Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Конструкция авто лекция

.pdf
Скачиваний:
204
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
5.75 Mб
Скачать

блогі элетромагниттік тосқауылдаушы клапанды сӛндіреді де, (соңдық сӛндіруші тұйықталған болса да) отын берілуі басталады және қозғалтқыш біртіндеп еркін жүріс режиміне шығады.

ЗМЗ-4062.10- қозғалтқышының қоректену жүйесі ГАЗ-З102- автомобилінде отынды тікелей бүрку жүйесі қамтылған, (7.11сурет). Оның құрамына отын багі (4), тӛмен (5) және жоғарғы (8) қысымды құбырлардан, электрлік бензоторап (7) және отынды сүзгілерден (6) тұрады. Отын қысымын реттеуші (2) және электромагнитті бүркігіштен құралып, қозғалтқыш құбырынан құйылған. Кешенді микропроцессорлы жүйе қозғалтқыштың тұтандыру жүйесімен және бүркігіштермен отын бүркілу мезетін реттейді.

7.11-сурет. ЗМЗ-4062.10-

қозғалтқыштың отынды бүркуі бар тұтандыру жүйесінің сұлбасы:

1- электромагнитті бүркігіштер;

2- отын қысымын реттеуші;

3- отынды бакқа жіберу құбыры; 4- отын багі; 5, 8- төменгі және жоғарғы қысымды құбыршалар; 6,9- майда және ласты тазалаудың отындық сүзгілері; 7- электро бензин торабы.

8.«Дизелді қозғалтқыштың қоректену жүйесі».

8.1.Дизелдердегі қоспа жасалуының ерекшелігі.

Отынды жану қоспасын ауамен цилиндр ішінде қысу арқылы отынды ӛздігінен тұтату дизелді қозғалтқыштың негізгі ерекшелігі болып табылады. (ӛнер табыс иесінің атауымен аталады Р. Дизель).

Дизельдерде отын жоғарғы қысымды тораптан бүркігіштер арқылы цилиндрге қысым арқылы бүркіледі, ол сығу ырғағындағы ауаның қысымынан бүркелетін отын қысымы бірнеше есе кӛп болады. Қоспа жасалу отынның цилиндрге кіруінен басталады. Қоспа жасалу үрдісінің цилиндрде ауа мен отын ӛте кіші бӛлшектерге ыдырап, ол ӛз кезегінде конус тәрізді түрі бар отынды алауға айналады. Сондай-ақ, отын қанша мӛлшерде аз бӛлшектерге ыдыраған болса, мейлінше оның жануы жақсы болады.

Сығылған ауаның жоғары қысымы мен температурасы (сығу ырғағының соңында ауа температурасы 550-700° С тан артық болады, ал қысым — 3,5-5,5 МПа) оның жанып, булануына кӛмегін тигізеді.

Отынды қажетті тездетумен бүрку үшін, отынды тораппен қатар қозғалтқышқа отынды ертерек бере бастау қажет. Ол мезет ,яғни, уақыт отынды тораптан бүркігішке берілетін уақытпен байланысты. Отынды тораптан отынды берер кезге дейінгі мезет иінді біліктің қос иіні «ЖӚН» жетпейтін бұрышы отынды берудің озу бұрышы деп аталады.

Дизельдердің әртүрлілігі: олардың түтінсіз жұмысына сәйкес болатын ауаның артықшылық коэффицинтінің минималды мәні = 1,3-1,7 аралығында орнатады. Мұнымен қатар дизельдерді карбюратормен салыстырғанда олар үлкен үнемділігімен ерекшеленеді. Қоспа жасалуын жақсарту және жану үрдісі жұмыстық қоспа жасалу тәсілі мен жану камерасы түріне тікелей байланысты.

Бөлінбеген жану камерасы (8.1, а- сурет) ол қалпақша тәрізді жазықтығы (2) және піспек «ЖӚН» ұқсас болады, ал піспектің жоғарғы тӛбесі, яғни, жазықтығы арасындағы кӛлем

(3) болып табылады. Мұндай камераларда қоспа жасалу үрдісі сығылған ыстық ауаға

43

отынды бүркумен шартталады, ол дизелдің жану камерасы кӛлемінде болады, сондықтан да оларды кейде бір сызықты кӛлемді қоспа жасалу камерасы деп атайды.

Қазіргі дизельдерде кӛп қолданылатыны үлпекті қоспа жасалуы. Үлпекті қоспа жасалу жану камерасының шар тәрізді ыстық қабырғаларына қоспаның кӛп бӛлігі беріледі деп тұжырымдалған. Аталған қабырғада отын үлпек тудырады, кейіннен қабырғалардан жылу жартысын алған кезде қоспа жанып, буланады.

Үлпекті және кӛлемді тәсілдер былайша ерекшеленеді, 1) отынның негізгі бӛлігі алғашқыда буланады да және буланған күйде ауа мен камерада интенсивті құйындатушы қозғалыс нәтижесінде араласады, 2) бүркілген отын бӛлшектері тікелей ауамен араластырылады.

Тағы бір таралған түрі кӛлемдіүлпекті қоспа араласу арқылы жасалынады. Мұндай қоспа жасалу кӛп отынды дизельдер жасауға мүмкіндік береді, ол дизельмен қатар жоғары октанды бензин және спиртті (метанол) қолдануға мүмкіндік береді.

8.1- сурет. Дизельдердің жану камералары:

а- ЯМЗ-236; б- ЗИЛ-645; в- құйындатушы түрі.

Цилиндрлер қалпақшасында (4) орналасқан екі тесікті бүркігіштен (9) отын жану камерасына бүркеледі. Қабырға жанындағы тегеурін (8) жану камерасы құраушысының бойына бағытталған, ал кӛлемді тегеурін (7) камераның , яғни, оның центріне жақын ішкі кӛлемді қиып ӛтеді. Қабырғаға бағытталған тегеурін үрдісін кӛбінесе кӛлемді қабарғаға бағытталған үлпекті қоспа жасалу деп атайды. Басқа да қоспа жасалу үрдістерімен салыстырғанда бұл үрдіс жақсы үнемділікті қамтамасыз етеді және дизелдің цилиндр ішіндегі қысымының бірқалыпты ӛсуін, тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ дизельдің іске қосылу сапасын және экологиялық кӛрсеткіштерін түтіннің аздығы мен жұмыс істеп біткен газдардың улылығын азайтуға мүмкіндік береді.

Бөлектенген жану камералары екі кӛлемнен тұрады: негізгі кӛлем, ол піспек түбінің кеңістігінде орналасқан, ал қосымша кӛлемшығыр қалпақшасында орналасады. Камералар ӛзара арналармен байланысқан. Кӛбінесе бӛлінген немесе екі сызықты камералардың екі түрі қолданылады: құйынды және камера алды камералары қолданылады.

Құйынды камераларды дизельдерде (8.1, в- сурет) қосымша камераның (10) кӛлемі негізгі жану камерасынан 0,5- 0,7- мәнін құрайды. Негізгі (12) және қосымша (10) камералары ӛзара арнамен байланысады, ал ауаның құйынды қозғалысын қамтамасыз ететін қосымша камера тудырушыға тангенсиалды орналасады.

8.2. Дизельдердің қоректену жүйесінің негізгі құрылғылары

Отын және ауа кіргізуші аппаратура, шығарушы газ құбыры және жұмыс істеп біткен газдардың шуын азайтушы дыбыс сӛндіргіш дизелді қозғалтқыштың қоректену жүйесін құрайды. Кӛбірек тарағаны тӛрт ырғақты дизельдерде бӛлектенген түрде отын беруші аппаратура, онда жоғары қысымды отын торабы мен бүркігіштер құрылымы бӛлектеніп, ӛзара отын құбырларымен жалғасқан.

ЯМЗ-236 және -238 дизелдерінің отын аппаратурасы (8.2, а- сурет) құрамына келесі механизмдер мен тораптар кіреді: жоғары қысымды отын торабы (10), тӛменгі қысымды отын айдаушы торап (12), отын бүркелуінің тездету муфтасы (2), цилиндрлер қалпақшасында орналасқан бүркігіш (5), отынды ластай тазарту сүзгісі (20) отын багі (17), отынды майда тазалау сүзгісі (3), тӛменгі қысымды (7) және (8) отын құбырлары, жоғары қысымды отын құбырлары (9), отынды ағызып жіберуші (6,4) және (1) құбырлар.

44

Дизельдің таратушы білігі тісті беріліс арқылы жоғары қысымды отын сорабына жетек береді. Жетек білігі (15) мойынтіректерде орналасып, жабық қақпақпен жабылған (16). Отын бүркелуінің тездетілген автоматты муфтасы (2) арқылы ол сораптың жұдырықшалы білігімен байланысады. Тораптың артқы бітістігінде қақпақ, (11) астында дизельдің иінді білігінің әртүрлі режимде айналуын реттейтін реттегіш орналасқан.

8.2- сурет. Дизельдердің қоректену жүйесінің сұлбасы:

а- ЯМЗ-236; б- КамАЗ740; 1,4,6,33,35,15,38,39,44-

отынды ағызушы құбырлар ; 7,8,13,28,31, 37,41,45төмен қысымды отын құбырлары; 9,25жоғары қысымды отын құбырлары; 2- отынды бүркудің тездетілген муфтасы; 3,36майды

тазалау сүзгілері; 5,30бүркігіштер; 10,29жоғары қысымды отын сорабы; 11барлық режимді реттегіш қақпағы; 12,27отынды айдаушы сорап; 14қайта жіберуші клапан; 15білік; 16мойынтірек қақпағы; 17,40отын бактары; 18штуцер; 19сүзгі қақпағы; 20,43майда тазалау сүзгісі; 21сүзгі тұрқысы; 22сүзуші элемент; 23сүзуші элементтің құрылымы; 24отын тосқауылдаушы құбырша; 26отынды қолмен айдау сорабы; 32магнитті клапан; 34алаулы шырақтар; 42үштік.

Отын аппаратураларының механизмдері мен тораптарындағы отын айналысы тӛмендегідей іске асады. Отынды айдаушы тӛмен қысымды торап (12), отын құбыры (13) арқылы ластық тазалау сүзгісімен (20) бактан (17) отын сорады да, отынды артығырақ қысыммен майды тазалау сүзгісі (3) арқылы отын құбырларымен (7) отынды береді. Аталған сүзгіден отын құбыры (7) арқылы отын жоғары қысымды сорапқа келеді, кейіннен ол жоғары қысыммен отын құбырлары (9) арқылы дизелдің бүркігіштеріне (5) беріледі, одан отын цилиндрлерге бүркеледі. Тӛменгі қысымды отын сорабы дизельдің жұмысына қажетті қысымнан кӛбірек қысыммен отынды береді, сондықтан отынның жұмыс істемеген жарты бӛлігі қайта жіберуші клапан (14) және ағызушы құбырлар (6,4)

(1) арқылы қайта бакқа ағып кетеді. Бүркігіш (5) бӛлшектерінің саңылаулары арқылы ағатын отын, ағызушы құбыршалар (6) арқылы қайта бакқа ағып кетеді. Іске аспаған отын бүркігішпен отын торабының майлануын және сууын қамтамасыз етеді.

Тӛменгі қысымды отын сорабын (27) туғызатын, сиретілу арқылы бактан (40) шыққан отын (8.2, б- сурет), ластану (43) және май (36) сүзгілерінен ӛтеді. (КамАЗ-740- автомобильдері).

ЗИЛ-4331 және КамАЗдизель автомобильдерінде, температураның тӛменгі, яғни, қысқа уақытта оталуын жеңілдету үшін, отындық жүйеге электр алаулы құрылғы орнатылады. Бұл құрылғының құрамына цилиндрге келуші ауаны жылыту үшін және кіргізушімен қатар құбырда орналасқан алаулы шырақ (34) кіреді. Алаулы шырақтарға отын, магнитті клапан (32) арқылы отын құбырларымен (31) келеді. Қоршаған қозғалтқыш электр алаулы құрылғы температурасы минус 25о С болғанда, іске жеңіл қосылуын қамтамасыз етеді, сондайақ ол автомобильді оталдырған кезде, аккумулятор батареясын артық жүктемеден қорғауға, дизельдерде іске қосуды жеңілдету және қызбаған қозғалтқышта отынның түтіндігін азайтуға мүмкіндік береді.

45

8.3. Дизелдердегі турбо үрлеу

Турбо үрлеуді дизелдің қуатын арттыру үшін ауаны цилиндрлерге белгілі зарядпен қысым арқылы беру үшін арналған.

Дизел турбо компрессормен жабдықталып, жұмыс істеген газдардың энергиясын қолданады. Турбо компрессор цилиндрлерді ауамен толтыруды кӛбейтеді, ол ӛз алдына бүркелетін отынның үлкейген мӛлшері жануының тиімділігінің артуына септігін тигізеді және дизель қуатының тиімділігін 20-30% арттыруға мүмкіндік береді.

8.3. сурет. Турбо компрессор сұлбасы.

Үрлеу, газ тарату және қос иінді бұлғақты механизмдердің жылулық - механикалық кернеуін арттырады.

Екі агрегатта жалпы роторлы білікке ие, ол бронзалы мойынтіректерде орналасады. Дизельдің кіргізу ырғағы кезінде компрессормен сығылған ауа оның цилиндрлеріне 0,15-О,20 МПа қысымымен беріледі.

ЯМЗ-238НБ, -240Н, -240П- дизелдерінің компрессоры тӛменде аталғандардан тұрады: газ турбинасы (5) және центрден тепкіш компрессор (3) (8 3- сурет). Роторлы білікте (6) бір жағынан турбинаның (5) жұмыстық доңғалағы, (8) ал екінші жағынан компрессордың (4)

жұмыстық доңғалағы (4) орналасады.

Шығарушы құбырмен (1) қозғалу кезінде жұмыс істеп біткен газдар турбинаның жұмыстық доңғалағын (8) (3540 мың. айн/мин) жылдамдықпен айналдырады, содан соң олар газ құбыры мен (2) дыбыс сӛндіргіш құбырына жіберіледі. Турбинаның доңғалағымен (8) бір уақытта компрессордың жұмыстық доңғалағы да (4) айналады, ол ауа тазартқышы арқылы ауаны сорады да, оны сығып, қысыммен кіргізуші газ құбыры (9) арқылы дизельдің цилиндрлеріне (7) айдайды.

Үрлеу қысымының кӛтерілу дәрежесі тӛменгі 0,15 МПаға дейін, орта - 0,2 МПаға дейін және жоғарғы 0,2 МПадан жоғары болуы мүмкін.

46