Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Тланы ыты леуметтенуі

.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
118.27 Кб
Скачать

Осы құбылыстар туралы әлеумеггік түсініктердің өзі қоғамда мойындалған құқықтың ауқымына тәуелді әр түрлі қалыптасады. Құқығы шектеулі коғамда даралық түсініктер де шектеулі калыптасады. Адамның идеологиялық ұнатуларының үдемелі карқындылығы мен сипаты оның өмір сүретін тарихи жағдайларына екпінділікті мүлдем өзгертулер кезеңінде немесе бұрын қалыптасқан орнықты әлеуметтік-мәдени көзқарасгар жүйесінде өтіп жатқанына тікелей тәуелді. Басқарушы мен басқарылатындардың арасындағы қатынастарды, мемлекег және адамдарға қаншалықты жақын тұрғанына, қамқорлығының дәрежесіне, жеке мүдделер ортасына, әсіресе әлеуметтік қорғалу аясына енуіне байланысты түрленіп тұрады. Әрине, бұның бәрі тұлғаның саяси-құқықтык әлеуметтенуіне тікелей әсері тиіп, оның әлеуметтік өміріндегі барлық іс-әрекеттерінде, жүріс-тұрысында көрініс табады. Сондықтан құқықтық әлеуметтену дерексіз қаралуы мүмкін емес, оның қоғамдық қатынастардың қозғаушы себебі болатын бөлшектерінің нақты жиынтығын алып зерттейді.

Саяси-құқықтык әлеуметтендірудің тиімділігі, деңгейі қоғамдық мәнді жайттардың жиынтығымен өлшенеді, айқындалады. Қоғамның өзі қалыптастыру ортасы болғандықтан, оның негізгі тіршілік ететін жағдайларын анықтау қажет. Әлеуметтену, әсіресе құкықтық әлеуметтену, даудың бастауларының түйіні болып келеді. Дау-дамайды, пікірлердің туындауын топтық жіктелу түсініктерінен іздеу керек. Даудың себептеріне топтардың көптігі - әлеумттік, саяси, жасының, отбасының, мәдени мүдделері, қазыналары мен мөлшерлері қарама-қарсы тұру түсінігі мүмкіндік береді. Дара тұлға өмірінде кең ауқымды жағдаяттарға үйлесімді үндестіктен толық үйлеспеушілікке дейін қарсы келеді. Демек, құқықтық әлеуметтену осындай сан алуан тәжірибеден сұрыпталып алынған, бір-бірін үйлесімді толықтырушы және байытушы әлеуметтік құндылықтардың жиынтығы деп түсіндіруге болады. Ол түрлі ұғымдар, тұғырлар мен құндылықтар арасындағы күрес, қақтығыстың нәтижесін суреттейді, бірақ сонымен бірге оларға тән көпшілік қолдайтын ортақ өзегі бар.

Сөйтіп, құқықтық әлеуметтену үдерісінде тұлға өзінің әлеуметтік тобының ерекше мөлшерлері және құндылықтарымен қатар, оған қайшы келетін жалпы қоғамдық құндылықтарды қабылдауы тиіс. Жеке адамның құқықтық әлеуметтену ағымында ескі, жат мөлшерлерге қарсылық көрсетуге, оларды жоюға не- месе жаңартуга қолайлы жағдайлар пайда болады. Дара тұлға қайшылықты мөлшерлерді және құндылықтарды осындай қысыммен зорлап міндеттелудің аясында жүріп қалыптастырады. Оның бәрін жеке адам өз бойына сіңіреді, дарытады. Бұл ұрпақтан-ұрпаққа өтетін жүріс-тұрыстың орнықты пікірлері мен қалыптарын жай ғана қайталау емес. Сабақтастықтың болуы ұйғарылады.

Бірақ бірте-бірте, кезеңнен-кезеңге көзге көрінбейтін езгерістерді, "түзетулерді” үнемі әлеуметтік болмыстың ағымының бағыты өзі жасайды. Соған байланысты жеке адамдардың ұнатулары, бейімділіктері, көзқарастары өзгеріске ұшырайды. Бұрынғы дәстүрлер, қалыптар, таптаурындар, ұстанымдар, бейімділіктер мен ұнатулар біршама сақталып, жаңа жағдайларға байла- нысты белгілі бағытта жаңаруға ұшырайды. Жаңа әлеуметтік-экономикалық, саяси-кұқықтық, әлеуметтік-мәдени құбылыстардың оңды ықпалымен қатар барлық қарама-қарсылықтары да ажырағысыз қабыстырылып тұлғаның өн бойына енгізіледі. Бұл біздің өтпелі, жаңа экономикалық-саяси құрылымға көшуге байланысты қалыптасқан тарихи жағдайда айқын көрінеді. Нарықтық қатынастардың дамуы, осымен тығыз байланысты құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды құруды мұрат тұту жаңа талаптар мен құндылықтарды игеруге жол ашты, жаңа әлеуметтік мәртебелер мен рөлдерді орындауға мүмкіндік берді, сонымен қатар жаңа қайшылықтар, ауытқулар, әлеуметтік дерттер мен күйзелістерді әкелді. Бірақ мүлдем өзгеру мүмкін емес және жасы ұлғайған сайын оны жасау қиынға түседі, өйткені тұлға әлеуметтік ортаның әсеріне қарайды, бұрын қабылданған әлеуметтік қасиеттерге сүйеніп, жаңаны іріктеп алады. Сөйтіп, түбегейлі өзгеру адамдардың басым көпшілігіне тән емес. Сондықтан жеке адамның қасиеттері, даралығы (табиғаты), жасы, ал оның негізгісі - оның әлеуметтік-мәдени даму жағдайлары әлеуметтенудің ең маңызды факторы болады, қоғамның мәдени қазыналарын игеріп алу мүмкіндігін анықтайды.

Құқықтық әлеуметтендіру білім алу мен тәжірибе беру арқылы өтеді. Үйрету арқылы әлеуметтену бәрінен бұрын әлеуметтік рөлдердің, саяси және құқықтық жүйенің белгілі көлемдегі аса керекті ережелеріне сыйластықты, құрмет сезімін білдіріп дағдыландыратын мөлшерлерді тану мен игеруге негізделеді. Бұл үдеріске саяси және құқықтық мөлшерлерді, қоғамдық және саяси институттарды, олардың міндетті қызмет атқару тетігін білу кіреді. Осындай білім байлыгы оқиғалар өрбуін, барысын түсінуге және өзінің азаматтық парызын орындауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда дара тұлғаның алған білімі бастапқы жорамалдардың өзгеше жиынтығы есебінде ұсынылады. Бірақ бұл үдеріс объективті сипатта болуы мүмкін емес, өйткені тұлғаның түйсінуі бейтарап болмайды. Пән туралы кез келген ұғымдар, әр түрлі түсініктер кабылдаушы адамның тәжірибелік құндылықтар жүйесімен аракатынаста болуымен анықталады. Жеке адамның өзі оларды тұтастыққа біріктірілген түрде меңгеруге және оқып білуге әрекет жасайды және өзінің бағалау жүйесіне сүйенеді.

Тәжірибе беру арқылы әлеуметтендіру тұлғаның әлеуметтік саяси және құқықтық жүріс-тұрысының және іс-әрекетінің жемісі ретінде көрінеді. Адам атқаратын міндетті қызметтері арқылы қоғамның ұйымдастырылуының әр алуан қағидаларын және сая- си басқару тәртібін жете ұғына бастайды. Тәжірибеде ол игерген мөлшерлер мен құндылықтардың дұрыстығын сынай алады. Жеке тәжірибеде көргені мен жазылған мөлшерлердің араларындағы алшақтықтың тереңдігі оның алғашқы ұстанымдарына қай бағытта ықпал ететінін көрсетеді: олар әлсіреп, мүлдем өзгереді, не күшейеді. Білім алу және тәжірибені иеленумен қатар, бейнелі түрдегі әлеуметтену арнасы сана мен жүріс-тұрыстың қалыптасуына маңызды ықпал жасайды, яғни жеке адамның тікелей тәжіри- бесі мен оқудан басқа жолы болатын құқықтық әлеуметтенудің түрі. Бұл жағдайда тұлғаның түсініктері өзі кіретін партия тобының, таптың, тағы басқа қауымдасулардың мүшелерінің пікірлері, бағалаулары, сыртқы ықпалға берген жауаптары арқылы қалыптасады. Солай қалыптасқан ұғымдарға - “ел”,“отан", “ұлт”, "отбасы” т.с.с. бейнелі сөздерге саяси, құқықтық, әлеуметтік мағына беріледі. Ол әр қауымдасу түрғысынан өзіндік мәнге ие болады және оны дәл осы деңгейде зерттеу керек.

Тұлға өзінің басқа пікірлермен арақатынасының мағына жүйесін белгілеп, өзінің саяси және кұқықтық ойлауындағы әр түрлі түсініктері мен ұғымдарды ассоциативті (ойда байланыстыру арқылы) біріктіріп тұрады. Дерексіз ойлаудың құдіреті сол, кей кезде тұлға нақты тәжірибемен байланыстырмай, сезу арқылы әлеуметтік-құқықтық ғажайыптардың кез келгенін түйсінуге қабілетті. Себебі, барлық үғымдардың мағынасын бұрын танылған басқа саяси және құқықтық шындықтың құбылыстарымен жанама түрде ойша байланыстырады. Бірақ ешқандай түсінік, тіпті өте дерексізі де, айналадағыларға жайдан-жай тәуелді болып табылмайды. Даралық әлеуметтік және басқа да түсініктердің бәрі де, әрбір жеке адамның өзінің даму сатысына лайықты, тәжірибенің және саяси, әрі құкықтық ойлау заңдарына сай әрдайым өзгертілген және таңдалып алынған күйде қалыптасқан.

«Тұлға» ұғымына тоқтағанда мынандай екі мәнді ұғымды ескеру керек. Алдымен кезкелген адам баласын әлеуметтік тұлға деуге болады. Сонымен қатар тұлға деп қоғамдық өмірдін тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет және қарым-қатынас иесі, айналадағыны танып-білуші, өзіндік ой-пікірі бар, бойына елеулі әлеуметтік сапалар мен тәжірибе жинаған жеке адамды айтамыз.

Адам ұғымының мәні биологиялық және қоғамдық байланыстардың жиынтығы ретінде карауды талап етеді. Адамдар жануар әлемінен шыққандықтан, ең алдымен табиғи тірліктің иесі болып танылады. Ол ешқашан жануарларға тән қасиеттерден арылмақ емес. Бірақ та ол дүниеғе келген соң, қоғамдық өмір тіршілігіндегі әлеуметгік мәнді жайттар оның одан әрі қалыптасуы мен дамуының анықтаушы күшіне айналады. Сөйтіп адамның дамуын биологиялық және әлеуметтік ажырамас қасиеттердің бірлігі ретінде қарастырады.

Адамның мәні қоғаммен бірге өзгереді және дамиды. Оның қоғамға енуі, қосылуы әр түрлі әлеуметтік қауымдасулар, жіктер, топтар арқылы өтеді және осыған байланысты сан алуан әлеуметтік жүйелерге енгізіледі. Бұл жүйелер адамға ықпалын тигізеді. Бірақ адамның дүниетанымының өзгешелігі табиғи ерекшіліктердің негізінде қалыптасады. Адам өзіне ғана тән ұстанымдар мен құндылықтардың, ойлау таптаурындары мен жүріс-тұрыстың қалыптарының, сүйіспеншіліктер мен жек көрушіліктерінің, мақсаттары мен ниеттерінің, нанымдары мен теріс түсініктерінің кешенін, жиынтығын иеленеді. Бұл адамның балалық шақтан бастап қандай әлеуметтік ортада, отбасында, көшеде, мектепте т.т. еніп өскенін бейнелейтін жағдайларды көрсетеді. Әлеуметтік ортаның өзгеруіне бейімделу ағымында адамның үнемі өзгеріп, дамуына әсері тиеді.

Әлеуметтену жеке адамды қоғамның әлеуметтік маңызды /ерекшеліктері мен әлеуметгік қатынастарының тұлғада айқын (тұтаскан жүйесі ретінде түсіндіреді. Адамның қоғамға ену үдерісі, оның әлеуметтік байланыстарға қосылуы және әр түрлі әлеуметтік қауымдасуларға интеграциялануы (біріктірілуі, тұтастыққа кірігуі) барысында даралықтың әлеуметтілігі қалыптасады. Биологиялық тірлік иесі ретінде адамның әлеуметтік тіршілік жаратылысына айналуының бүкіл үдерісі әлеуметтендіру деп аталады. Әлеуметтік кеңістік биологиялық, табиғи жағдайлар сияқты адамның ішкі негізіне сай лайықты қасиеттср мен белгілерді қалыптастырады.