттық техниканы таратумен байланыстырылады. Тоффлер және Дж. Мартин оның басты рөлін азаматтар мен үкіметті тікелей байланыстыратын, шешім қабылдауда олардың пікірін есепке алатын телекоммуникациялық "кабельдік желіденөреді" к. Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы технологиялық детерминизмнің әлсіздігін, қоғамды компьютерлендірудің жағымсыз қырларын алға тартқан гуманистік бағытты ұстанатын философтар мен ғалымдардың тарапынан сынға ұшырады.

Американдық социолог Э.Тоффлердің үшінші билік – ақпараттық билік деп айтуы да тегін емес. Ол біздің дәуірімізге тән негізгі белгілерді сипаттай отырып, мынадай баға береді: «Интерактивтілік, мобильділік, өзара байланыс мүмкіндігі, қайтымдылық, жаһандану секілді белгілер. Осылардың барлығы ендігі таңда жаңа биліктің – ақпараттық биліктің маңыздылығын көрсетеді» [3, 34 б]. Бұл жаңа, құдіретті және алғыр ақпараттық технологияның қанат жаюуымен байланысты және бүгінгі таңда б иліктің басты ресурсы ретінде білім мен қпарат табылады. Ақпаратты өндіру, оны алмасу және тұтыну басқару қызметінің ең қажетті атрибуты болып есептелетін бүгінгі таңда - бұл біз өмір сүріп отырған дәуірдегі өзекті мәселелердің біріне айналуда. Жаңа ақпараттық технологиялардың енуі дәстүрлі басқару саласын түбегейлі өзгерістерге алып келді. Қазіргі таңда бүкіләлемдік ақпараттық кеңістік процесі қарқынды түрде жүруде. Қазіргі шетелдік ақпарат жүйесінде бұқаралық ақпарат құралдары биліктің қайнар көзі ретінде қарастырылады. Қазіргі зерттеушілердің айтуынша, ақпараттың пәрменділігі өзінің әсер етуі жағынан ядролық қарудан асып түспесе, кем түспейтін көрінеді.

Ақпараттық қоғам төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады: ақпараттық-технологиялық жарылыс тудырған қоғамның жаңа түрі; білім қоғамы; ақпарат алмасуда уақыт, кеңістік, саяси шекаралар деген ұғымдардың әсері жоқ жаһандық қоғам. Ақпараттық қоғам құру 1980 жылдардың аяғында барлық дамыған елдердің стратегиялық мақсаттарының біріне айналдыҮлкен. сегіздік елдері 2000 жылы шілденің22 -сінде қабылдаған “Ғаламдық ақпараттық қоғамның Окинавалық Хартиясында”: “Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ХХI ғасырдағы қоғамның қалыптасуына ықпал ететін аса маңызды факторлардың бірі болып табылады” [4] деп тұжырымдалды.

Соңғы біздің көз алдымызда өтіп жатқан әлеуметтік-технологиялық революция ақпараттық-компьютерлік революция болып табылады. Олқоғам өмірі мен адам өмірінің бүкіл саласын ақпараттандырудың негізінде іске асады.

Жаңа өркениетке анықтама беруге көптеген ғалымдар ұмтылды. Дж.Литхайм - постбуржуазиялық, Р.Дарендорф - посткапиталистік, А.Этциони - постмодернистік, К.Болдуинг - постөркениеттік, Г.Кан - постэкономикалық, С.Алстром - постпротестанттық, Р.Сейденберг - посттарихи, Р.Барнет - постмұнайлық қоғам туралы айтады.

Мұнан ары қарай постиндустриалдық қоғам теориясы ақпараттық қоғам концепциясында нақтылана түседі. Ақпараттық қоғамның әр түрлі варианттары Д.Белл, А.Кинг, Дж.Мартин, А.Нормен, С.Нора, Дж.Нейсбит, Й.Масуда, Дж.Пелтон, М.Понятковский, Ж.-Ж.Серван-Шрайбер және т.б. сияқты теоретиктермен даярланды. Жалпы алғанда, олар ақпараттық қоғамды постиндустриалдық қоғам ретінде түсіндіреді.

Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы З. Бжезинский, Д. Белл, А. Тоффлер негізінқалаған постиндустриалды қоғамның бір түрі болып табылады. «Ақпараттық қоғам» ұғымынан басқа әртүрлі авторлар әркелкі атаулар қолданады: «ағартылған қоғам» (К. Флекснер), «қатер қоғамы» (У. Бек), «посткапиталистікқоғам» (П. Друккер), «ашық қоғам» (Дж. Сорос). 1950-1970- шы жылдары техниканың, ком пьютердің қарқынды дамуы, жалпы ҒТТ салған жол арқылы адамзат баласының жаңа дәуірге аяқ басқандығы айқын байқалды. Адам баласының толық "техникаландырылған" және «ақпараттандырылған» әлемде өмір сүру, тіршілік ету мәселесі философтарды да толғандырмай қой мады, соның әсерінен «ақпараттық қоғам» тұжырымдамасы пайда болды (Тоффлер).

XX ғасырдың 70 -80-ші жылдарында болашақты супериндустриалды, технотронды, кибернетикалық, ақпараттық қоғамдар шеңберінде қарастырған бірнеше тұжырымдама пайда болды. Оларға мынадай екі алғышарт тән: 1) қоғамның негізгі факторларының бірі ретінде ақпараттық техника аталады, соның арқасында "ақпараттық қоғам" ұғымы біртіндеп басқаларды ығыстырады; 2) ақпараттық қоғамды техносфераның, қоғамның тарихи, мәдени және әлеуметтік -экономикалық дамуының ерекше кезеңі ретінде қарастырады. Тоффлердің айтуынша, техникалық өзгерістер үш кезеңнен өтеді: біріншісі аграрлық мәдениетпен байланысты, екіншісі - индустриалды, үшіншісі - ақпараттық. Жер, еңбек, капитал, шикізатқа қарағанда ақпарат аса маңызды әнгем ие болады, ал бұқаралық стандарттандырылған өндіріс информатика мен супертехнологияларға сүйенетін қолөнері, ой еңбегі негізінде жасалатын жеке "кәсіптік" жаңа жүйемен алмастырылады. Мұндай өндірістің соңғы өнімі стандарттандырылған миллиондаған бірдей тауарлар емес, жекелеген, қайталанбас тұтыну және қызмет өнімі болып табылады. Көптеген авторлардың пікірінше, мұндай қоғамды орнатудың ең жақсы тәсілі бюрократия емес, адхократияқандай( да бір нақтылы міндетті шешуге

бағытталған уақытша ұйым). Тоффлердің пікірінше, ақпараттық қоғамға тән ең басты белгілер мыналар:

экономикалық және әлеуметтік өмірдің барлық қырын бұқаралық және стандарттық сипаттардан арылту;

қоғамда болып жатқан өзгерістердің қарқындылығы, инновациялардың жоғары деңгейлілігі. Қалыптасып келе жатқан ғаламдық ақпараттық қоғамда ақпараттың рөлі мен мәні артып отыр. Ақпараттық технологиялардың төңкерістік іс-әрекеттері ақпараттық қоғамда таптарды әлеуметтік жіктелмеген "ақпараттық қауымдастықтармен" алмастыруға алып келеді (Е. Масуда). Тоффлер дәстүрлі епетейсіз корпорацияларға "шағын" экономикалық қалыптарды - үйдегі жеке индивидуалды қызметті, "электронды коттеджді"қарсы қояды. Олар ақпараттық қоғамның инфо, техно және адам тұрмысының басқа да салаларының жалпы құрылымына енгізілген. Теледидар, компьютерқызметі және энергетика синтезі негізінде "Ғаламдық электрондық өркениет" жобасы - «телекомпьютерэнергетика» жасалуда (Дж. Пелтон). "Компьютерлік төңкеріс" біртіндеп дәстүрлі баспаны

"электрондық кітаптармен" алмастыруда, идеологияны өзгертіп, жұмыссыздықты, бос уақытын қызықты өткізуге айналдыруда (X. Эванс). Әлеуметтік және саяси өзгерістер ақпараттық қоғам теориясында "микроэлектронды өңкерістің" тікелей нәтижесі ретінде қарастырылады. Демократияны дамыту болашағы ақпараттық техниканы таратумен байланыстырылады. Тоффлер және Дж. Мартин оның басты рөлін азаматтар мен үкіметті тікелей байланыстыратын, шешім қабылдауда олардың пікірін есепке алатын телекоммуникациялық"кабельдік желіден" көреді. Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы технологиялық детерминизмнің әлсіздігін, қоғамды компьютерлендірудің жағымсыз қырларын алға тартқан гуманистік бағытты ұстанатын философтар мен ғалымдардың тарапынан сынға ұшырады.

Ақпараттық қоғамда биліктің, оның институттарының дамуына мүмкіндік беретін ең алдымен озық ақпараттық технологиялар негізінде құрылатын барлық деңгейдегі коммуникативтік өзара қатынастың жаңа жүйесін жасау болып табылады. Оған қоса, соңғы кездері әлемнің көптеген елдерінде мемлекеттік басқару күрделене түсуде, соған сәйкес мемлеке ттік қызметшілер саны да артып барады. Ал оларды оңтайландырудың бірден-бір жолы – тиімді қпараттық басқару жұмысын дұрыс жолға қою. Мұның барлығы жаңаша ақпараттық технологияларға деген биліктің мұқтаждығын өсіре түсуде. Бүгінгі ақпараттандыру дәуірінде жаңа ақпараттықкоммуникациялық технологияларды игеру мен саяси жүйеге енгізу ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кепілі болып қалуда.

Ақпараттық қоғам алаңында ақпарат пен білімге негізделген жаңа биліктің түрі басымдыққа ие болып келеді. Жаңа биліктің негізгі сипаты болып – білімнің синтезі ретіндегі интеллект, ақпарат пен комуникация, әлеуметтік-мәдени құндылықтардың рухани күші секілді ерекшеліктер бейнеленуде. Қоғам неғұрлым интеллетуалды қоғамға айналған сайын,

ондағы қоғамдық пікір мен әлеуметтік психикананың ерекшеліктерін ескермей, сол қоғамдағы басқару қиынырақ болады.

Ақпараттық мәдениет – жалпы мәдениет ретінде, көпфункционалды құбылыс. Дегенімен, әлеуметтік модернизациялауда маңызды факторына айналдыратың, медиамәдениетті тікелей бейнелейтің функцияларына тоқталатын болсақ.

Ақпараттық қызметі. Біріші кезекке сөзсіз, ақпаратық функция шығады, себебі ақпараттық қоғам өзімен бірге, табиғат білмейтін, ақпараттық процестің ерекше типін көрсетеді. Медиамәдениеттің арқасында қоғамда ақпаратты сақтау және жинау мүмкіндікке айналады. Ақпартты өңдеу бойынша программалар мен жадысы бар компъютерлік техникалардың арқасында, сонғы он жылда медиамәдениеттің ақпараттық функциясының рөлі артты.

Коммуникативттілік қызметі. Көрсетілген қызмет, ақпаратпен тығыз байланысты болғандықтан, көптеген зерттеушілер оларды кездейсоқ біріктірмейді. Коммуникативтіқызметтің мәні, медимәдениет – бұл: индивид, әлеуметтік топтар, халықтар, әртүрлі елдермен, билік пен қоғамның және т.б. қатынас әрекетінен тұрады. Медиамәдениеттің коммуникативтілік қызметі, тарихи-философиялық және тарихи-контексте мәдени ақпараттың алмасуының жүру барысында, әлеуметтік процесс интенсификацияланатың, оған мәдени сұхбаттастықтың мықты катализаторылық шығуына мүмкіндік береді.

Коммуникацияның амалдары мен формасының дамуы – адамзаттың мәдени іс-әректінің маңызды аспектісі. Оның дамуының барысында адамдар, қарапайым барабан сегналдарынаң бастап, заманауи спутниктік телевидения және компъютерге дейінгі - әртүрлі ақпараттарды алмасу мен берудің ерекше кең мүмкіндіктеріне ие болды. Баспа мәдениеті (жазба) ғасырлар мен арақашықты жеңе отырып, уақыт пен кеңістік бойынша адамдардың қатынасы үшін кең мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда бұқаралық коммуникация құралдарын дамытудағы ең мықты прогрессі, бүкіл әлемді қамтып, кез келген ақпарат қайнарларымен бір сәтте байланысқа түсуді қол жетерлік қылатын Интернет пен компъютер болып табылады.

Нормативтілік (идеологиялық) қызметі. Көрсетілген қызмет, көрсетілген әлеуметтік топ пен көрсетілген қоғамға сай келетін, идеал, норма, білім, онымен әлеуметтік тәжірибені игеру мен тұлғаның әлеуметтену процессіне медиамәдениет жауапкершілік алуына байланысты көрінеді. Бұған салт-дәстүр, этикет, әдеп, заңдар мен коституциялық актілер – бір сөзбен айтсақ, мұның барлығы жиынтығында, құқық, морал және идеология деген сияқты күрделірек комплекстерді құрайды.

Бұның бәрі, қоғамның сақталуын қамтамассыз ететің, ондағы қалыптасқан өмір формасының құрлымдары, онсыз тұлғаның әлеуметтендіру процессі үмкін емес, құндылықты бағдарлар ы. өзсізС, қоғам трансформацияланып, өзгеріп, модернизацияланып отырады, ал, бұқаралық коммуникация жүйесінің рөлі өтпелі және дағдарыс кезеңде күшейе түсетіні

даусыз. Осыдан келіп нормативтілікқызметтің маңыздылығы мен керектігі көрінеді.

Релаксациялық (ойын-сауықтық) қызметі. Релаксациялық (латын тілінде, relaxation - босаңсу) қызмет тұлғаның физикалық және психикалық босаңсуы мен күш жинау қажеттілігімен байланысты. Мұны әсіресе электрондық БАҚ заманауи адамға толыққанды ұсына алады.

Хейзенганың концепциясы бойынша, «Homo Ludens» («Человек играющий») кітабында талданғандай, ойын – бұл тек мәдениеттің шығу тегінің формасы ғана емес, сонымен қатар мәдениет дамуының қозғаушы күші, барлық мәдени іс-әрекеттің міндетті элементі [5]. Ежелгі грек философиясынан өзінің ойына нақтылау таба отырып, Хейзенга – «Барлығы ойын» деп ұжырымдадыт. Платон: «Адам құдайдың ойыншығы ретінде қызмет ету үшін жаратылған» - деп ұжырымдайдыт. – Ол, ңе ғажап ойындарды ойнай отырыпөзінің, табиғатын тыңдап, өзінің өмірін солай өткізу керек» [6].

Медиамәдениеттің құраушы бөлігі болып табылатын, ойын-сауықтың заманауи индустриясы, релаксацияның арнайы құралы – танымал жанрдағы фильмдерден бастап (детектив, триллер, эротикалық мелодрама, фантастика және т.б.) телевидения бойынша интерактивті ойындар немесе компъютер әлемінде виртуалды саяхатқа дейін ұсынатын, көп мүмінкдікті ұсынады. Көрсетілген релаксацияның құралдары, әлеуметтік зерттеудің мәліметтері көрсеткендей, тұтынушының психикасына әрқалай әсер етуге қабілетті.

Креативтілік қыз меті. Медиамәдениеттің тағы да бір негізгі қызметтерінің бірі, тіршілік ортасы мен қоршаған ортаны, әлемді игеру мен қайта жасау немесе өзгерту болып табылады. Индивид БАҚ-тан алынатын ақпарат арқылы, оны әртүрлі көзқараста: философиялық, адамгершілік, экономикалық, эстетикалық, құқықтық және т.б. талдай отырып, әлем жайындағы өзінің танымын кеңейтеді; сонымен қатар, өзін қоршаған әлемді тану ниеті, адамзат болмысы мен табиғатының құпиясына енуге және білуге құштарлығы оянады. Медиамәдениет индивидтің «тікелей тәжірибесінің» шекарасын ңейтуменке қатар тұлғаның қалыптасу процессіне, дүниетанымдық бағытына ықпал етуге қабілетті.

Медиамәдениеттің креативтілік қызметі, оны барлық мүмкін қайшылықтар мен катаклизмге дайындай отырып, индивидке көптеген сұрақтарға жауап тауып,қоршаған ортаға, заманауи өмірге бейімделуіне мүмкіндік береді. Бұл процесс тек білім беру мен тәрбиелеуге жақын емес, сонымен қатар медитацияға, себебі оның өмір сүру мен жасау қабілетіне, тұлғаның өзін-өзі тану қабілетінің қалыптасуына септігін тигізеді.

Интеграциялық қызметі. Мәдениет халықтарды, әлеуметтік топтарды және мемлекетті біріктіреді. Бұл ақиқат. Сақталған мәдени мұралар, ұлттық дәстүрлер, тарихи ескерткіштер ұрпақтар арасындағы байланысты орнатады. Мәдени бірлікті әлемдік діндерменде сақталады.

XX ғасырдың аяғы, әлемдегі медиамәдениеттің қызметіңе айтарлықтай ықпал еткен, жаһандық ақпараттық және коммуникациялық технологияның дамуындағы болмаған секірістермен бастау алады. Ақпаратты берудің түрлі-

түсті амалдарына негізделген, спутниктік телевидение, желілік технологиялар, ақпарат арнасын таратудың жаңа аумағының қалыптасуына алып келді. Компътер желілеріұлттық, аумақтық және жергіліктерді біріктіретің, бұрын сонды болмаған, ақпаратты еркні алмасудың қайнарына айналды. Соныменқатар, интернет әртүрлі мәдениеттерді біріктіретін интеграцияның мықты факторына айналды. Сонымен бірге мәдениеттің ерекшеліктері сақталып, бұл айырмашылықтар жойылмай, керсінше әртүрлі дәстүрлерге бірігеді. Сондықтан, медиамәдениеттің интеграциялық қызметі, мәдениеттің өзіңдік болмысын жоюуға емес, керсінше планетаның халықтарының арасындағы өзара түсіністік пен бейбітшілік үшін мәдениеттің біріктіруіне бағытталған.

Сарапшылық қызметі. Медиамәдениеттің, қоғамның құрлымы арасындағы байланысты орнатушы, әлеуметтік сарапшы ретіндегі өлір жоғары. Ол әртүрлі әлеуметтік топтардың бір-бірімен байланысып,қатынас орнатуына мүмкіндік береді. Осыған байланысты медиамәдениет қоғамды басқарудың инструменті ретінде, ереше мәнге ие болады.

Ақпарат басқа мәдениет түрлеріне қарағанда, басқарушылық және саяси қызметті нақты атқарады. Медианың адамдардың сезімі мен санасына мықты, көпқырлы және көлемді билігін есекере отырып, оны «төртінші билік» деп атауы тегін емес.

Масс-медианың сарапшылық қызметі, саяси тәуелсіздік пен жариялылық, демократия және плюрализм прнциптеріне негізделеген, азаматтық қоғам қалыптасу кезіңде күшейе түседі.

Соңғы жылдары адами, қаржылық, материалдық ресурстармен қатар басқару процесінің маңызды ресурстарының бірі ақпарат саналып отыр. Бүгінгі қалыптасып келе жатқан жаңа өркениеттің – ақпараттық өркениетте ақпарат стратегиялық маңызға ие болып отыр. Ақпаратты алудың көпканалды жүйесі туралы талдай отырып, Тоффлер бейнелі тілді қолданады: «Ақпараттық жарылыс тікелей адамдардың ортасында жарылып, бізге бытыранқы бейнелерді бере отырып, біздің ішкі әлем мен ішкі әрекеттеріміздегі қабылдауды түбірлі өзгертуде. Біздің басымызда бейнелердің қоймасы өмір сүретін секілді, біздің әр әрбіреуіміз шынайлықтың менталды моделін жасаймыз» [3, 46 б].Ақпаратты өндіру мен тұтыну қоғам өмірінің барлық саласындағы даму мен тиімді басқарудың негізіне айналып отыр.Қазіргі заманғы талап бойынша, ақпараттқа ие болу мүмкіндігі қоғамның барлық мүшелері үшін өмірлік маңызға ие құндылыққа айналып отыр.

Ақпараттандыру адамзаттың жаһандық сарқылмас қорына айналып, ақпарат билеген үздіксіз қозғалысқа ие дәуірге аяқ басты. Бұл дәуірде басқару құбылысы құлақ естіп, көз көрмеген дәрежедегі мүмкіндікке ие. Ақпараттандыру, басқару мен ұйымдастыру жаңа өркениеттік дәуірде прогреске жетелейтін зор локоматив секілді мемлекеттерңдіамуында қозғаушы күш қызметін атқаруда.

Әлеуметтік басқаруда ақпарат обьект пен субьект басқарудағы байланыстырушы буынқызметін атқарып, басқару іс -әрекетін дайындауды

қамтамасыз етуде, басқарушылық шешім мен оның қортындысын сипаттауда үлкен мәнге ие. Бұқаралық ақпарат құралдарының тағы да бір негізгі қызметтерінің бірі, тіршілік ортасы мен қоршаған ортаны, әлемді игеру мен қайта жасау немесе өзгерту болып табылады. Индивид бұқаралық ақпарат құралдарынынан алынатын қпарат арқылы, оны әртүрлі көзқараста: философиялық, адамгершілік, экономикалық, эстетикалық, құқықтық тұрғыда талдай отырып, әлем жайындағы өзінің танымын кеңейтеді, сонымен қатар өзін қоршаған әлемде тану ниеті, адамзат болмысы мен табиғатының құпиясына енуге әнеж білуге құштарлығы оянады. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін ақпарат индивидтің «тікелей тәжірибесінің» шекарасын ңейтуменке қатар, тұлғаның қалыптасу процесіне, дүниетанымдық бағытына ықпал етуге қабілетті екендігін дәлелдеуде.

Ақпаратты қолдану және алмасу тікелей технологияның дамуының нәтижесі деп білуге болады. Бұл сонымен қатар адам ақыл-ойының жемісі екендігін ұмытпауымыз қажет.

Біз әлі негізі ақпарат болып табылатын өркениетті өмір сүріп жатқанымызды білмейтін де шығармыз. Біз ендіғана Г.М. Маклюэннің «глобальды ауыл» ойынқабылдай бастадық. «Ғаламтор» әлемді бір ақпараттық жүйеге біріктірді, жаңа ойлау мен «әлемдік» сананы қалыптастырды. М.Мaклюэннің зepттeyлepi aдaмзaттың тeхникaлық өркениет арнасында дaмyының тaбиғaтын aнықтayдa өтe мeтaфopaлы болып келеді: «Бiзөзiмiздiң opтaлық жүйкe жүйeмiздi әлeмдiк дeңгeйгe дeйiн ұлғaйттық жәнe yaқыт пeн кeңicтiктi бiздiң ғaлaмшap көлeмiнiң шeкapacынa дeйiнгi өлшeм бoйыншa қыcқapттық... Шoғыpлaнғaн элeктpлiк күштiң қapқынымeн, қaзipгi кeздe әлeм – ayылдaн дaүлкeн eмec» [7]. Қазіргі кездегі видео, теледидар, интернетқылыар таралатын сонғы жаңалықтар ұсыныстары адамға басқа әлемді тану мақсатымен қатар “виртуальды” әлемнің жетістіктерін өзінің шығармашылық әректінің идеясын іске асыру мақсатында қолданып, экранмен интерактивті уақыт тәртібі бойынша индивидуалдық қатынас жасауға мүмкіндіктер туғызуда. Бірақ біздің санамызды шоу-бизнес, табиғ апаттар, атыс -шабыс сарынындағы ақпараттар емес, бізді бірінші кезекте елдік мәселелер толғандырып тұруы тиіс. Біздер үшін қоғамдық пікірді таратып қана қою аз, оны қалыптастыра да білуіміз керек.Өкінішке қарай, елдегі кейбір ақпарат құралдары арасында оқырман, көрермен пікірімен санаспау, өз идеясын зорлап тану пиғылы басым болып барадыұл., Бәсіре се, әуелсіздікт терісін жамылған басылымдарға қатысты. Әрине, кез-келген газеттің ұстанған бағыт-бағдары болады. Өзіндік ерекшеліктеріне қарай өз аудиториясын табады. Бірақ, жалған сенсация қуып арзан ақпаратқа, тапсырыстағы дүниелерге, мазмұны мәнсіз мақалаларға ешқандай жол бермегені абзал. Аталған ақпаратты бүгешігесіне дейін анықтап, нақты түсіндіру әрбір бұқаралық ақпарат құралдарының міндеті болып табылуы керек.

Жаңа өркениетке өтуге байланысты адамзаттың тарихи тағдырларындағы түбірлі өзгерістер болып жатқан жаңалықтарды пайымдау қажеттілігін тудырды. 20-жылдардың өзінде-ақ мұны алғаш сезінген

О.Шпенглер өзінің атақты “Европаның дағдарысы” еңбегінде бүгінгі индустриалды өркениеттің ақырының жалпы нобайын трагедиялық формада белгіледі. Онан кейін 40-жылдары австралиялық экономист К.Кларк жаңа қоғамның келе жатқанын айқын баяндап, оны жаңа экономикасы мен технологиясы бар ақпарат және қызмет көрсету қоғамы ретінде сипаттады. 50-жылдардың аяғында американдық экономист Ф.Махлуп жаңа қоғам туралы идеяны дамыта отырып, қпараттың маңызды тауарға айналатыны және ақпараттық экономиканың келетіні туралы тезисін жариялады. Және тек 60жылдардың соңында ғана постиндустриалдық қоғам теориясының негізін қалаушылардың бірі американдық әлеуметтанушы Д.Белл алдыңғыларымен салыстырғанда өзінің ақпараттық қоғам теориясында бұл қоғамның мәні мен сипаттамалық белгілерін ашуға тырысты.

Әсіресе, өзінің “Ақпараттық қоғамның әлеуметтік шеңбері” деген еңбегінде Д.Белл қоғамның негізгі салаларын жан-жақты қарастыра отырып, индустриалдық қоғамнан ақпараттық қоғамға өту барысында қазіргі қоғамның қандай өзгерістерге ұшырайтынын сипаттап жазады. Д.Беллдің пікірінше: “Келесі жүзжылдықта экономикалық және әлеуметтік өмір үшін, білім өндірісінің тәсілдері үшін, сонымен қатар адамның еңбек әрекетінің сипаты үшін телекоммуникацияларға негізделген жаңа әлеуметтік үрдістің қалыптасуы шешуші мәнге ие болады” [8]. Онан арықарай ол индустриалдық қоғамға тән үш сипаттамалық белгіні анықтайды:

1)индустриалдық қоғамнан сервистік қоғамға өту;

2)технологиялық жаңашылдықтарды жүзеге асыруда кодификациялық теориялық білімнің шешуші мәні;

3)жаңа “интеллектуалдық технологияны” жүйелік талдау мен шешім қабылдау теориясының негізгі құралына айналдыру.

Д.Белл индустриалдық және постиндустриалдық , дәлірек айтқанда ақпараттық қоғамның арасындағы принципиалды айырмашылықтарды айта келе, мына нәрселерге көңіл аударады: индустриалдық қоғам үшін машиналы технология қандай маңызға ие болса, интеллектуалдық технология ұйымдар мен әсіпорындардык басқаруды ң негізгі құралына айналатындықтан постиндустриалдық қоғам үшін сондай маңызды мағынаға ие болады. Осыған байланысты индустриалдық қоғамда еңбек пен капитал негізгі ауыспалылар болса, постиндустриалдықоғамда білім сондай шешуші ауыспалыға айналады. Оның үстіне Д.Белл қпарат пен теориялық білімді ақпараттық қоғамның стратегиялық ресурстарына жатқызады.

У.Дайзард өзінің “Ақпарат ғасырының қадамы” деген еңбегінде ақпараттық қоғам дамуының үш кезеңіне көңіл аударады: ақпаратты өндіру мен тарату бойынша негізгі экономикалық салалардың қалыптасуы; өнеркәсіптің өзге салалары мен өкімен үшін ақпараттық қызмет номенклатурасының кеңеюі; тұтынушылық деңгейде ақпарат құралдарының кең торабының қалыптасуы.

Трансформацияның бастапқы кезеңін М.Порат “алғашқы ақпараттық сектор” деп атады. ұндаМ ұлттық ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылымды құрайтын техника өндірушілер мен менеджерлер ғана,

яғни ат төбеліндей корпорация иелері ғана үстемдік етеді. Мұндай корпорацияның ең ірілерінің бірі - “Америкэн телефон энд телеграф” - 70-жылдардың аяғында әлемнің 118 елінің ұлттық өнімін (ВНП) барлығын қосып алғандағыдай кіріске ие болды.

Жаңа ақпараттық экономиканың екінші кезеңі де толығымен ене бастады. ұлБ кезеңде жаңа ақпараттық технологияның негізгі пайдаланушылары жеке және қоғамдық салалар болып табылады. Осы кезден бастап олардың ақпараттық технологияға деген сұранысы күшейе түседі. Мысалы, банк ісіқытуа өткен сайын қағаз ақшаның негізгі бөлігін алмастыратын “электронды қшаның” универсалды жүйесін қалыптастыру бағытына қарай жедел қарқынмен дами бастайды. Әдетте бұл процесс үй компьютерлері және өзге күрделі техникамен жүзеге асады. Әрбір үйдегі екі құрылғының—телефон және теледидардың көмегімен қызмет көрсетудің жаңа түрлерінің басым көпшілігі атқарылады. Бұл жүйелер қпараттық қызметтің жаңа базаларының эффективті каналдары бола алады.

Т.Стоунвер қпараттық қоғамның ерекшеліктері туралы былай деп жазады: “Байлықты адамдар жасайды. Адамдық капитал - постиндустриалдық қоғамның маңызды ресурсы”. Байлық техника құралдарының көмегімен технологиялық білімді және ұйымдастырушылықты жетілдіру арқылы қалыптасады. Сондықтан Т.Стоунвердің пікірінше “индустриалдық экономикадан постиндустриалдық экономикаға өтудің ең тиімді стратегиясы - бұл білімді, ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды кең ауқымды дамыту”. Сондықтан ақпараттық қоғамда ұлттық байлықтың өсуі ең алдымен білім мен технологияның прогресіне бағынышты болады. Осыған байланысты “постиндустриалдық қоғамда ұлттық ақпараттық ресурстар - негізгі экономикалық құндылық, байлықтың ең үлкен потенциалды көзі” деген Стоунвердің пікірімен келіспеуге болмайды.

Профессор А.И.Ракитовтың пікірінше, егер қоғам төмендегі параметрлерге сәйкес келсе, онда оны ақпараттық деп есептеуге болады:

1)егер кез келген адам, ұжым, кәсіпорын немесе ұйым өзінің өмірқамы жэне жеке немесеәлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешу үшін кез келген уақытта елдің кез келген нүктесінен кез келген ақпаратты ала алатын жағдайда;

2)егерқоғамда индивидке, ұжымға немесе ұйымға қажетті қазірг і ақпараттық технология қызмет ететін өндірілетін болса және жоғары пункттегі талаптарды өтей алатын болса;

3)егерғылыми -технологиялық және әлеуметтік-тарихи прогрестің үнемі жедел қарқынын ұстап тұруға қажетті мөлшердегі ұлттық ақпараттық ресурстарды қ алыптастыруды қамтамасыз ететін дамыған инфрақұрылым болған жағдайда;

4)егерөндіріс пен басқарудың барлық салаларында автоматтандыру мен роботтандырудың жеделдетілген процесі жүзеге асса;

5)егер ақпараттық әрекет пен қызмет салаларын кеңейтуге мүмкінді к беретін әлеуметтік құрылымда радикалды өзгерістер жүзеге асса.