Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

32

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.36 Mб
Скачать

ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

АБАЙТАНУ

ТАҢДАМАЛЫ ЕҢБЕКТЕР

ХLІ том

Алматы «Қазақ университеті»

2020

1

ӘОЖ 821.512.122.0 КБЖ 83.3(5Қаз)

A 13

 

Бaспaғa л-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық университеті

 

филология жə

не

лем тілдері фaкультетінің Ғылыми кеңесі ж не

 

кциялық-бaспa кеңесі шешімімен ұсынылғaн

 

 

Редaə(№2ə

хaттaмa 27 қыркүйек 2019 жыл)

 

ə

 

Әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық университеті жaнындaғы

 

Aбaй ғылыми-зерттеу институтындa дaйындaлғaн

 

 

ҒЫЛЫМИ-РЕДAКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС

 

 

 

Ж. Д дебaев (төрaғa), Ө. Әбдимaнұлы, З. Бисенғaли, Т. Есембеков,

 

A. Темірболə

Жaқып, A. Жaқсылықов, З. Сейітжaнов, Ә. Тaрaқ,

 

aт, Р. Тұрысбек, П. Бисенбaев (хaтшылaр тобының жетекшісі)

 

 

 

 

Пікір жaзғaндар:

 

 

 

филология ғылымдарының докторы, профессор М. Мырзахметұлы

 

филология ғылымдарының докторы, профессор Б. Әбдіғазиұлы

 

 

 

Жaлпы редaкциясын бaсқaрғaн

 

дебaев

 

 

 

ғылымдaрының докторы, профессор Ж. Д

 

филология

 

Бaспaғa дaйындaғaндaр:

ə

 

 

 

 

 

Н. Аитова, Л.. Мұсалы

 

 

A 13

Абайтану. Таңдамалыеңбектер. ХLІтом / КартаеваА.М.

Абай мен Мұхтар Әуезов әлеміндегі рухани сабақтастық.

 

Монография. – Алматы: Қазақуниверситеті, 2020. – 382 б.

 

ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ)

 

 

 

ISBN 978-601-04-4682-3 (41-том)

 

 

 

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының қырық бірінші

 

томында А.М. Картаеваның «Абай мен Мұхтар Әуезов әлеміндегі рухани сабақтас-

 

тық» еңбегі берілді. Зерттеуде Абайдың даналық тағылымының Әуезовтің шығарма-

 

шылық мұрасында жалғастырылуы қарастырылады. Қазақ әдебиетінің алыптары

 

Абай мен М. Әуезовтің шығармашылық әлеміндегі көркемдік тұтастық, рухани та-

 

мырластық, дәстүр сабақтастығының сан сала арналары кеңінен сөз етіледі. Екі дана-

 

ның ойшылдық, қоғамдық, гуманистік, суреткерлік ортақ қырлары ашылып, дүниета-

 

нымының өзектері, эстетикалық танымдары, ой тереңдігі, сөйлеу тіліндегі рухани тұ-

 

тастықпентілдікүйлесімдеріарнайызерттеледі.

 

 

 

Еңбек ғылыми қызметкерлер мен ізденушілерге, тілшілер мен әдебиетшілерге,

 

оқытушылар мен оқушыларға, Абай тілінің байлығына терең бойлағысы келетін көп-

 

шілікқауымғаарналған.

 

 

 

 

 

 

 

ӘОЖ 821.512.122.0

 

 

 

 

КБЖ 83.3(5Қаз)

ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ)

© Картаева А.М., 2020

 

 

ISBN 978-601-04-4682-3 (41-том)

© Aбaй ғылыми-зерттеу институты, 2020

2

КІРІСПЕ

Абай шығармашылығы – адамзат даналығының таусылмас қазынасы. Бұл қазынаны ақтарған сайын тың жаңалықтар көзін тауып, сонау бағзы замандағы қазақ даласы мен қазіргі тәуелсіз Қазақстан халқын әлемдік мәдениетке жеткізу жолындағы рухани бастаушыны танитынымыз анық. Оның даналығы мен парасаттылығы, озық идеялары – Қазақстанды әлемдегі дамыған елдер кеңістігіне апарар лайықты жолға жөн сілтейді. Абай – бүгінгі дәуір тұлғасы.

Абай мен Әуезов мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы ұр- пақтан-ұрпаққа жалғасатын, маңызын жоймайтын зерттеудің қайнар көзі. Бұл күндері Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтің есімдері ұлттық сана-сезімде мәңгі аталатын ұлы тұлғаларға айналды. Дана Абайды қазақ халқының рухани ұстазы ретінде тануымыз ұлы ақынның өз мұрасы арқылы ғана емес, сонымен бірге әлемдік көркем ойдың алтын қазынасына айналған М. Әуезовтің тарихи эпопеясы арқылы жүзеге асты. Бұл ретте ең бірінші тілге тиек етеріміз – Мұхтар әлемінің Абай әлемімен рухани сабақтастық мәселесі. «Бүгін біздің назарымызды көбірек аударуға тиіс нәрсе Мұхтар Әуезовтің ұлы Абаймен рухани жа- қындық-жалғастығы. Мұның өзі – дүниежүзі әдебиетіндегі айрықша құбылыс. ...Абайды әлемге әйгілеу үшін Әуезов қандай қажет болса, Мұхтар Әуезовтің дүниежүзі мәдениетінің биігіне көтерілуіне Абай мұрасы, Абайдың өнерпаздық, ойшылдық дәстүріндей үлкен тірек сондай қажет еді», – деп, академик З. Ахметов Абай мен Мұхтардың рухани сабақтастығының дүниежүзі әдебиеті үшін маңызы зор екенін атап көрсетеді [1, 32].

М. Әуезовтің көркемдік-эстетикалық нысанасы, суреткерлік тұрғысы, шығармашылық ойлау даралығы Абайдың көркемдік үлгі-өнегелерінен бастау алады. «Сондай өте қажетті де күрделі проблеманың бірі – «Абай мұрасы М. Әуезов творчествосында» деп аталатын тақырып қазірдің өзінде зерттеу нысанасына алынуда. Өйткені бұл мүлде тың мәселе... Абай қалыптастырған дәстүрдің жазушы творчествосында көрініс беріп, келісімді жалғастық тапқан соны қырларын ашу мүлде жаңа танымдарға бастайды» [2, 196]. Сондықтан М. Әуезовтің көркемдік әлемін, жазушылық даралығын зерттеу Абайдың шығармашылық мұрасына алып келеді.

3

Абай мұрасы қазақ әдебиетінің көп зерттелген әлі де небір құпиясы мол және әр қырынан бұдан да тереңірек зерттеуді қажет ететін ғылыми салаға айналып отыр. Қазақ әдебиетінің тарихында Абай мұрасы және Әуезов шығармашылығы жеке ғылыми тұрғыдан дербес сала ретінде бүгінгі уақытқа дейін үздіксіз зерттеліп жатыр. Сол сияқты М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арналып жазылған еңбектер, ғылыми диссертациялық зерттеулер легі жыл өткен сайын молайып келеді. Алайда Абай мен Әуезовтің рухани сабақтастығы, көркемдік бітім тұтастығы, дүниетанымдық ортақ көзқарастары әлі де кеңінен зерттеуді қажет етеді. Себебі Абай шығармашылығының қайнар көздері Шығыс және Батыс әдебиетімен, өзіне дейінгі ақындармен үндесу құбылысы аракідік болса да қозғалды. М. Әуезовтің жазушылық дарынына әсер еткен әлем әдебиетінің озық үлгілері де кеңестік дәуір кезінде саясаттың үдесінен шығу тұрғысынан айтылды. Ал Абай мұрасының Әуезовтің жазушылық құдіретіне, ғұламалық шеберлігіне игі әсері туралы ғылыми еңбектерде ішінара мақала көлемінде айтылып жүргені болмаса, жеке-да- ра арнайы зерттеу нысанасына алынбағаны белгілі. Сол себепті 2002 жылы «Абай мұрасы Әуезов шығармашылығында» («Абай жолы» роман-эпопеясы негізінде) атты кандидаттық диссертациямызда Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын ғана жеке қарастырсақ, енді сол мақсатымызды жалғастырып, Әуезовтің тұтас шығармашылығындағы, яғни көсемсөздеріндегі, драмалық шығармаларындағы, әңгіме, повестеріндегі Абай дәстүрін анықтап, ақынмұрасыныңкөріністапқанқырларынзерттеугеұмтылдық.

«М. Әуезовтің өміртанымын, көзқарасын сөз еткенде ұлы Абайдың рухани дәстүрінсіз талдау мүмкін емес. Онсыз Мұхтар тұлғасы толық ашылмайтын-ды», – деп ескертеді белгілі ғалым Т. Жұртбай [3, 11].

Жазушының ақынның бай тілін меңгеруі, рухани мұраның қалыптасуындағы Абайды зерттеп тануы бүгінгі таңда мұхтартану саласының қалыптасуына жол ашты. М. Әуезовтің бүкіл ғылыми-шығармашылық ғұмырында Абай тақырыбы басты орын алатыны белгілі. М. Әуезов жазушы болғанымен, ұлы ақынға рухани жағынан жақын. Абай оған идеал, рухани пірі, ұстазы болып кеткен. М. Әуезов өз сөзінде оны нақтылы атап көрсетеді: «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала

4

күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайдан», – дейді [4, 71]. «Әрине, бойындағы табиғи дарынымен Әуезов Қазақстанның қай бұрышында туса да жазушы болып шығатыны сөзсіз еді, бірақ оның Шыңғыстауда, Тобықты арасында тууы, ұлы Абаймен жерлес болуы – творчестволық тағдырына айрықша қызмет атқарған фактордың бірі», – деп академик Р. Нұрғали Абай мен Мұхтар шығармашылығындағы үндестіктің сырын тереңнен қозғайды [5, 138].

Абай мұрасының зерттелу тарихына көз жіберсек, баспасөзде ресми түрде 1889 жылдан басталып, бүгінде қазақ мәдениетінің, ғылымының дәстүрлі, тамырын тереңге жайған үлкен саласына айналды. Ұлы ақын мұрасын танып білуге арналған ғылыми мақалалар, монографиялық зерттеулер, текстологиялық талдаулар, әртүрлі деректер саны жыл өткен сайын молығып келеді. Абайтану ғылымының қалыптасып дамуына К. Ысқақұлы, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Н. Рамазанов, Т. Ибраһимов, М. Әуезов, Қ. Жұбанов, Ә. Жиреншин, С. Мұқанов, М. Сильченко, М. Қаратаев, Қ. Жұмалиев, Кенжебаев, А. Нұрқатов, З. Ахметов, М. Базарбаев, С. Қирабаев, Х. Сүйіншәлиев, З. Қабдолов, Р. Нұрғали, Н. Ғабдуллин, М. Мырзахметұлы, Р. Сыздықова, С. Қасқабасов, Р. Бердібаев, Т. Әлімқұлов, Т. Қожакеев, Ә. Нарымбетов, Ш. Елеукенов, Т. Кәкішев, Қ. Мұхамедханов, А. Егеубай, Ж. Ысмағұлов, Т. Жұртбай, Қ.М. Жүсіпов, Ө. Күмісбаев, А. Ісімақова, Әбдіғазиұлы, Т. Тебегенов, Ө. Әбдиманұлы, М. Бейсенбаев, Байғалиев, Ердембеков, Ж. Шойынбет т. ғалым-зерттеушілер қомақты үлес қосты. Профессор М. Мырзахметұлы 1994 жылғы «Абайтану тарихы» атты еңбегінде абайтануға қатысты деректердің төрт мыңға таяп қалғандығы туралы мәлімет береді [6].

Қазақ әдебиетінің тарихында М. Әуезовтің мұрасын танып бағалауда әдебиетші ғалымдардың қосқан үлесі де айтарлықтай салмаққа ие. Мұхтар Әуезов шығармаларына, әсіресе 1934 жылдан бастап жиі назар аударылып, баспасөзде көбірек талқыға түсе бастады. Жазушы шығармашылығы жөнінде сын-пікірлер зерттеу бағыты аға буын өкілдері С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Қ. Сәтбаев, М. Қаратаев, Ә. Тәжібаев, Кенжебаев, Е. Ысмайылов, М. Ғабдуллин, М. Фетисов, Т. Нұртазиндерден бастау алады. Аға буын өкілдері салған бұл дәстүрді

5

Қ. Жармағамбетов, З. Кедрина, Л.М. Әуезова, Е. Лизунова, Ы. Дүйсенбаев, А. Нұрқатов, З. Ахметов, З. Қабдолов, Х. Әдібаев, М. Атымов, Т. Кәкішев, Р. Бердібаев, Р. Нұрғали, М. Мырзахметұлы, К. Сыздықов, Т. Ақшолақов, Қ. Тасболатов, Қ. Бітібаева, Т. Жұртбай, Ж. Дәдебаев, Д. Ысқақұлы, З. Бисенғали, Майтанов, Қ. Алпысбаев, С. Негимов, Жақыпов, Т. Рахымжанов, А. Тайжанов, Ә. Молдаханов, Г. Пірәлиева, Т. Әкімов т.б. Ғалымдар еңбектерінде жазушы шығармашылығына бағалар беріліп, әр қырынан қарастырылады.

Қазақ әдебиеттану ғылымында Абай мен Әуезов шығармашылығы арасындағы рухани үндестік мәселесі арнайы зерттеу нысанасына алынбағанымен, арагідік болса да мақалалар мен ғылыми еңбектерде сөз болып отырған дедік. Мұхтар Әуезовтің туғанына 70 жыл толуы қарсаңында академик Р. Нұрғали 1967 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған «Тақырыппен табысу» атты мақаласында, «Трагедия табиғаты» (1968) атты монографиясында, «Әуезов және Алаш», «Сөз өнерінің эстетикасы» [7] атты еңбектерінде Абай мұрасының Әуезовке тигізген әсері жөнінде тоқталып өтеді. Абай шығармашылығын, поэзиядағы Абай дәстүрін зерттеген ғалым А. Нұрқатовтың «Жалғасқан дәстүр» (1980) атты еңбегінің «Ел өмірінің айнасы» бөлімінде М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Абайдың ақындығы мәселесі қарастырылып, ақын шығармаларының туған сәті жайында айтылады [8].

Белгілі орыс жазушысы Л. Соболев «Абайдың рухани інісі» атты мақаласында: Абай мен Мұхтардың арасында ортақ бір ұқсастық бар деп айту артық болмайды: біріншіден, ол әдеби кемел талант және екіншіден, өз халқының жарқын болашағы туралы арман», – деген пікірді айтады [9, 71]. «Абай жолы» романэпопеясын жазу барысында М. Әуезовтің Абайдың ақындық, ойшылдық дүниетанымына, көркемдік тіліне иек артқаны жөнінде сөз қозғаған Х. Әдібаев «Алыптың тұлғасы» мақаласында: «...Бойындағы бар жақсылық атаулыны ақтара отырып, ізденісін, тебіренісін Абайдан тапты. Екі ұлы жан бір-бірін биіктен танып, рухани дүниесімен қосылып кетті», – дейді [10, 96]. Академик З. Қабдолов «Арна» (1988) атты зерттеу-сын-эссесінде, «Абай және Әуезов» (1997) атты мақаласында екі алыптың үндестігі жөнінде арнайы атап көрсетеді. «Демек, Әуезов – Абай-

6

дың ізін басушы емес, өнер жолын жалғастырушы: Мұхтар қазақ әдебиетін Абай көтерген биіктен әрі қарай өрлетіп, бүкіл дүниежүзілік классиканың күнгейіне шырқатып шығарды. Абай мен Мұхтардың творчестволық туыстығын, екі алыптың өзара ұқсастығын, міне, дәл осы ерекшеліктен іздеген жөн», – дейді [11, 44]. Ұлылар арасындағы рухани жақындық туралы айта келіп, академик З. Ахметов «Абай және Әуезов» (1995) атты мақаласында бұл тақырыптың маңыздылығына, өзіндік ерекшелігіне жан-жақты тоқталады [12].

Абай мұрасын ғылыми-шығармашылылық тұрғыдан зерттеп, абайтану ғылымын қалыптастыру жолындағы М. Әуезовтің көп жылғы қажырлы еңбегі туралы профессор М. Мырзахметұлы «М. Әуезов және абайтану проблемалары» (1992), «Абай және Әуезов» (1997) атты зерттеулерінде арнайы қарастырады [13]. Философия ғылымдарының докторы А. Тайжановтың зерттеу еңбегінде М. Әуезов шығармашылығының дүниетанымдық өзектеріне Абайдың рухани ұстаз болғаны аталады [14]. М. Әуезов шығармашылығындағы Абай дәстүрі жайлы профессор Ж. Дәдебаев [15], профессор Т. Жұртбай [16] еңбектерінде де кеңінен сөз болады.

Абай мұрасы мен М. Әуезов шығармашылығы арасындағы сабақтастықтың сан сала бағыттары, арналары мол. Соның ішінде Абай мен Мұхтар әлеміндегі сабақтастық, ортақ гуманистік, қоғамдық, ойшылдық дүниетанымдарындағы үндестік пен көркем сөз иелерінің сөйлеу тіліндегі тұтастық, суреткерлік шеберлік сырларын зерттеу жұмыстың өзектілігі болып саналады.

7

I бөлім

АБАЙ ДӘСТҮРІ АЛАШ ӘДЕБИЕТІНДЕ

1.1. Абай мен Алаш ақындары поэзиясындағы көркемдік сабақтастық

Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетінің дамуына, бұ- рын-соңды болмаған жаңа сапаға көтерілуіне Абайдың еңбегі орасан зор. Абай шығармашылығы халқымыздың қоғамдық санасында ерекше сілкініс туғызып, рухани бетбұрыс жасады. Осыған орай ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларының үлкен шоғыры ұлттық мүддені ту етіп көтеріп, тарих сахнасына шығуы да кездейсоқ құбылыс емес еді. Қазақ зиялылары халықтың болашағы Абай нұсқаған сара жолда деп білді, соның ізімен жүруді мұрат етті.

Қазақ әдебиеті тарихында Абайдың әдеби мұрасын жоғары бағалап, алғаш пікір білдірген қалам қайраткерлері – Алаштың ардақты азаматтары. ХХ ғасырдың басында-ақ Алаш арыстарының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы Абайға «қазақтың бас ақыны» деп, ал Мағжан Жұмабайұлы «хакім ақын» деп, Сұлтанмахмұт Торайғыров «ақындар пайғамбары» деп лайықты бағаларын берген болатын. Абайдың өмірі мен ақындық өнері жөнінде бірінші болып ғылыми ой айтқан адам – Әлихан Бөкейханов. 1905 жылы жазған «Абай (Ибрагим) Құнанбаев» атты азанамасында: «...Абай асқан поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқының мақтанышы болды. Абай сияқты халықтың рухани творчествосын осыншама жоғары көтерген қазақ ақыны әлі кездескен жоқ», – деп ең алғаш жоғары баға береді [17, 18-19]. Абай шығармашылығына шынайы әдеби талдау жасап, алғаш Абай ақындығына көркемдік тұрғыдан зерделі ой айтып, ғылыми құнды мақала арнаған – А. Байтұрсынұлы. Ол «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласында: «Қазақтың бас ақыны – Абай (шын аты Ибрагим) Құнанбаев, онан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ», – деген [18, 54]. Бұл ең жоғары баға және үлкен құрмет. Бір ғасырға жуық бұрын айтылған бұл баға Абайдан басқа әлі ешкімге берілген жоқ.

8

Абай мұрасы жайлы А. Байтұрсынұлынан кейін құнды пікір айтқан адам – Міржақып Дулатұлы. Оның 1914 жылы 23 шілдеде «Қазақ» газетінде жарияланған «Абай» атты мақаласы ақынның қайтыс болуының он жылдығына арналып жазылған. Қазақтың классик ақыны Абай дәстүрінің жалғасын алғаш танып, ол туралы жар салып пікір білдіргендердің бірі М. Дулатұлы болатын. М. Дулатұлы Абайды оянып келе жатқан қазақ халқы әдебиетінің негізін салушы деп таныстырады. «Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш – Абай сөзі, Абай аты боларға керек. Абайға шейін қазақта қолға алып оқырлық, шын мағынасында қазақ әдебиеті дерлік бір нәрсе болған жоқ еді. Бәлки, мұнан кейін Абайдан үздік артық ақындар, жазушылар шығар, бірақ ең жоғарғы, ардақты орын Абайдікі», – деген пікір білдіреді [19, 71]. Бұған қарап Абайға дейінгі ұлттық әдебиетті жоққа шығару деп түсінуге болмайды. Ақынның өзіне дейінгі халық даналығы, ауыз әдебиеті, өзі үлгі тұтқан әлем әдебиетінің жауһарлары негізінде жасаған жаңа әдебиеттегі еңбегіне баға беру.

Ж. Аймауытұлы мен М. Әуезовтің («Екеу» деп қол қойған) 1918 жылы «Абайдың өнері Һәм қызметі» атты мақаласы «Абай» журналының №2 санында жарық көреді. Бұл мақалада Ж. Аймауытұлы мен М. Әуезов Абайдың қазақ әдебиетіндегі орнын көрсетеді. Абайдың ақындық өнерін өзіне дейінгі әдебиет үлгілерімен салыстыра отырып, өзіндік ерекшелігін, поэзияға әкелген жаңалығын атап өтеді. «Абайдың ең бір артық өзгешелігі, заманының ыңғайына жүрмей, өзінің «өздік» бетін мықты ұстап, ақылға, ақтыққа, көңілдің шабытына билетіп, көз тұндырарлық кемшілік, міннің ортасында туып, ортасында жүріп, үлгілі жерден өрнек алып келген кісідей ашық көзбен қарап, барлық мінді мүлтіксіз суреттеуі, шарықтап жүріп қылт еткенді көретін қырағы қырандай сыншылдығы...

Абайдың қиялы шалымды, ойы терең, ақыл-білімнің әр тарауынан көкірегінде асыл қазына көп. Сол қазынаны барлық ырғағы, нәзік сыпатымен, қазақтың ұстармаған, ысылмаған жуан тілімен биязы ғып шығаруы, әрі ақындығы, қызыл тілді шешендігі» [20, 95 ]. Осылай Ж. Аймауытұлы мен М. Әуезов Абайдың сыншылдық, ойшылдық, сыршылдығы мен тілге шешендігін айтып, оның өзге ақындардан өзгешелігін атап көрсетеді. Яғни ақындық қуаты мен шеберлігін, өзіндік ұстаған бетін айқындап береді.

9

Абайдан соңғы ақындар шығармашылығы туралы қазақ әдебиеті тарихында алғаш ғылыми мақала жазған Ж. Аймауытұлы. Ол «Абайдан соңғы ақындар» атты мақаласында Абайдың ақындық өнерін жалғастырып, дәстүрін сабақтаған Ахмет, Міржақып, Шәкәрім, Мағжан поэзиясына талдау жасайды. Бұл мақалада ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ поэзиясындағы Абайдың ақындық дәстүрі сөз болып, кеңінен қарастырылады. Абайдан кейінгі ақындарды мынадай үш түрлі жікке бөледі:

«1) Сезімге әсер берерлік суретті өлеңдер көбінесе Мағжан, Міржақып, кейде Сұлтанмахмұт һәм Ахмет Мәметовтікі... Бұлар

сыршыл (лирик) ақындар.

2)Екінші жіктің өлеңшілері – Ахмет Байтұрсынов, Сәбит Дөнентаев, Шәһкәрім Құдайбердиев, Бекет Өтетілеуов. Бұлардың өлеңі сырты төгілген, сұлу, кестелі, анық, халықтың ұғымына, оқуына жеңіл, тәтті. Бұлардың өлеңінің сезім мен қиялға тәрбие-әсері аз, ақылға азығы бар. Бұлар – халықшыл ақындар. Ана ақындардан бұлардың сөзінің халыққа бір атасы жақын тұрады.

Осы күнде сәті кетіп бара жатқан үшінші бір жік бар. Бұл жіктің ақыны ескі өлең, жыр-тақпақтарға еліктеп, желе жортақтатып, құбажондатып келетін Ғұмар Қарашев», – дейді [21, 129].

Ж. Аймауытұлы ақындардың өлеңдерінің сырты мен түріне қарап осындай үш топқа жинақтап көрсетеді. Ақындар поэзиясын мазмұн мен пішініне қарап, әдеби ағымға топтастырып бөлудің өзі – сол кездегі әдебиет үшін үлкен жетістік. Әдебиеттану ғылымының үлкен білімдары әрі әдебиетті терең зерттеп жүрген әдебиет зерттеушісінің қолынан ғана келетін іс екені анық. Бұл талап-тілекті Ж. Аймауытұлы білгірлікпен орындап, Абайдан соңғы ақындардың тақырыптарын, алған беті мен бағытын айқындап, келешек ұрпаққа ұсынады.

Абайдың ақындық өнері мен ойшылдық кемеңгерлігін дер кезінде дәл танып, қазақ әдебиетіндегі жоғары бағасын берген – Алаш әдебиетін жасаған қаламгерлер. Олар Абайдың ақындығын үлгі тұтып, дәстүрін жалғастырып, өзіндік жаңалықтарымен қазақ әдебиетін байытты. «Абай шығармаларындағы сарын-әуез- ді, ой-пікірді, идея-нысананы алаш азаматтары терең сезіп, тебірене насихаттай білген», – деген академик Р. Нұрғалидің пікірі көпшілікке терең қозғау салады [22, 217]. Қазақ әдебиетіндегі

10

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]