Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Testy_po_standartiz_kaz_negizgi

.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
143.36 Кб
Скачать

E) Мемлекеттік басқару органдарына және стандарттау саласында жұмыс атқаратын жеке тұлғаларға

$$$ 117

Санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестiктi растау, аккредиттеу және белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жөнiндегi қызметтi қоса алғанда, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын мiндеттi және ерiктi талаптарды анықтауға, белгiлеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтiк реттеу

A) Сертификаттау

B) Техникалық реттеу

C) Аккредиттеу

D) Стандарттау

E) Симплификаттау

$$$ 118

Техникалық реттеу субъектілері

A) Өкілетті орган, оның территориалдық органдары, ҚР-ның заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізуге өкілетті басқа да мемлекеттік органдар, олардың лауазымды тұлғалары

B) Техникалық реттеу саласындағы іс-әрекеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдары және заңды тұлғалар

C) Стандарттау, метрология және сертификаттау органдары

D) Мемлекеттiк органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектiлерiне қатысты пайдалану құқығын иеленетiн жеке және заңды тұлғалар

E) ҚР заңнамасына сәйкес техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды бақылау және қадағалау жүргізуге, басқаруға өкілетті мемлекеттік органдар

$$$ 119

Эксперт аудиторларының аттестациясын кім өткізеді:

А) Ұлттық сертификациялау органы.

В) ҚР сауда және индустрия министрлігі.

С) Зертханалар сәйкестігін бекітетін орган.

D) ҚР өкіметі.

Е) Стандарттау жөніндегі техникалық комитет.

$$$ 120

Өнімнің өмірлік деңгейінің реті қалай болып келеді:

А) Дайындаушы, тұтынушы, тәуелсіз орган немесе тұлға.

В) Тапсырыс , тасушы, тұтынушы.

С) Тәуелсіз мекеме, өндіріс, тұтынушы.

D) Құқықтық өндіруші, тұтынушы.

Е) Аккредитациялау органы, сатушы, сатып алушы.

$$$ 121

Өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi бiрдейлендiру

A) Белгiлi бiр өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi ерекшелейтiн белгiлерi бойынша бiрмағыналы тануды қамтамасыз ететiн рәсiм

B) Берілген өнімге қойылатын талаптармен салыстыру және оның көрсеткіштерін анықтауды қамтамасыз ететін өнімге сынақ жүргізу

C) Өндіріс аумағында өнімді тасымалдау көрсеткіштері бойынша тануды қамтамасыз ететін рәсім

D) Тасымалдау аумағындағы өнім түрлерін оның сипаттамасы мен бағасы бойынша тану әрекеті

E) Стандарт талаптары бойынша өнімнің жеке түрлерін тасымалдау аумағында бірмәнді тануды қамтамасыз ететін рәсім

$$$ 122

ҚР мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі

A) ҚР басқармасы және стандарттау, метрология, сертификаттау бойынша мемлекеттік орган

B) Стандарттау, метрология, сертификаттау бойынша мемлекеттік орган мен мемлекетаралық комитеттер жиынтығы

C) Өз құзыретi шегiнде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актілердің, стандарттардың жиынтығы

D) Өнім, процес, жұмыс, қызмет және сынақ зертханалары бойынша мемлекеттік органдар

E) Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекеттік органдар,өнім, процесс, жұмыс, қызмет бойынша аккредиттелген органдар, аккредиттелген сынақ орталықтары

$$$ 123

Сертификаттаудың мемлекеттік жүйесінің ұйымдық құрылымын кім құрайды

A) Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекеттік органдар, өнім, процесс, жұмыс, қызметті сертификаттау бойынша аккредиттелген сертификаттау органдары, аккредиттелген сынақ орталықтары

B) ҚР өкіметі, стандарттау, метрология, сертификаттау бойынша мемлекеттік орган

C) ҚР өкіметі, сертификаттау бойынша аймақтық мемлекеттік ұйымдар

D) ҚР өкіметі, халықаралық филиалдар мен сертификаттау бойынша ұсынушы органдар

E) Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекеттік орган,

мемлекетаралық кеңес

$$$ 124

«Өнім, процесс, қызмет қауіпсіздігі» дегеніміз не

A) Өнімнің өмірлік цикл процестерін қоса, қандай да бір берілген нәтижеге жету бойынша өзара байланысты және кезекті әрекеттер жиынтығы

B) Қауiптi фактордың iске асу ықтималдығы мен оның зардаптарының ауырлық деңгейiнiң үйлесiмiн ескере отырып, адамның өмiрiне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның iшiнде өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiне зиян келтiруiне байланысты жол берiлмейтiн қауiп-қатердiң болмауы

C) Өз құзіреті шегінде техникалық реттеу аумағындағы жұмыстарды атқаратын жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың жиынтығы

D) Өнімнің, процестің, қызметтің міндетті және ерікті сертификаттауына талаптарды қамтамасыз ету

E) Өнім, процесс, қызмет сертификаттау талаптарын қамтамасыз ету,саудадағы техникалық кедергілерді жою

$$$ 125

Техникалық реттеу туралы ҚР-ның заңнамасы қандай құжаттардан тұрады

A) Техникалық реттеу туралы заңнан және басқа да нормативтік-құқықтық актілерден

B) Техникалық реттеу туралы заңнан және ҚР стандарттарынан

C) Сертификаттау туралы заңнан және ҚР стандарттарынан

D) Стандарттау заңынан және басқа да нормативтік-құқықтық актілерден

E) Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету заңынан және ҚР заңдарынан

$$$ 126

Техникалық реттеу туралы заң нені бекітеді

A) ҚР өнім, сапа жүйесі, өндірісті аккредиттеу, метрология, сертификаттаудың құқықтық негізін

B) Стандарттау, сертификаттау, техникалық реттеу аумағында қоғамдақ қатынастарды реттейтін, сапа жөніндегі сұрақтарда мемлекет пен тұтынушы қызығушылығын қорғау жолдарын

C) ҚР өнім, қызмет, процес қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негізін

D) Өнімнің, процестің, қызметтің міндетті және ерікті сертификатталуын қамтамасыз ету, саудада техникалық кедергілерді жою, өнімнің бағасын реттеуді

E) Сапа мәселесінде тұтынушылар мен мемлекеттердің қоғамдық қатынасы мен қызығушылығын қорғау шамасын

$$$ 127

«Процес» дегеніміз не

A) Өнімнің жобалануы мен өндірілуі

B) Өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң процестерiн қоса алғанда, қандай да бiр тапсырылған нәтижеге жету жөнiндегi өзара байланысты және дәйектi iс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы

C) Өзара байланысты әрекеттердің кезектілігі

D) Өнім өндірісінің нәтижесі

E) Іс-әрекет нәтижесі

$$$ 128

Берілген өлшемнің шегін тексеруге арналған өлшем құралы:

А) Таразы.

В) Өлшем.

С) Әмбебапты өлшем құралы.

D) Сызғыш.

Е) Мөлшерлегіш.

$$$ 129

Нормативті құжаттарға өзгерістер мен ескертулерді және мерзімін

қарасатыратын қандай мекеме:

А) Мемстандарт.

В) Өнімді сертификаттау органы.

С) Консалгты қызмет көрсету мекемесі.

D) ҚР өкіметі.

Е) Сауда және индустрия министрлігі.

$$$ 130

Стандарттаудың міндетті талаптарының негізі болып не табылады:

А) Тұтынушының талабы бойынша.

В) Жасаушының талабы бойынша.

С) Мемлекеттің құқығы.

D) Сатып- алу келісім-шарты.

Е) Дерективтер

19

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]