Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Kazakhi_v_Rossii_Istoria_i_sovremennost_tom-1_Omsk_2010

.pdf
Скачиваний:
0
Добавлен:
26.01.2024
Размер:
6.12 Mб
Скачать

Министерство культуры Омской области Омский государственный университет им. Ф.М. Достоевского

Омский филиал Института археологии и этнографии Сибирского отделения РАН

КАЗАХИ РОССИИ: ИСТОРИЯ И СОВРЕМЕННОСТЬ

Материалы Международной научно-практической конференции

В двух томах

Том 1

Омск

2010

УДК39

ББК 63.5я43 К143

Рецензенты:

д-р ист. наук С.Е. Ажигали, д-р ист. наук Ж.О. Артыкбаев,

д-р ист. наук А.В. Ремнев

К143 Казахи России: история и современность: материалы Международной научно-практической конференции (20–22 мая 2009 г., Омск): в 2 т. / отв. ред. Ш.К. Ахметова, И.В. Толпеко, Н.А. Томилов. – Омск: Изд-во Ом. гос. ун-та, 2010. – Т. 1. – 308 с.

ISBN 978-5-7779-1125-4

В сборнике представлены статьи, посвященные различным проблемам истории и культуры казахов.

Для историков, археологов, этнографов, культурологов, политологов и всех интересующихся историей и культурой Казахстана и России.

УДК 39

ББК 63.5я43

ISBN 978-5-7779-1123-0

Редакционная коллегия:

канд. ист. наук Н. Алимбай, канд. ист. наук Ш.К. Ахметова (отв. ред.), канд. ист. наук И.В. Толпеко (отв. ред.), д-р ист. наук Н.А. Томилов (отв. ред.), д-р филол. наук С.Е. Байменше, канд. ист. наук К.Н. Балтабаева, д-р ист. наук

Н.Е. Бекмаханова, д-р ист. наук Ж.А. Ермекбаев, канд. ист. наук А.Г. Селезнев, Г.С. Тасмагамбет

ISBN 978-5-7779-1123-0 (Т. 1)

© Оформление. ГОУ ВПО «Омский

ISBN 978-5-7779-1125-4

государственный университет

 

им. Ф.М. Достоевского», 2010

 

© Омский филиал Института археологии

 

и этнографии СО РАН, 2010

Омбы облысының Мəдениет министрлігі Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті

РҒА Сібір бөлімшесінің Археология жəне этнография институтының Омбы филиалы

РЕСЕЙ ҚАЗАҚТАРЫ: ТАРИХ ЖƏНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН

Екі томдық халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары

1-том

Омбы Омбы мемлекеттік университетінің баспасы

2010

УДК39

ББК 63.5я43 К143

Рецензенттер:

тарих ғыл. докт. С.Е. Əжіғали, тарих ғыл. докт. Ж.О. Артықбаев, тарих ғыл. докт. А.В. Ремнев

К143 Ресей қазақтары: тарих жəне қазіргі заман: eкі томдық халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (Омбы қаласы, 20–22 мамыр 2009 ж.) / жауапты редакторы Ш.Қ. Ахметова, И.В. Толпеко, Н.А. Томилов. – Омбы: Омбы мемлекеттік университетінің баспасы, 2010. – 1-т. – 308 бет.

ISBN 978-5-7779-1125-4

Жинақта қазақ тарихы мен мəдениетіне арналған мақалар жинақталған.

Кітап тарихшыларға, археологтарға, этнографтарға, мəдениеттанушыларға, саясаткерлерге сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің тарихы жəне мəдениеті қызықтыратын барлық оқырманға арналған.

УДК 39

ББК 63.5я43

ISBN 978-5-7779-1123-0

Редакция алқасы:

тарих ғыл. канд. Н. Алимбай, тарих ғыл. канд. Ш.Қ. Ахметова (жауапты редактор), тарих ғыл. канд. И.В. Толпеко (жауапты редактор), тарих ғыл. докт. Н.А. Томилов (жауапты редактор), филол. ғыл. докт. С.Е. Байменше, тарих ғыл. канд. К.Н. Балтабаева, тарих ғыл. докт. Н.Е. Бекмаханова, тарих ғыл.

докт. Ж.А. Ермекбаев, тарих ғыл. канд А.Г. Селезнев, Г.С. Тасмағамбет

ISBN 978-5-7779-1123-0 (1-т)

© Ф.М. Достоевский атындағы Омбы

ISBN 978-5-7779-1125-4

мемлекеттік университеті, 2010

 

© РҒА Сібір бөлімшесінің Археология

 

жəне этнография институтының Омбы

 

филиалы, 2010

Ministry of Culture of the Omsk Region

Dostoevsky Omsk State University

Omsk division of Institute Archaeology and Ethnography SB RAS

KAZAKHS OF RUSSIA:

THE HISTORY AND THE PRESENT

Proceedings of the International scientifically-practical conference

In two volumes

Volume 1

Omsk

Omsk State University Publishing House

2010

УДК39

ББК 63.5я43 К143

Reviewers:

Dr. hist. S.E. Azhigali, Dr. hist. Z.O. Artykbaev,

Dr. hist. A.V. Remnev

К143 Kazakhs of Russia: the history and the present: the proceeding of the International scientifically-practical conference (May, 20–22, 2009, Omsk): in 2 volumes / ex. ed. Sh.K. Ahmetova, I.V. Tolpeko, N.A. Tomilov. – Omsk: Omsk State University Publishing House, 2010. – V. 1. – 308 p.

ISBN 978-5-7779-1125-4

Articles devoted to various problems of history and culture of Kazakhs are included in the proceedings.

For historians, archeologists, ethnographers, culturologists, political scientists and those who are interested in history and culture of Kazakhstan and Russia.

УДК 39

ББК 63.5я43

ISBN 978-5-7779-1123-0

Editorial board:

Cand. hist. N. Alimbay, Cand. hist. Sh.K. Ahmetova (ex. ed.), Cand. hist. I.V. Tolpeko (ex. ed.), Dr. hist. N.A. Tomilov (ex. ed.), Dr. phil. S.E. Bajmenshe, Cand. hist.

K.N. Baltabaeva, Dr. hist. N.E. Bekmahanova, Dr. hist. Z.A. Ermekbaev, Cand. hist. A.G. Seleznev, G.S. Tasmagambet

ISBN 978-5-7779-1123-0 (V. 1)

© Dostoevsky Omsk State University,

ISBN 978-5-7779-1125-4

2010

 

© Omsk division of Institute Archaeology

 

and Ethnography SB RAS, 2010

«РЕСЕЙ ҚАЗАҚТАРЫ: ТАРИХ ЖƏНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫ МЕН ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА

(ОМБЫ ҚАЛАСЫ, 2009 ЖЫЛҒЫ 20–22 МАМЫР)

Қадірлі достар!

Біздің елдеріміздің өзара қарым-қатынастарын одан əрі жетілдіруге елеулі ықпал ететін «Ресей қазақтары: тарих жəне қазіргі заман» халықаралық конференциясының өткізілуімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын жəне осынау игілікті істеріңіз табысты болсын деген ізгі тілегімді жолдаймын!

Қазақстан мен Ресейді өткен тарихтың ортақтығымен қатар, берекелі болашаққа негізделген бүгінгі өзара тиімді ынтымақтастық қарым-қатынастар берік байланыстырып отыр. Екі ел арасындағы тату көршілік, əріптестік, шын мəніндегі туысқандық байланыстар қазір қай кездегіден де мазмұнды əрі маңызды бола түсті. Бұл іске Ресей Федерациясында тұратын мыңдаған отандастарымыздың елеулі үлес қосып келе жатқанын сезіну аса сүйінішті.

Кез келген ұлтты оның төл тарихы мен мəдениеті танытады. Отандастарымыз Ресей жерінде қоғамдық ұйымдар құрып, ұлттық даралығын, ана тілін, салт-дəстүрлерін сақтап, қазақ мəдениетін кеңінен насихаттауда. Бұл бағыттағы байыпты қадамдар баянды жемістерге жеткізіп, ұлтымыздың ішкі береке-бірлігін арттыра берсін.

Қазақстан мен Ресейдің өзара іс-қимылының жəне тығыз ынтымақтастығының түйінді мəселелерін отандастарымыздың ты- ныс-тіршілігі аясында келелі талқылау арқауына айналдырған халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысының нəтижелі болуына тілектеспін. Бұл конференция екі ел арасындағы қарым-қатынастардың алдағы уақытта да достық пен ынтымақтастық рухында дамуына игі серпін береді деп сенемін.

Құрметтен,

 

Қазақстан Республикасының

 

Ресей Федерациясындағы

 

Төтенше жəне Өкілетті Елшісі

Əділбек ЖАҚСЫБЕКОВ

Мəскеу қаласы, 2009 жылғы мамыр

 

 

7

ПРИВЕТСТВИЕ ГУБЕРНАТОРА ОМСКОЙ ОБЛАСТИ Л.К. ПОЛЕЖАЕВА

УЧАСТНИКАМ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНОПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ «КАЗАХИ РОССИИ: ИСТОРИЯ И СОВРЕМЕННОСТЬ» (20–22 МАЯ 2009 ГОДА)

Уважаемые коллеги!

Сердечно приветствую всех участников и гостей Международной научно-практической конференции «Казахи России: история и современность».

Изучение истории и культуры народов, населяющих нашу многонациональную родину, сохранение гражданского согласия, воспитание уважения к духовным традициям, развитие межрегиональных и международных связей в наши дни приобретают особую актуальность.

На Омской земле в мире и согласии проживают и созидают люди более 120 национальностей. На протяжении столетий здесь происходит интереснейший синтез традиций, обычаев, верований.

Вторую по численности этническую группу населения после русских составляют казахи, которые активно участвуют в политической и социально-экономической жизни региона, формировании атмосферы взаимоуважения в обществе, упрочении добрососедских отношений с народами Республики Казахстан.

Омское научное сообщество на протяжении последних десятилетий активно занимается изучением истории и культуры казахского этноса, заметно расширяя территориальные границы экспедиционной деятельности, обследуя ареалы компактного проживания казахов в сибирских регионах России и приграничных областях Казахстана.

Уверен, что проведение конференции внесет существенный вклад в исследование современных процессов, происходящих в российском обществе, будет способствовать формированию прочной научной платформы для осуществления практической деятельности по сохранению историко-культурной самобытности казахского народа.

Желаю вам успешной и плодотворной работы!

Губернатор Омской области

Л.К. Полежаев

8

Раздел 1 ИСТОРИЯ И КУЛЬТУРА КАЗАХОВ

Д.Ж. Əбішев

Қазақстан, Павлодар, мемлекеттік педагогикалық институты

XIX–XX ҒАСЫРДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫНДАҒЫ ОРТА ЖƏНЕ КІШІ ЖҮЗ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ САНЫ, ОРНАЛАСУЫ

Сонау 1750 жж. соңында Ресей империясы Қазақстандағы жағдайын нығайту мақсатында Кіші жүз бен Орта жүздің аумағын оңтүстік шығыстағы Ұлы жүзге жəне Орта Азияға жылжыту бағытындағы əскери бекет ретінде пайдалануға тырысты. Бұл аумақта мемлекеттік аумақтық-əкімшілік құрылымдар жүйесін орнату арқылы берік орныққан көшпенді қоғамның ішкі əлеуметтік-саяси құрылымына ену бағытын ұсынды.

Орта жүздің елді мекенінің əкімшілік-аумақтық қағидаларына сəйкес болды. Əр рудың Орда аумағынан шеткері көшіп қонатын аймақтары болды. Олардың иелігінде тек негізгі қоныстану жерлері мен пайдалынылатын жерлері, яғни құдықтар, көлдер, өзендер, жайылым жəне шабындық жерлері бекітілген еді.

Көшпенді рулар көп жағдайда жетік игерілмеген жерлерге орналасып отырды. Олар жазғы салым жақсы жайлау, шүгінді жер, уақытша қоныс іздеп жан-жаққа бытырап кеткенімен қыс мерзімінде қыстауға көшіп келіп, қатар қоныстануға тырысқан1. XIX–XX ғғ. Солтүстік Қазақстан аумағын негізінен Орта жəне кейбір бөліктерінде Кіші жүз қазақтары қоныстанды.

Солтүстік Қазақстанның уездері мен болыстарында ірі ру тектерінің қоныс теуіп жүргені туралы жеке-дара тоқталатын болсақ. Ақмола облысының Ақмола уезінде негізінен арғын тайпасының қуандық руы жəне оның алтай, ағыс, қалқаман, қарпық, борышы жəне темеш бөлімшелері орналасса, уездің солтүстік-шығыс бөлігінде қанжығалы руы, солтүстік-шығысында арғын тайпасының қарауыл руы, солтүстік бөлігінде – керей тайпасының құрсары руы

© Д.Ж. Əбішев, 2010

9

орналасты. Олардың жалпы саны 49,8 мың адамды құрады2. Ақмоланың батыс бөлігінде қыпшақ руы, ал шығысында қуандық руы, Петропавл уезімен шеттесіп жатқан бөлігінде қуандық жəне атығай рулары шоғырланды.

Ақмола жəне Көкшетау уездерінде арғындар саны – 50 мың адамды құрады. Олардың орналасу бағыттары Торғайдан Шығыс Казақстанға созылды. XX ғ. басындағы дерек бойынша Ақмола уезінің солтүстігіндегі Қызылтопырақ болысының 10 əкімшілік ауылдарында ерлер мен əйелдерді қоса есептегенде барлығы 5965 адам өмір сүрген. Бұл жерде негізінен арғын тайпасының қуандық руының алтай, қарпық, борышы жəне темеш бөлімшелері жəне керей уақ рулары өмір сүрді.

Ақмола облысының Атбасар уезінің солтүстік–шығысында арғындар, солтүстік-батысында жəне оңтүстік бөлігінде наймандар қоныстанған. Арғындардың жалпы саны 30 мыңнан асса, наймандар 40 мыңға жуық адамды құрады. Уездің солтүстігінде, яғни Атбасар жəне Жарқайың болыстарында мамын тайпалары, Терісаққан болысында – сүйіндік, Денгіз болысында – қуандық рулары қоныстанды.

Аймақтың солтүстік жəне солтүстік шығыс аудандарында керейлер орналасып, олардың жалпы саны 70 мыңға жетті. Керейлердің қалың орналасқан жері ретінде Петропавл уезі саналды. Уезде əйел мен ерлерді қоса есептегенде барлығы 20 мың адам тұрды. Уақтар кіші топтармен Солтүстік Қазақстанның барлық уездерінде шоғырланды. Петропавлда олардың саны – 10 мыңнан асты. Ақмолада тұрып жатқан уақ жəне керейлер саны – 10 мың адамды құрады. Арғын тектілерінің көршілері тарақтылар барлық Орта жүз аумағында орналасып, олардың негізгі бөлігі Атбасар уезінде – 1,3 мың адам өмір сүрді.

«XIX–XX ғғ. Көкшетау уезіндегі қазақ тайпаларының орналасу» картасына сəйкес уезд аумағында арғын, керей, уақ жəне қыпшақ тайпалары өмір сүрді. Уездің аумағында негізінен керей тайпасының ақсары руы жəне арғын тайпасынан тараған қарауыл жəне атығай рулары орналасты3. Уездің Көкшетау болысы 9 əкімшілік ауыл шарашылықтарын біріктіріп, оларда келесі рулар орналасты: қожағұл, бектас, байман, барақ, берде, монтай, қыпшақ, сұйыққара, елтоқ, жібек, дулат, манай, тоқтамыш, тебет. Көкшетау уезінің Жыланды болысының 9 əкімшілік ауылдың қысқы тұрақтарында келесі рулар орналасты. Олар: Қарамен өзені маңында – наурыз руы; Бірлік өзенінде – уақ, ақмамын, жаман-ноғай, еділ жəне кеге-дауыл рулары.

10