Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

21

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.04 Mб
Скачать

жив» түпнұсқадажоқжаңаой. Ақынтірікезінденемесеөлгеннен кейіндепойыннақтыламаған. Түпнұсқадағыэксплициттімағына имплицитке айналған. Аудармада жақтың иілуі мен оның екі басы туралы ақпарат жоқ. Үшінші төртінші тармақтарда аудармашы ақыл айтып түпнұсқадан тіптен ауытқып кеткен. Мұндай қателік аудармашының өлеңнің тууына негіз болған өмір құбылыстарының сипатын жете танымағандығынан деп түсінеміз. Аудармашы ақынның ойлау даралығын, шығармашылық тұрғысы мен нысанасын түсінбеген. Дегенмен аталмыш өлеңнің тілі қарапайым, нақты болса да аудармашының тура жолдан сүрінуінен Абай өлеңдерін аударудың оңай еместігін көреміз.

Аллегориялық образ. Аллегориялық құрылымы жағынан метафоралыққаұқсас. Мұнда«көркемсурет» белгілібірнəрсемен немесе мəтіндегі кейіпкермен байланыста болады. Аллегорияда автор ойын астарлап жеткізеді. Аллегориялық образ ертегілерде, өтірік өлеңдерде көптеп кездеседі. Абайдың өлеңдерінде де аллегориялық образдар жоқ емес. Мысалы:

Естілер де ісіне қуанбай жүр, Ел азды деп надандар мұңаймай жүр. Ала жылан, аш бақа күпілдектер,

Кісі екен деп ұлықтан ұялмай жүр [14.51].

Осы шумақты П. Карабан мынадай үлгіде аударады:

Судья презирает свой сан и закон.

К злодеям, к ворам снисходителен он,

Имножится зло, расцветая вокруг,

Инет преступленьям преград и препон [17, 106].

Аудармашы сөздің мағынасына бойламай, өзінің тарапынан үлкенөзгерістеренгізген. Ақыншығармасыныңкөркемдікмəнін, образдық жəне құрылымдық жүйесін, ақынның шығармашылық ойлау ерекшеліктерін, мəнерін танымаған. Аудармашы өлеңнің денотативті, сигнификативті мағыналарын аша алмаған. П. Карабанның аудармасынан трансформацияның төрт түрін де (қосу, алу, өзгерту, орын ауыстыру) көруімізге болады. Аударманы

181

ақынның шығармасы деу қиын. П. Карабан ақынның тіліне, ойлау дүниесіне мұқият зер салмаған. Түпнұсқа мен аударманың сəйкес келмеуінен аудармашы тілді жақсы білмейді деуге негіз бар. «Қазақтілініңтүсіндірмесөздігінде»: «Алажылан, ашбақа– бірбіріменаразөш» дегенанықтамаберілген[10, 36]. Демек, бұл тұрақты тіркес деуге болады. Аудармашы «злодей», «вор» деген образдарды жанынан қосқан. Түпнұсқада «Ала жылан, аш бақа» образдың қызметін атқарып тұрған жоқ, адамдардың арасындағы қарым-қатынасты сипаттап тұр. Аудармада аллегориялық образдардың екеуі де жойылған.

Көркемшығарманыаударуүдерісіндеаудармашығасөздік-ке, анықтамалықсөздікке, түсіндірмесөздіккежүгінуаздықетеді. Аудармашысоныменқатарассоциацияларсөздігіменжұмысжасауы қажет. Ассоциация сөздігінің басқа сөздіктерден айырмашылығы ол жеке дайын кітап емес. Ассоциация (associare-жеткізу) аудармашының жылдар бойы жинаған тəжірибесі мен қажырлы еңбегі арқылы келеді. Аудармашы тармақ пен шумақты емес, автор поэзиясының магнит өрісін аударуы керек. Магнит өрісі бірден көрінбейді. Магнит өрісі түпнұсқаның астарынан орын алады, сол түпнұсқаның астарындағы автор ойының мəнін ашу

– аудармашыныңміндеті. Аудармадасөздің мəнімен бірге ондағы жасырылған ассоциативті ресурстар берілуі тиіс. Шығармашылықүдерістіңмұндайтүріөтемаңыздыжəнекөптертөгудіқажет етеді. Түпнұсқаны қолына алған сəттен аудармашы біріншіден, түпнұсқадағы барлық образдар тізбегін құрайтын стимул сөздер мен магнит сөздерді анықтайды. Анықталған сөздердің арасында семантикалықбайланысорнатылып, ассоциативтіккеңістікпайда болады. Аудармашы үшін түпнұсқадағы сөздердің ассоциативтік байланысын анықтау маңызды, себебі аудармада түпнұсқаның магниттік ассоциативтік байланысының дəл берілуі аудармашы еңбегінің жемісі болып табылады. Абайдың «Айттым сəлем, қаламқас» депбасталатынөлеңінде«қаламқас» сөзіоқырманның көз алдына бірнеше ассоциацияларды алып келуі мүмкін. Мысалы: «сұлуқыз, жіңішкеқас, қызбаланыңесімі». Аудармадаосы ассоциацияларды дұрыс жеткізу аудармашының тəжірибесіне

182

байланысты. Берілген тармақты орыс тіліне П. Шубин мынадай үлгіде аударады: «Шлю, тонкобровая, привет! Ақын қыз баланың бойындағы шексіз сұлулықты бір ғана «қаламқас» сөзімен жеткізеді. Əдемі қаламмен сызғандай жіңішке де ұқыпты қастың бейнесі қазақтар үшін «қаламқас» деген сөзбен беріледі. Орысша «тонкобровая», ағылшынша «slender brows» деген баламалар негізгі мағынасын жеткізгенімен, эмоциялық образды сипатын толық аша алмайды. Керемет суретті əрі мазмұнды образдың тек бір ғана қыры аударылған. Дегенмен, Б. Шубин түпнұсқаның мағынасын жеткізе алған. Ағылшын тіліне О. Шартсе мынадай үлгіде аударады. «I hail your slender brows, your eyes!» Тармақты қазақ тіліне кері аударатын болсақ, мынадай мағына туады. «Мен сіздің жіңішке қастарыңызға, сіздің көздеріңізге сəлем айтамын!». Аудармашы қаспен бірге көзге де сəлем жолдап түпнұсқадағы тармақты ұлғайтып жіберген. О. Шартсе ағылшын тіліне Б. Шубиннің орыс тіліндегі нұсқасынан аударған. Себебі, Б. Шубин аудармада леп белгіні пайдаланса, түпнұсқада жоқ леп белгі О. Шартсенің де аудармасында орын алған.

Образ бен ассоциация арасындағы байланыс констатациясы өте маңызды. Бұл екі ұғымды орыс ғалымы А.А. Потебня алып келді. Өзінің 1862 жылы шыққан «Ой жəне тіл» деген кітабында ғалым образды ментальды əрекетті тіл арқылы ұғынуға күш салады. А.А. Потебня «ой мазмұнының сана сезіммен байланысы» сияқты сөздің ішкі мазмұнының болатындығын жəне ол адамның өзінің ойын көрсетіп тұратындығын айтады. Ғалым алғаш рет образдымағынаның компоненті ғана емес, тілдіңбасқа бірліктерімен байланысқа түсетін жеке бірлік деп қарастырды. Бірақ Потебня образдылықты сөздің қасиеті (ішкі формасы) ретінде танып, тек сөздің деңгейінде зерттейді.

А.Ф. Лосевтің тілдің «ағымдық қосқабаттылығы» («текучий двуплановость») деп отырғаны – тілдің оймен, ойдың шындық болмыспентығызбайланыстаболатындығынайтады. Бұлжерден зерттеушінің басты назары мəтінде емес, тілде екендігін көруге болады. Зерттеушінің пікірі поэтикалық образдылық пен көркем сурет арасында үйлесімдіктің болатындығын білдіреді. Осы

183

жерден образдылыққа сурет өнеріне тəн төрт түрлі сипатта маны беруге болады. Біріншіден, суретші көпөлшемді болмысты екі өлшемді жазық кенепке қалай сыйдырса, мəтін авторы да тілдік құралдардың көмегімен болмысты суреттейді. Екіншіден, А.Ф. Лосевтің пікірінше, «образдылық» бұл сурет сияқты алдыменен көзбен көру арқылы қабылданады, ал көріністі бақылау кезінде көзге көрінбейтін ассоциациялар екінші дəрежедегі рөлді атқарады. Үшіншіден, образдылықтың басты қасиеті – оның бейнелілігі. А.Ф. Лосевтің пікірінен образды тілдік бірліктер көркемдік күшке ие деген ой түюге болады. Төртіншіден, тілдік образ өнер туындысы сияқты өзіндік мəні бар сипатқа ие [20, 19].

Əдебиеттер

1.Волков И.Ф. Теория литературы. – М., 1995. – 75-76 б.

2.Хализев В.Е. Теория литературы. – М., 2007. – 95-96 б.

3.Тимофеев Л.И. Основы теории литературы. – М., 1976. – 60-61 б.

4.Гумбольдт В. Язык и философия культуры. – М., 1985.

5.Потебня А.А. Эстетика и поэтика. – М.,1976. – 114 б.

6.Винокур Г.О. Филологические исследования. – М., 1990. – 390 б.

7.Литературно-энциклопедический словарь (ЛЭС). – М., 1987. – 253254 б.

8.ЕсинА.Б. Принципыанализалитературногопроизведения. – М., 1998.

– 75 б.

9.Lorher W. Translation Performance,Translation Process, and Translation Strategies: Psychological investigation. – Tubingen: Gunter NarrVerlag, 1991. – 307 p.

10.Гальперин И.Р. Очерки по стилистике английского языка, Изд-во литры на иностр.языках, – М.,1958. – 460 б.

11.Складчикова Н. В. Межязыковые отношения метафор. – Кемерово,

КемГУ, 1987. – 68б.

12.Новикова М.Л. Метафора, ее структура, семантика и связь с текстом// Лингвистическая семантика и логика. – М., 1983. – 124-137б.

13.Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. – ІI том. – Алматы, 2002.

14.Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. – І том. – Алматы, 2002.

15. А.Кунанбаев. Избранное /пер с каз и комментарии А. Кодара.

– Алматы, Ана тілі, 1996.

184

16.Абай Кунанбаев. Избранное /пер.с каз. сост. М. Магауина, вступит. статья М. Ауэзова, п ослесл. М. Каратаева. – М.: Художественная литература, 1981.

17.Абай. Стихи. Слова назидания. – М.: Русская книга, 2003.

18.Abai. Poems / Designed by Victor Chistyakov. – Moscow, 1971.

19.Абай. Қара сөз. Книга слов. Book of words. Международный клуб Абая, МКА, 2009.

20.Алексеев С.А. Передача структуры образов художественного текста в переводе // Диссертация на соискание учёной степени кандидата филологических наук. – Москва, 2009. – 19-21 б.

21.Белинский В. Г. Избранные эстетические работы. – М.: Искусство, 1986. – 136 б.

22.Гегель Г.В. Работы разных лет в двух томах. – II том. – М.: Мысль, 1970. – 221 б.

23.Macmillan English Dictionary. For advanced learners. Cover design by Conor Mangat of Boag Associates. – London, 2005.

VII тарау

ҚАБЫЛДАУ МЕН ПАЙЫМДАУ АРНАЛАРЫ

Абайдың шығармашылық мұрасын тұтастай қабылдағанда да, жеке бір туындысын бөліп алып пайымдағанда да мазмұн мен мағынаның, мəннің байлығы мен тереңдігі ерекше байқалады. Негізінде Абайдың əр сөзінде бай мазмұн бар, мазмұнның түрлі мағынасы бар, одан келіп шығатын поэтикалық мəн бар. Олардың əрқайсысының мəнісін тану, қабылдау оңай емес. Абайдың əр шығармасының, ақынның өзі айтқандай, «сырты күміс, іші алтын» болыпкеледі. Басқашаайтсақ, ақыншығармасыныңпішіні келісті болғанда, мазмұны одан асып түседі. Сондықтан Абайдың шығармасының мазмұны мен мағынасын, мəнін ұғу, түсіну өте қиын. Белгілі бір түсінігі, білім деңгейі жоқ кісі Абайдың сөзін де, ойын да тиісті деңгейде түсіне алмайды. Біздің бұл айтып отырғанымызАбайдықазақтіліндеоқитыноқырмандардыңқайбір тобына қатысты. Ал Абайды қазақ тілінде оқи алмайтындардың Абай туралы түсінігі, Абайдың ақындығы туралы ұғымы мүлде басқаша болуы мүмкін. Осы тұрғыдан келгенде, Абайдың көркемдік əлемін түсіну, оны қабылдау өз алдына зерттеу нысаны болуғалайықты, іргеліғылымимəселелердіңбіріболыптабылады.

Абай шығармаларының мəтінін қабылдау өте күрделі психикалық үдеріс болып табылады. Ақынның қай шығармасында да құбылыстың, заттардың, жағдаяттар мен оқиғалардың тұтастай көрінісі бейнеленеді. Оларды қабылдау, дəлірек айтсақ, эстетикалық қабылдау əркімнің парасат деңгейіне сай жүзеге асады. Ал көркем аударманың теориясында қабылдау ұғымы түсіну мен пайымдаудың, бағалаудың біртұтас болмысы ретінде қарастыруды қажет етеді. Өйткені қабылдау ұғымының өзі аударматануда толық айқындалмаған ұғымдардың қатарына

186

жатады. Соған қарамастан аудармашы үшін асыл нұсқаның мəтінін қабылдауды аударма үдерісінің бірінші əрі негізгі кезеңі ретінде тануымыз дұрыс. Оған үстірт қарауға болмайды. Бұл кезеңнің нəтижелілігі аударма үдерісінің кейінгі сатыларының бəрінің де сапалылығының басты шарты болып есептеледі. Жалпы, қабылдау, түсіну, пайымдау, бағалаумəтіндегімəндітанудың бірден бір кепілі десе болғандай. Мəтіндегі мəнді танымай тұрып оны нақтылау, айқындау жəне аудару мүмкін емес.

Абайдың əр шығармасы тұтас бір күрделі құбылыстың бейнесі екендігі туралы жоғарыда айттық. Ақынның əр шығармасыныңөзідетұтасбіркөркемдікқұбылысболыптабылады. Онысол қалпында, бүтін күйінде қабылдап түсіну қиын. Оны түсіну үшін алдымен оның жекеленген құрамдас бөліктерін түсіну қажет. Бүтіннің бөлшегін танымайынша бүтінді білу мүмкін болмайды. Сөйте тұра бүтіннің бөлшегін түсіну үшін бүтіннің өзінің мəнін тануға тура келеді. Осы орайда қабылдау үдерісіндегі түсінудің өзі іргелі мəселелердің қатарынан орын алады. Түсіну бар жерде түсіндіру де болады. Түсіну мен түсіндірудің арақатынасын анықтау да үлкен ізденіс жұмыстарын талап етеді. Бұл мəселе туралы түрлі пікірлер бар. Əдебиеттану мен аударматану саласындағы зерттеушілердің еңбектері түсіну мен түсіндірудің арасын ажыратып көрсетеді. Мысалы, М.М. Бахтин түсіну мен түсіндірудің басты айырмашылығын былай анықтайды: «Шығарма авторын түсіну дегеніміз – басқа адамның əлемін, бөтенсананы, яғнибасқасубъектінітүсінудегенсөз. Түсінукезінде

– екі сана, екі субъект, түсіндіру кезінде бір сана, бір субъект болады. Нысанға қатысты диалогтік қарым-қатынас болмайды, сондықтан түсіндіруде диалогтік сəттер жоқ. Ал түсінуде аздап диалогтік сипат болады» [1, 289] М.М. Бахтиннің түсіну мен түсіндірутуралыпікірініңмаңызызор. Əсіресе, түсінуүдерісінде екі сана, екі субъект арасында болатын диалогтік қатынас жайында айтылған ойлардың ғылыми мəні барын ашық айтуымыз керек. Ал нысанға қатысты түсіндіру үдерісінде диалогтік қарым-қатынастың болмайтыны жөніндегі тұжырымды бірыңғай қабылдау əрқашан дұрыс бола бермеуі мүмкін. Мұның мəнісі

187

түсіну нысаны аударма мəтін болып келгенде айқындала түседі. Өйткені аударма мəтінді түсінудің өзі түсіндірумен егіз, қатар жүзеге асатын үдерістердің қатарына жатады. Аударма мəтінді түсінудібіржақтықабылдамаукерек. Аудармамəтіндітүсінуасыл нұсқадан тыс жүзеге аспайды. Аударма мəтін мен асыл нұсқаның өзін қатар алып қарастыру нəтижесінде ғана толық түсінікке жетуге болады. Мұндай жағдайда түсінушінің алдында бір емес, екі нысан тұрады. Оның үстіне түсінуші немесе түсіндірушінің екі нысанды өзара салыстырып қабылдауы барысында алатын түсінігінің өзі бір емес, бірнеше нұсқалы болып келуі мүмкін. Мұның өзі, айналып келгенде, аударма мəтінді түсінудің өзі оны түсіндірумен егіз, қатар жүзеге асатындығы туралы жоғарыдағы пікірімізді толықтыра түседі. Сөйтіп, осы айтылғандардың негізінде, аударма мəтінді түсіну үдерісінде түсіндіру үдерісінің элементтері бар деген тұжырым жасауға болады. Осы тұрғыдан келгенде, аударма мəтінді түсінудің өзінде де диалогтік қарымқатынас орын алады деуіміз орынды болмақ.

Мəтінді түсіну дегеніміздің өзін дұрыс түсінуіміз керек. Мəтінді қабылдаушының түсінігі түпнұсқа авторының түсінігіне неғұрлым сəйкес болса, соғұрлым толық түсінік болмақ. Осы жерде мынаны ескеруге тура келеді. Автор өмір құбылыстарын суреттегенде, оларды өз шығармасында барынша толық қамтып көрсетпейді. Көп жайлар шығармаға енбей қалады. Екінші жағынан, автор белгілі бір көркемдік бейнелеу тəсілдері арқылы шығарма мəтінінде анық көрініс таппаған жайлар туралы да ой ұсынады. Автордың шығармасында суреттелген құбылыстардың нақты мазмұны мен мағынасынан мұндай ойлардың мəнісін аңғару қиын. Сол себепті мəтінді түсінушінің түсіну деңгейі автордың түсіну деңгейіне жете қабыл болуы сирек кездеседі. Алайда мəтінді қабылдаушының қаңдайы да автор түсінгендей деңгейге жетуге күш салады, авторша түсіну мүмкіндігін көздейді. Мұндай түсіну деңгейіне жету үшін, түсінуші:

а) түпнұсқа мəтінді терең пайымдап, ғылыми тұрғыдан саралап зерттеуі қажет; ə) түпнұсқа қай елдің тілінде жазылса,

188

сол елдің мəдениетін жете білу керек; б) түпнұсқа авторының идеясын, шығармашылық ұстанымын, өмір шындығынан өнер шындығын жасау концепциясын, стилін терең түсінуі шарт.

Көрсетілген талаптар – түпнұсқа туындыны қабылдау, түсіну, пайымдау үшін аса маңызды. Қабылдаушының біліктілігіне қойылатын басқа да талаптар бар. Осы талаптарға тиісті деңгейде жауап бере алған жағдайда ғана аудармашы өз міндеттерін сəтті орындауға мүмкіндік табады. Аударматануда мұндай түсініктің алдамшы сипаты бары, шығармашылық үдеріс алдын ала пайымдалмай, санадан тыс өтетіні туралы пікірлер де бар. Аударма нақты тұлғаның шығармашылығы болғандықтан, бұл пікірлердің аудармашы еңбегіне де тікелей қатысы болады. Алайда аудармашы еңбегінің кезеңдерін, үде-рістерін алдын ала пайымдауға болмайтыны, олардың санадан тыс өтетіні туралы пікірлерге сыншылдықпен қарауға тура келеді. Өйткені шығармашылық еңбек үдерісінің кезеңдері мен сатыларын пайымдауға болмайтыны туралы ойлар мен пікірлердің ғылыми негізі əлсіз, дəлелі, дəйегі жоқ.

Əрине, аудармашы мəдениетаралық байланыстың дəнекері қызметін атқарады. Бұл қызмет үстінде ол түпнұсқаны автордың дəл өзі секілді танып, біле алмайды. Бірақ бұл аудармашының түпнұсқаны мүлде танып, біле алмайтындығы туралы ойға алып келуге тиіс емес. Аудармашы біліктілігі неғұрлым жоғары болса, оның түпнұсқаны танып, білу, түсіну, түсіндіру мүмкіншілігі де соғұрлым мол болмақ.

Поэзиятілі– образдытіл. Поэзияаудармашысысөздіңмəнмағынасын, дыбысталуын, аударма бірліктерінің образдылығын, синтаксистік жəне стилистикалық құрылымын дұрыс бере білуі тиіс. Ол түпнұсқаның мағынасы мен мəнін, образдылығын, эстетикалық əсерін лайықты жеткізуі шарт. Ол үшін аудармашы асыл нұсқаны толық түсініп, оның көркемдік, эстетикалық, танымдық мəнін жете меңгеруі қажет. Поэзия аудармашысы түпнұсқаны мүмкіндігінше дəл жеткізу үшін өзінің ана тілінде туратүпнұсқадағыдайэмоционалдыəсерібаркүрделіжəнежанды байланысты орнатуы қажет. Сонымен бірге аудармашы автор-

189

дың поэтикалық даралығын жоғалтпай, интонациясын, ырғағын, ұйқасын, тіл ерекшелігін сақтай отырып аударуы керек.

Оқырманүшінмұндайбіліктілікміндеттіемес. Оқырманның белгілі бір мəтінді қабылдауы, түсінуі мен аудармашының біліктілігі арасында үлкен айырмашылықтар бар. Мəтіннің мазмұны айқын əрі ашық қана емес, үнемі ақпаратты болып келеді. Оқырманның подтексті, аллюзияны, оқиғаның немесе сөздің жасырын мəнін, кейіпкердің түптұлғасының құбылуларын түсінуі үшін, оған өздігінше зерттеу жүргізудің қажеті жоқ. Мысалы, Абайдың «Сегіз аяғындағы»:

Алыстан сермеп, Жүректен тербеп,

Шымырлап бойға жайылған... [8, 62]

секілді тармақтардағы əр сөзді, əр суретті оқырман өздігінше қабылдап, өздігінше түсінеді. Оның түсінігіне сын айту орынсыз. Ал аудармашы бұл тармақтарды, олардағы əр сөзді, оның тиісті мағыналарын терең түсінуге, ғылыми негізделген жүйеде бағалауға міндетті. Бұл оңай жұмыс емес. «Алыстан сермеп» деген екі сөзден тұратын бір тармақтың мағынасын анықтаудың өзі аудармашыүшінүлкенқиындыққатүседі. Алыстансермеудіңиесі, дəлірек айтатын болсақ, осы тармақтағы қимылдың, істің иесі – «қызыл тіл». Алыстан сермейтін – «қызыл тіл». Ал тіл қалайша сермейді? Қалайша алыстан сермейді? Жалпы, тіл сермей ме? Сермесе нені сермейді? Міне, осындай сұрақтар туындайтыны заңды. Бұл сұрақтарға қалай жауап беруге болады? Оқырманның ойындамұндайсұрақтартумайды, олмұндайсұрақтарғажауапта іздеп жатпайды. Енді осы тармақтың орыс тіліндегі аудармасына көңіл бөлетін болсақ, мынадай жол шығады:

Издали зовет... [9, 69]

Аудармашы – Л. Озеров. Аудармашының ақындық өнеріне, аудармашылық шеберлігіне мін тақпаймыз. Бірақ Абайдың «Сегіз аяғының» осы сөз болып отырған тармағы орыс тіліне лайықты деңгейде аударылмағанын айтуды парыз деп білеміз.

190

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]