Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

87

.pdf
Скачиваний:
9
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
8.65 Mб
Скачать

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ АКАДЕМИЯСЫ

Көрнекті түрколог, этимолог, теолог ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Журналистер одағының мүшесі, Қармақшы ауданының Құрметті азаматы БЕРІКБАЙ САҒЫНДЫҚҰЛЫНЫҢ 80 жылдығына арналған

«ТАРИХ ЖӘНЕ ТАНЫМ: КӨНЕ МҰРАЛАР ТІЛІН ЗЕРТТЕУДІҢ ПАРАДИГМАСЫ» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция

МАТЕРИАЛДАРЫ

Алматы, 24 мамыр 2019 жыл

МАТЕРИАЛЫ

Международной научно-теоретической конференции «ИСТОРИЯ И ПОЗНАНИЕ:ПАРАДИГМА ИЗУЧЕНИЯ ЯЗЫКА ДРЕВНЕГО НАСЛЕДИЯ», посвященной

80-летию выдающегося ученого тюрколога, этимолога, теолога, доктора филологических наук, член Союза журналистов СССР, Почетный гражданин Кармакчинского района, профессора

им. аль-Фараби КазНУ Б. САГЫНДЫКУЛЫ.

Алматы, 24 мая 2019 год

MATERIALS

International scientific and theoretical conference "HISTORY AND KNOWLEDGE: THE PARADIGM OF STUDYING THE LANGUAGE OF THE ANCIENT HERITAGE", dedicated to

the 80th anniversary of the eminent turkologist, etymologist, theologian, doctor of philological sciences, member of the Union of Journalists of the USSR Honorary Citizen of the Karmakchy District, professor of KazNU named al-Farabi

BERIKBAI SAGYNDYKULY

Almaty, May 24, 2019

Алматы «Қазақ университеті»

2019

Бас редактор: Ө.Әбдиманұлы Жауапты редакторлар: А. Тымболова, Б. Құлжанова Құрастырғандар:

Б. Құлжанова, Г. Акимбекова, Б. Кеңес

Көрнекті түрколог, этимолог, теолог, филология ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Журналистер одағының мүшесі, Қармақшы ауданының Құрметті азаматы БЕРІКБАЙ САҒЫНДЫҚҰЛЫНЫҢ 80 жылдығына арналған «ТАРИХ ЖӘНЕ ТАНЫМ: КӨНЕ МҰРАЛАР ТІЛІН ЗЕРТТЕУДІҢ ПАРАДИГМАСЫ» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары / Құраст.: Б. Құлжанова, Г. Акимбекова, Б. Кеңес. – Алматы: Қазақ университеті, 2019. – 613 б.

ISBN 978-601-04-3996-2

Ғылыми мақалалар жинағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен көрнекті түрколог, этимолог, теолог, филология ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Журналистер одағының мүшесі, Қармақшы ауданының Құрметті азаматы БЕРІКБАЙ САҒЫНДЫҚҰЛЫНЫҢ 80 жылдығына арналған «ТАРИХ ЖӘНЕ ТАНЫМ: КӨНЕ МҰРАЛАР ТІЛІН ЗЕРТТЕУДІҢ ПАРАДИГМАСЫ» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары негізінде құрастырылды.

Жинақ филолог мамандарға, магистранттарға, докторанттарға, студенттерге арналады.

Авторлық редакциямен жарыққа шықты

© Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2019

ISBN 978-601-04-3996-2

Ө. Әбдиманұлы,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филология және әлем тілдері факультетінің деканы, ф.ғ.д., профессор

Ғылымға ғұмырын арнаған ғұлама

Белгілі түрколог, теолог, этимолог ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Берікбай Сағындықұлы 1939 жылдың 24 мамырында Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қашқансу ауылдық советіне қарайтын 6-шы ауылда Чапаев атындағы колхозда дүниеге келген.

Ғалымның еңбек жолына көз жіберсек, 1957-1962 жылдары С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетін бітіріп, 1972 жылға дейін «Социалистік Қазақстан» газеті редакциясының әдеби қызметкері болды.

1972-1975 жж. Қазақ ССР Ғылым Академиясы Тіл білімі институтының аспиранты, 1975-1979 жж. Қазақ ССР Ғылым Академиясы «Ғылым» баспасының редакторы, редакция меңгерушісі сынды қызметтерді абыроймен атқарады.

1979 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы, доценті, профессоры, 2008-2009 оқу жылында Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, 2008-2010 жж. филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беретін Д 14А.01.23 Диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары, Кеңес төрағасы болды. 2006-2010 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің мүшесі болды.

2015 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ақсақалдар Кеңесінің мүшесі. 2005 жылдан бері Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты сессиясының шешімімен Қармақшы ауданының құрметті азаматы.

Ғалым саналы ғұмырын қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы, қазақ тілі тарихы, тарихи фонетика және түркі тілдерінің тарихи-салыстырмалы лексикасы, түркі тілдерінің тарихисалыстырмалы грамматикасын қарастыруға, көне түркі жазба ескерткіштерінің құпиясын ашуға, теология мәселелерін зерттеуге арнады.

Профессор Б. Сағындықұлы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінде ұзақ жылдар бойы «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы», «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» сияқты іргелі курстардан дәріс оқиды. Магистратура бөлімінде «Түбіртек теориясы», «Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері», «Жазба екерткіштер тілі», докторантурада «Силлобология негіздері», «Дауыстылар мен дауыссыздардың түпкітектері» арнаулы курстарын жүргізеді. Ғалым-ұстаздың бұдан басқа да студенттердің ынтасын тудыратын түркология мен тіл теориясына арналған бірнеше арнаулы курстары бар.

Ғалымның қаламынан шыққан «Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері» (1994, 2005), «Фонологические закономерности развития лексики тюркских языков» (2005), "Мухаббат-наме" ескерткішінің (ХІҮ ғ.) мәтіні (2007), «Қазақ тілінің тарихы» (2011) және 300-ге жуық ғылыми, діни-танымдық және публицистикалық мақалалары, т.б. сүбелі еңбектері қазақ тіл білімінің қорына қосылған зор үлес болып табылады.

Ал биылғы сексеннің сеңгіріне аяқ басқан мерейлі жылында жарық көрген, екі бірдей томнан тұратын «Һибат-ул Хақайиқ» нұсқаларының (ХІІ ғ.) қолданбалы мәтіні» атты салмақты еңбегі алдағы уақытта тек қазақ ғалымдары емес, өзге түркі халықтарының мамандары тарапынан да зор бағасын алады деген ойдамыз.

Б. Сағындықұлы жас ғалымдарды даярлау ісіне де елеулі үлес қосуда. Осы уақытқа дейін 24 ғылым кандидатын, 6 ғылым докторын, бір PhD доктор, 30-дан аса магистрлерді дайындады.

Бұл орайда ғалымның еңбегі айтарлықтай бағаланып та келеді. 2007 жылы Қызылорда облысының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін «Қызылорда облысына – 70 жыл» медалімен, 2009 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кеңесінің шешімімен «ҚазҰУ-ға – 75 жыл» құрмет белгісімен, 2011 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі елеулі еңбегі үшін «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.

2011 жылы ҚР БжҒМ Инновациялық Еуразия университетінің құрметті профессоры академиялық атағы берілді. 2014 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кеңесінің шешімімен «ҚазҰУ-ға – 80 жыл» құрмет белгісімен марапатталды.

Құрметті Берікбай Сағындықұлы! Сізді Филология және әлем тілдері факультетінің ұжымының атынан 80 жылдық мерейтойыңызбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыңызға бақыт, береке, шығармашылығыңызға үлкен табыс тілейміз!

3

АРНАУ ӨЛЕҢДЕР

БЕРІКБАЙ АҒАҒА!

Сөз сөйлейтін нұсқадан, Бұрынғы ізден аспаған.

Өзі болар жігітке, Тәңірі жолын нұсқаған. Он сегіз мың ғаламның Айырып обал, сауабын, Ғалымсыз есте ұстаған. Арғы атаңыз Телеу би, Мырза атанып үш жүзге, Алтыннан уық идіріп, Күміспен кесте тыстаған. Тайлақ батыр атақты, Қазақтың қорғап даласын, «Арғымақ!» деп ұран тастаған! «Алтын қыран» белгі алып, Хан қолынан ұстаған.

Өз әкеңіз Сағындық, Қыдыр көріп жасында, Діліне харам қоспаған.

Шырақшы болып жүргенде, Аян беріп түсінде, Аллаға сапар бастаған. Екі нұрдан жаралып, Дүниеге келген жан едің, Ақ дидарлы маңдайы, Шамшыраққа ұқсаған.

***

Құдіреті күшті құдайым, Нұр құйды ғажап жаныңа. Дөңбекшіп түнде ояндың, Сұлулық жинап арыңа. Аруақтарды ардақтап, Тектілік сіңді қаныңа. Шығыстың ұлы тілдері, Шырақ боп жанып түсіңде, Сәулесін құйды бағыңа.

Алматыда алшаңдап, Әкенің малын шашқандар, Ере алмай қалды шаңыңа. Мұқанов Сәбит көреген, Сүйегіңнен таныды, Барғанда өзің алдына. -Ілімді бала осы, - деп, Құптады оқу залында. Тәубә деймін тәңірге, Өзіңдей асыл ағаның, Алдымда бүгін барына.

***

Аяулы асыл ағасыз, Адалдық үшін терлеген. Ор қазбаған ешкімге,

4

Жік салып досқа көрмеген. Пиғылы менен сөзі бір, Асуға биік өрлеген.

Құлашын көкке сермеген. Ар менен ұят, шапағат, Жүрегін күнде тербеген. Күнәға тұнған заманда, Кір шалдырмай жан-тәнге, Келесіз тартып өрменен.

Бойыңызды аңдасам, Патшаға біткен мінез бар, Қанағаты тең көлменен. Мәңгүрттер қаптап жатқанда, Иманның оты сөнбеген!

***

Тұла бойында Қорқыт пен, Асан қайғы пірлердей, Жалын бар деп білемін. Шың толқыса тылсым күш, Ықпал етер басқаға, Дарын бар деп білемін. Әзәзіл жолға бұзылмас, Бес күндікке қызықпас, Періштелер сүйсінген, Қаны бар деп білемін. Қожа Ахмет Яссауи, Баласағұни, Сүлеймен, Кітабында киелі, Аударған жанға құятын, Бағы бар деп білемін. Жақын еткей құдайым, Жүрегіңе ағамның, Пайғамбардың жүрегін! Қабыл етсін лайым, Періште салған аузына, Інісінің тілегін.

***

Менің мынау ұққаным: Дүние, қызмет қуалап, Арсызға пара тықпадың. Жағымпаз бен суайттың, Алдынан күліп шықпадың.

Парасатты жолменен, Иманның туын жықпадың. Халқын сатып байыған, Кімдерге керек боқ қарын? Әділдік үшін сан жерде, Дұшпанның көрдің оқпанын. Айналып өттің залымның, Құрылған тұзақ, қақпанын. Көзіңізде – ықылас, Көңіліңізде – мейірім, Ұяттың тонын сатпадың. Сөйтіп міне, иншалла, Жәрдем берген жаныңа, Бабалар тұзын ақтадың!

5

***

Айналайын, жан аға, Аруақты Ердің көзісің. Ғайыптан хабар беретін, Шындықтың шымыр сөзісің. Мен көрген жандар ішінде,

Ниеті зәмзәм суыңдай, Пәктікке ішер жүзімсің. Күнәдан жанды құтқарар, Кіршіксіз асыл сезімсің. Тобықтай сөздің түйіні – Ұрпағы тозған қазаққа, Ұсынар үлгім – Өзіңсің!

***

Тәңірі сүйген жігіттің, Қасынан дәулет қашпаған.

Бұл күндері айбатың, Талайдың мысын жасқаған. Өзі болған жігіттің, Сапарын тіле деген бар, Дәстүрді осы ұстанам. Ғылымда түйген ойыңыз, Теңіздей жанды толқытып, Шыға берсін баспадан. Профессорсыз бұл күнде, Қыдыр қонған ағасыз, Жар болып пірлер қостаған.

***

Мың десем Сізді бола ма?! Татитын мыңға тобасы, Бір десем Сізді бола ма?! Он ғасыр бұрын көктеген, Гүл десем Сізді бола ма?! Періше қылық, пәк мінез, Нұр десем Сізді бола ма?! Кешегі тұман кезінде, Аруақ, пірді құрметтеп, Айналдыңыз бұл күнде, Жол көрсеткен Данаға! Алыстап кеткен інің ем! Сан жылдар салып араға, Саф таза, кәусар қылығың, Шуағын құйды санама. Нұрлан мен Ерлан, Темірлан, Одан соң Сая,Расул, Бақыткүл, Ақнұр жетеуі Жаздырып тасқа қойсын деп, Жолдадым сәлем, жан аға!

Сәнтөре ПІРМАНҰЛЫ Тараз

6

Берікбай көкеме!

(Мерейтойлық құттықтау)

Ардақтап, аппақ арын кірлетпеген Қай адам адал жанды үлгі етпеген?

Баршамыз Аға тұтып Өзіңізді Сыйлаймыз ерекше бір құрметпенен.

О бастан бөлек еді Әлеміңіз, Сортапқа егілген бір дән едіңіз, Ата-ана аян көріп, Ақ жарылқап Өмірге сөйтіп келген жан едіңіз!

Ауылда аңыз да көп Сіз туралы – Тектіден қалған қымбат із туралы: Жыр қылып Сағындықтың баласына Айтады өтіп кеткен «көз» туралы:

- Бұл бала жаралған, деп, - ерек болып, Жасынан болмысы да бөлек болып, Көз тиіп он жасында қалған екен Білімді игерген соң зерек болып...

Айтады тағы бірі: - Олай да емес, Ұл болу Әулиеге оңай да емес, Атаның қасиеті қысқан, - дейді, Болып тұр Сіз туралы талай кеңес...

- Пірлер берген ілімге жолыққаннан, Ауырған, - дейді бала – сол ықпалдан.

Қасиетті төрт кітап бір-ақ күнде Кеудесіне баланың қонып қалған.

Демеңіз мұндай істі тым ескілік – Әкесі, дейді атына мінгестіріп Аралап, Әулиелер әлемімен Баланы кеткен дейді тілдестіріп...

Кім қалай айтса-дағы, Ардақты Ағам, Тұлғаңды әрбір аңыз салмақтаған.

Бір шындық – кәміл Пірлер желеп-жебеп Келесіз белестерге жалғап қадам.

Ұмтылып талай шыңның асқарына, Ғылымның самғадыңыз аспанына.

Екі дүние ілімі кілтін тапқан Жан бар ма Өзіңізден басқа мына?..

Әнбиелер өмірін өрнектеген Қиссасы Рабиғузидың көрнекті ерен – Көнеден жеткен құнды шежіренің Ұғар ма тілін оңай тер төкпеген?

Тым ерте тылсым тілін түсіндіңіз, Көненің сырын хатқа түсірдіңіз - Ахметі Жүгінектің жазып кеткен

7

«Ақиқат сыйын» елге ұсындыңыз.

Түбі бір білгендей-ақ сұраларын Ескінің зерттедіңіз мұраларын. Қазіргі тілімізде сөйлеткен соң «Мұхаббат-наме» тілін ұға аламын.

-Қазақтың, - дейсіз тағы, - үні бөлек,

Үні бөлек, жаны мен ділі бөлек. Күш жұмсап келе жатсыз сол қазақтың Бүгінде күтіп тұр деп тілі көмек.

Түбіне үңілген соң баба тілдің, Күшейе түсті екпіні қанатыңның, Түбірден тартқан кезде сөздің сырын Байтақтан басың озып дара тұрдың.

Күллі әлем мойындап тұр мұныңызды, Халқыңыз біледі ғой құныңызды. Жаратқан болашаққа жалғай берсін Ғасырлармен сырласқан Үніңізді.

Жан беріп тарихтағы сан аңызға, Құйдыңыз жаңа білім санамызға. Тірілтіп тіліміздің сан тарихын, Жүргейсіз аман-есен арамызда!

Аман болсын баптаған ұл-қызыңыз – Ұл-қызыңыз – құлпырған құндызыңыз, Ұрпағыңмен мың жаса, Асыл Ағам, Жайнай берсін жарқырап жұлдызыңыз!

Жар болып, ардақтатқан елге Сізді Жанды да құттықтаймыз ең негізгі – Хан басыңды құрметтеп келе жатқан – Біз де жақсы көреміз жеңгемізді.

Аман болсын отбасы – орманыңыз, Қамалдай берік соққан қорғаныңыз, Құтты болсын бүгінгі – мерейлі күн Сексеннің сеңгіріне толғаныңыз!

Құтты болсын осынау тойлы күнің Өзіңді аспандатып қойды ілімің. Сексен жасқа өлеңім бара тұрсын Көрейін Жүз жасыңның той қызығын!

Ләйлі Құндақбай,

Ф.ғ.к., ақын

16.04.2019 ж.

8

Салқынбай А.Б.,

ф.ғ. д., профессор. Әл-Фараби университеті

ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ – БИІК БІЛІК ПЕН АДАЛ ЕҢБЕК

Биылғы жыл сүйікті университетіміз, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіміз 85 жыл толды. Университет – ұлы мекен. Қасиетті мекен. Бұл ғылымның, ілімнің мекені. Ілімді жасаушы ғалымдар, сондықтан университет үшін әр ғалым бағалы. Осы бағалауды филология ғылымдарының докторы, профессор, бүгінде 80 жасқа толып отырған Берікбай Сағындықұлына арналып өткізіліп отырған осы халықаралық конференциясынан да аңғарамыз.

Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Қармақшы ауданының құрметті азаматы Берікбай Сағындықұлы 1939 жылдың 22 қаңтарында Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қашқансу ауылдық советіне қарайтын 6-шы ауылда - Чапаев атындағы колхозда дүниеге келген. Әкесі – Мүсірбайұлы Сағындық қарапайым шаруа адамы, анасы – Қауымбетқызы Төле үй шаруасындағы әйел болған. 1941 жылы Сағындықтың отбасы осы аудандағы Даулыкөл ауылдық кеңесіне қарайтын 8-ші ауыл – «Оян» колхозына – туысқандарына көшіп барады. Шаруашылықтар іріленгенде «Оян» колхозы әуелі Сталин атындағы колхоздың, кейін «Ақжар» совхозының құрамына енеді. Берікбай Сағындықұлы алдымен «Оян» колхозының орталығындағы Сталин атындағы 7 жылдық мектепте, содан соң «Ақжар» совхозының орталығындағы ҚЛКЖО-ның 25 жылдығы атындағы орта мектепте тәрбиеленеді. Мектепті 1955 жылы бітіргеннен кейін екі жыл туған ауылында жұмысшы болып істейді. 1957 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөліміне оқуға түседі. Өндірістік тәжірибе жинақтау үшін 1961 жылдың ақпанында «Социалистік Қазақстан» газетіне практикаға жіберілген еді. Мұнда сол кездегі заңға орай әдеби қызметкер болып орналасады. Өндірістік тәжірибеде көзге түскендіктен редакция ұжымы Берікбай Сағындықұлын корректор ретінде жұмысқа қалдырады. Сөйтіп, ол оқуды өндіріспен ұштастырады. 1962 жылы университетті бітіргеннен кейін редакцияның Еңбекшілер хаттары және бұқаралық жұмыс бөліміне әдеби қызметкер болып қабылданады. 1967 жылы бүкіл редакция бөлімдерінен түскен материалдарды әдеби-стильдік жағынан өңдейтін стилист дәрежесіне көтеріледі. Б. Сағындықұлы аталған газеттің редакциясында Қазақ ССР-і Ғылым академиясы Тіл білімі институтының аспирантурасына (1972 жылы сәуірде) қабылданғанға дейін еңбек етті.

Б. Сағындықұлы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Э.Н. Наджиптің жетекшілігімен 1977 жылы филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «XIV ғасырдағы түркі жазба ескерткіштерінің салыстырмалы лексикасы» атты тақырыпта диссертация қорғайды. Аспирантураны бітіргеннен кейін 1975-79 жылдар аралығында Қазақ ССР «Ғылым» баспасында редактор, редакция меңгерушісі болып қызмет істейді. 1979 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне аға оқытушы ретінде қабылданады. Қазақ тіл білімі кафедрасында 1984 жылдан доцент, 1997 жылдан қазірге дейін профессор болып қызмет істейді.

Б. Сағындықұлы филология ғылымдары докторы ғылыми дәрежесін алу үшін 1994 жылы «Қазақ тілі лексикасы дамуының фонологиялық заңдылықтары» деген тақырыпта диссертация қорғады.

Профессор Б. Сағындықұлы төрт ғылыми бағыт бойынша қырық жылдан бері жемісті еңбек етіп келеді.

1. Ең алдымен оның түркологияның сан-салалы ғылыми-теориялық мәселелеріне ерекше көңіл бөлетінін атап өтуге болады. Бұл бағытта ғалым аталған докторлық диссертациясында үлкен жаңалықтар ашты. Бұлар кезінде ғылыми талқылауларда, баспасөз беттерінде тиісті бағасын алды. Ғалым бұл бағытта сегіз ғылым кандидатын даярлады. Олардың арасында ұстазының теориялық концепцияларын дамытып, докторлық диссертация жазғандар да бар. Тіл тарихын зерттеуші, ата тілдің негізіне реконструкция жасаған, этимолог-ғалым ағамыз өмірін осы мәселеге арнады. Біз 80-жылдар шәкірттері Б. Сағындықұлының «Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері» еңбегінің жазылуының куәгері болдық. Ғалым ағамыздың алғашқы шәкірттерінің бірі ретінде орта ғасыр ескерткіштері тілі бойынша арнаулы курс тыңдадық. «Құтты білік», «Диуани лұғат-ит түрк», «Һиббат-ул хақайық» және т.б. ортағасырлық ата-бабалар мұраларымен бізді таныстырып қана қоймай, талай ғасырлар қойнауында жатқан сөздер мен түбірлердің шығу төркін, олардың бір қалыптан, екінші қалыпқа көшу эволюциясын қазіргі және көне жазба

9

ескерткіштер негізінде ұстазымыз ұзақ та қызық баяндайтын. Берікбай ағай этимологиялық анализ тек салыстырмалы-тарихи әдістің жемісі емес, ол «фонетикалық, морфологиялық элементтердің ескі типін іздестіріп табуда математикалық әдістің орны ерекше» - деп «х» пен «у» және түбіртек саны көрсетілген формулалармен есеп шығаратын. Әрине, түбіртек реконстукциясы тек қазақ тілінің материалын талдаумен шектелмейтіні белгілі.

Берікбай Сағындықұлы көне түркі ескерткіштері материалы мен орта ғасыр жазбаларын тамаша игерген, көне ескерткіштердің дыбыстық құрамын, морфологиялық құрылымын, синтаксистік жүйесін жан-жақты меңгерген, ол ескі таңбалар жүйесін қазіргі қазақ тілінің сөздік қорымен тарихи-салыстырмалы, типологиялық-салғастырмалы аспектіде қиналмай, математикалық формула негізінде дәлелдей алатын ғалым екенін дәлелдегісі келді.

Ғалым «Санат» баспасынан «Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері» монографиясын жарыққа шығарды. Араға он жыл салып, өңдеп, толықтырып, тағы да ғылым таразысы мен илеуінен өткізіп, талай «дәрісханалар қабырғасында» жаңғырылып, 2004 жылы «Қазақ университеті» баспасынан «Фонологические закономерности развития лексики тюркских языков» еңбегі орыс тілінде жарық көрді. Ғасырлар қойнауында талай өзгерістерге ұшыраған тіліміздің дамуы мен өзгеруі ішкі және сыртқы факторлармен байланысты екенін, тілдің эволюциялық даму жолын айқындамайынша, оның құпия сырларын, жүйелік құрылымын, бай да құнды мазмұнын, түрлі әлеуметтік-қоғамдық қызметін тура айқындау мүмкін еместігін монографияларыңыздың бірінші жолдарында басып айтасыз. Ғылымда басы әлі де ашыла қоймаған көптеген мәселелерге жауап іздейсіз, сұрақ қоясыз, оған тағы да жауап бересіз. Мәселен: Қандай себептермен тіл бір құрылымдық жүйеден екіншісіне өтеді (флексия ←→агглютинация ←→полисинтетика←→ түбір тіл)? Осы өту үрдісі қандай құбылыстарды қалыптастырады? Түркітанудағы үндестік заңы мен ықпал заңына тарихи және ғылыми тұрғыдан барабар заңдылық бар ма? Қандай себептермен дауыстылар жуан/жіңішке айтылады? Неге тілде мағынасы бірдей, бірақ формасы әртүрлі, керісінше, формасы бірдей, мағынасы бөлек сөздер қатар қолданылады? Дербес мағыналы сөздердің көмекші сөздерге, олардың қосымша мен жұрнаққа айналу себебі неліктен? Нақты заңдылықтар негізінде тілдің көне формалары мен типтерін қалпына келтіруге бола ма? және тағы да басқа көптеген сұрақтар. Оларға нақты ғылыми тұжырымдар, болжамдар, жауаптар монографияда тілдік фактілермен негізделіп берілген.

2. Ғалымның өз өмірі мен бүкіл шығармашылық мүмкіндігін жұмсаған екінші бір бағыты – орта ғасыр ескерткіштерінің транскрипциясын, аудармасын, түсіндірмелі, алфавитті, кері алфавитті жиілік сөздіктерін шығарып, олардың шын мәнінде ғылыми айналымға қосылуына атсалысуы деп білеміз. Ескерткіштерді түпнұсқадан оқып, олардың лингвистикалық тұрғыдан дәлме-дәл аудармасын жасау, әрбір сөздің мағынасын ашып, сөздік құрастыру кез-келгеннің қолынан келетін әрі оп-оңай атқарыла салатын шаруа емес. Себебі, түпнұсқадан оқу сол саланы жете меңгерумен бірге, теориялық дайындықты, мәтін теориясы мен мәтінтанушылық біліктілікті, тағы басқа сапаларды қажет етеді. Ғалым бұл салада бес ғылым кандидатын, екі ғылым докторын даярлады.

Б. Сағындықұлының 2018 жылы Халықаралық Түркі Академиясының қолдауымен шыққан «Һибат-ул хақайиқ» нұсқаларының (ХІІ ғ.) қолданбалы мәтіні. Ескерткіштің лингвостатистикасы» атты зерттеуінің орны ерекше деп білеміз. Бұл еңбектің бағалы жағы, ең алдымен, «Һибат-ул хақайиқтың» бірнеше нұсқаларын салыстыра отырып, мәтіндік тұрғыдан талдауы, статистикалық есептеулер жасап, орфографиялық ғылыми зерттеулердің нәтижесінде, дыбыстардың жазылуындағы өзгешеліктер мен ерекшеліктерді саралап, бірінші рет мәтіннің алғашқы қалпына келтірілуі дер едік.

Екі кітаптан тұратын зерттеуде «Ақиқат сыйының» алты нұсқасының ішіндегі ғылыми құндылығы жағынан жоғары, біршама толық деп танылған 3 нұсқасын алып, ғалым толық сөздігін жасаған, ескерткіштің түркіше-қазақша, сөздігін, араб-парсы элементтерінің қазақша аудармасын бөлек жариялаған.

Б. Сағындықұлы мұны «кейінгі зерттеушілердің, түркітанумен әуестенушілердің пайдалануына жеңіл болсын» деп жазғанын ескертеді. «Ақиқат сыйындағы» сөздер мен грамматикалық тұлғалардың ескі қыпшақ тіліне, сондай-ақ, бүгінгі қазақ тіліне қатысы бар екенін тұлғалардың фонетикалық, морфологиялық, семантикалық ерекшеліктерін анықтау арқылы көз жеткізеді.

Мәселен, ең алдымен, «Һибат-ул хақайиқ» тіліндегі сөздердің дыбыстық жағынан тұлғалануы жағынан қазіргі қазақ тілінде белсенді қолданылып жүрген сөздермен айна-қатесіз ұқсас екені

10

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]