Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

12

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
1.15 Mб
Скачать

ТІЛ, МƏДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ СƏЙКЕСТІЛІК: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

ұлттық тұтастық үрдістерінде қоғамдық сананы басқару, ықпал ету механизмдерінің бірі болып табылады.

Осы орайда оқырманның қайсыбір этнос туралы пікірінің қалыптасуына, жалпы қоғамда этностереотиптің пайда болуына баспасөз жарияланымдарының тақырыпаттарын зерттеу қолға алынды. Қазақстандық баспасөз жарияланымдарында этнос атауларымен келетін – этнонимді тақырыпаттарды кездестіруге болады. Бұл мәселеде көпшілік түсінігінде этнос ұғымымен сол этнос тиесілі мемлекеттің өзара сәйкестендіріліп жататынын ескеруіміз керек. Тақырыпаттар, негізінен, мәтіннің мазмұнынан хабардар ету қызметін атқарады. Және сол уақытта автор тақырыпатарқылымәтіндегімәселегебайланыстыөзэмоциясын, оң немесе теріс бағасын білдіре отырып, оқырманға ықпал етуді көздейді. Дәл осы сияқты міндеттерді қайсыбір этнос атауы я оның түрлі тілдік формаларымен келетін этнонимді тақырыпаттар да атқарады. Этнонимді тақырыпаттар өз мазмұнында қайсыбір этносқа қатысты бағалауыштықэкспрессивтік мағыналарды қамти отырып, тұтынушыларға эмоционалдық тұрғыдан ықпал етуді көздейді, тіпті автор қайсыбір этнос я халыққа қатысты өз тарапынан ұсынылып отырған қағидаларға тұтынушыларды иландыру, сендіру немесе олардың көзқарастары мен пікірлерін өзгерту мақсатын қоюы мүмкін. Осы тұрғыдан, жағымды / жағымсыз мазмұндағы этнонимді тақырыпаттарды масс медиа дискурсы элементі ретінде сол немесе басқа этносқа қатысты оқырмандар санасына ықпалдастығы (этностереотиптер қалыптастыру, ассоциация тудыру) және этникааралық, мәдениаралық қарым қатынастарға ықпалдастығын зерттеу үшін 2010 – 2017 жж. арасындағы қазақстандық қазақ және орыстілді масс-медиадан құрамында этноним қатысқан тақырыпаттардың мәліметтер қоры жасалды.

Жинақталған этнонимді тақырыпаттар мазмұнына қарай этникалықтұрмыстық, саяси-әлеуметтік, этностыңжекеөзінетән мінез-құлықтық (имандылық, адамгершілік қасиеттері), мәденитарихи мәліметтерге құрылуына қарай топтастырылды. Және түрлі тілдік тәсілдер (имплицитті құрылым, этникалық ақпараттық мәні бар антропонимдерді, этнофолизмдерді,

51

ТІЛ, МƏДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ СƏЙКЕСТІЛІК: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

мемлекет, ел атауын қолдану) арқылы этносты жасырын сәйкестендіретін этнонимді тақырыпаттар мен зооморфизмді метафораларғақұрылғанэтнонимдітақырыпаттаржекеіріктелді. Жинақталған тақырыпаттардың бұл ерекшеліктері олардың оқырмандардың этнос туралы пікірлері мен көзқарастарына ықпалдастығын зерттеу үшін құрастырылған әлеуметтік сауалнамада ескеріліп, мына түрде сұрақтар рәсімделді: Привлекает ли ваше внимание заголовок газетной статьи?, Прочитав заголовок газетной статьи Вы сможете ли представить о чем идет речь?, Встречаются ли Вам тексты, в которых наблюдается несоответствие его заголовка, включающего в свой состав этноним (называющие этнос, национальность) и содержания?, Как Вы думаете, о какой стране или о каком этносе идет речь в этих заголовках «Тәбеті артқан айдаһар елі», «Алып «айдаһар» шынымен ажал құша ма?», Когда читаете заголовок «Аю таңбалы Ресей», какие ассоциации и этностереотипы у вас возникают об этой стране или о русском этносе?, Когда читаете заголовок«Кедендікодақ: Аю, аюдыңқонжығыжәнеқой», какие ассоциации и этностереотипы у вас вызывают зооморфизмы (названия животных) об этих странах или про этих этносы?, Когда читаете заголовок «Казахи не умеют работать - впечатления китайских туристов», какие ассоциации и этностереотипы у вас возникают об этих этносах ?, Как Вы реагируете на заголовок «Стриптиз на свадьбе: почему молчит казахская пресса?»: а) негативно думаю об этносе; ә) никак не реагирую; б) считаю, что это манипулятивный прием (намеренно используемый для негативного отношения к этносу) т.б.

Ғылыми дереккөздерде көрсетілгендей, «мәтіннің және басқа да ақпарат көздерінің, әсіресе, БАҚ метариалдарының өзіндік мазмұндық сипаттамаларын анықтау және бағалау әдісі» [1] ретінде анықталатын контент-талдау біздің жұмысымызда масс медиа ресурстарындағы этнонимді тақырыпаттардың тұтынушылар тілдік санасына ықпал ету үдерісінің көрсеткіштері ретіндегі ассоциаттарды зерттеу, этнос туралы позитивті немесе негативті пікір қалыптастыруға әсерін анықтау үшін құрастырылған әлеуметтік сауалнама нәтижелерін өңдеу

52

ТІЛ, МƏДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ СƏЙКЕСТІЛІК: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

және газет тақырыпаттарының тілдік сипаттарын (семантикалық ерекшеліктерін, тіркесімділігі, тақырыпаттардағы жасырын мәністерді) анықтау үшін қолданылды.

Контент-талдау әдісі мына көрсетілген артықшылықтары біздің зерттеуіміз үшін аса ыңғайлы болып табылды: «Талданылып отырған мәтінде сол немесе басқа мағыналық бірліктердің қолданылу жиілігін (немесе көлемін) есептеуде, хабарламаның ықпал (әсер) ету нәтижелілігін анықтауда, зерттеу тақырыбына релевантты мейлінше ауқымды біртипті құжаттарды зерттеуде, нақты әрі объективті талдау қажеттілігінде; зерттеу тақырыбы бойынша жүйесіз ауқымды материалдар қарастырылғанда; құжат тілі (стилі) маңызды болғанда; құжаттыңжасырынмәнісбарекеніндәлелдеумаңызды болғанда, сондай-ақ басқа да әдістер көмегімен (сауалнама, байқау-бақылау) жинақталған мәліметтерді өзара тексеру және бақылауда контент-талдау қосымша (көмекші) әдіс ретінде қарастырыла алады (мысалы, ашық сұрақтардың жауаптарын талдау барысында)» [2, 125-129].

Зерттеу нәтижесінде этнонимді тақырыпаттар мазмұнында қамтылатын жағымсыз семантиканың, сонымен қатар этнонимдердің (этнос, ұлт атаулары) қайсыбір жағымсыз жеке жағдайларды баяндауға арналған мақала тақырыпатында жөнсіз, орынсыз (некорректный) қолданысының, біріншіден, этнос немесе сол этноспен сәйкестендірілетін ел (мемлекет) туралы оқырмандардың тілдік санасында теріс (жағымсыз) этностереотиптер мен ассоциациялардың орнығуына ықпал ету мүмкіндіктеріанықталады. Екіншіден, этноснемесесолэтноспен сәйкестендірілетін ел (мемлекет) имиджінің, ұлт имиджінің қалыптасуына кері әсері бақыланады. Үшіншіден, респонденттердің берілген тақырыпаттағы түрлі тілдік тәсілдер (имплицитті құрылым, этникалық ақпараттық мәні бар антропонимдерді, этнофолизмдерді, мемлекет, ел атауын қолдану) арқылы жасырын нұсқалатын этносты дұрыс я қате табуына қарай тілдік санада этностереотиптердің нық қалыптасқаны я қалыптаспағаны анықталады. Сауалнама нәтижесі бойынша жағымсыз контекстегі этнонимді

53

ТІЛ, МƏДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ СƏЙКЕСТІЛІК: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

тақырыпаттардың этнос туралы теріс ой тудыру үлесінің жоғары я төмен көрсеткіштері сол я басқа этнос өкілдерінің өздерін сол этноспен сәйкестендіруден тартыну я тартынбау жағдайларының факторы ретінде анықталады.

1Сүлейменова Э.Д. ж.б. Әлеуметтік лингвистика терминдерінің сөздігі. Словарь социолингвистических терминов

/Шәймерденова Н.Ж., Смағұлова Ж.С., Ақанова Д.Х. – Астана: «Арман-ПВ» баспасы, 2008. – 392 б.

2Чернобровкина Е.П. Контент-анализ в лингвистических

исследованиях // Вестник Бурятского госуниверситета. 2011.

№ 11. С. 125-129.

НАЦИОНАЛЬНО-КУЛЬТУРНОЕ ВОСПРИЯТИЕ РУССКОЙ ЖЕНЩИНЫ В ПОЛИТИКЕ

Уматова Ж.М.1, Муканова З.А.2 1к. ф. н. и.о. доцента, 2к. ф. н. доцент КазНУимени аль-Фараби, г. Алматы, Казахстан,

zh.umatova@mail.ru, mukanova_za@mail.ru

В работе представлено современное восприятие женщины-политиканаполитическойаренесовременнойРоссии. Отражены ведущие тенденции фактического отражения статуса женщины по материалам СМИ.

The paper presents the contemporary perception of a woman politician in the political arena of modern Russia. The leading trends in the actual reflection of the status of women on media materials are reflected.

Степень участия женщин во властных структурах является критерием устойчивости базы демократии. Женщины, которые находятсяв структурахвластиобъективно способныпривнестив

54

ТІЛ, МƏДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ СƏЙКЕСТІЛІК: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

политическуюкультурунеобходимыеэлементыдляотстаивания, защиты интересов как женского, так и мужского населения. Сегодня участие женщин России в управлении, принятии решений остается неадекватным их вкладу в общественную и политическую деятельность.

Следующие когнитивные признаки лингвокультурного портрета политического лидера страны – женщины получили вербальную метафоризацию в материалах российских СМИ: интеллект, черты характера, образ жизни, социальный статус, способ прихода к власти, особенности политического менеджмента. Наиболее продуктивны когнитивные метафоры, отражающие особенности черт характера, управленческие качества и интеллект. В большинстве текстов процессыдействия, совершаемые ими, репрезентируются нейтрально: они активно работают, занимаются проблемами, свойственными вообще политикам. Наиболее часто они, однако, совершают материальные процессы, которые не имеют большого государственного значения (посещают какое-либо событие,

работают, выступают, приезжают куда-то и т.д.). Например,

самая влиятельная женщина-политик России собственноручно ввела эксплуатацию, распорядилась, вручает. Кроме материальных, женщины-политики совершают вербальные процессы, что тоже присуще вообще представителям политики:

они обещают, отвечают на вопросы, заявляют, упрекают, подчеркивают, Матвиенко парирует.

Внешность некоторых женщин привлекает особое внимание журналистов. Например, Ирина Хакамада оценивается как одна из самых стильных отечественных женщинполитиков. Валентина Матвиенко царственная и венценосная особа, по внешнему имиджу похожа на Екатерину Великую.

Актуализация общественной деятельности женщинполитиков не отражает реального положения дел. Женщины участвуютвполитическойдеятельностиивработеДумынаравне с мужчинами, но, тем не менее, на первый план их презентации выходит «задача» отвечать за социальные вопросы. Российские женщины-политики не выделяются из ряда малочисленных

55

ТІЛ, МƏДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ СƏЙКЕСТІЛІК: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

общественных деятелей женского пола. Лишь Матвиенко персонифицируется как политик высшего класса. Репрезентация женщин-политиков является зеркалом отношения всего общества к ним.

В структуре образа женщины-политика выделяются как внешние характеристики, так и профессиональные и личностные качества политика. Внешние характеристики крайне важны для формирования образа женщины-политика. Привлечение внимания к внешним компонентам образа способствует феминизации образа и отвлечению читательского внимания от существенных личностных и профессиональных качеств.

Качества женщин-политиков, характеризуются по степени оценки в контексте их деятельности. Маскулинизация и феминизация образов женщин-политиков актуализируется в рамках определённых полярных архетипов – амазонки, «железной леди» и воплощения «вечной женственности».

56

ТІЛ, МƏДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ СƏЙКЕСТІЛІК: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

МЕДИАЛИНГВИСТИКА ЖАҢА ҒЫЛЫМИ БАҒЫТ РЕТІНДЕ

А.Т. Құралова Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан kuralovaaltynkyz@gmail.com

The purpose of this article is to examine the features of media linguistics as an actual scientific field. The concepts of mass communication and mass media are distinguished.

Тіл уақыт өткен сайын түрленіп, толысып, дами түседі. Бүгінгі таңда лингвистика ғылымының бір саласы ретінде дамып келе жатқан медиалингвистикадағы зерттеулер тілдік құбылыстардың медиасөйлеу арқылы қоғамға әсерін талдауды қажет етеді;

Қазақ тіл біліміндегі зерттеліп келе жатқан мәселелер арасындабұқаралықақпаратқұралдарыарқылытаралыпотырған түрлі бағдарламаларда көрініс тауып жатқан сөйлеу мәдениеті, тілдік қарым-қатынас нормаларының бұзылуы, лингвоэкологияның БАҚ-қа әсерін анықтау өте маңызды болып отыр.

Сондай-ақ, медиасөйлеудің қыр-сырын зерттеу сөйлеу актісінің теориясы тұрғысынан қарастыру талап етіледі.

Өзара сұхбаттасу негізінде өрбитін медиасөйлеудің функционалдық-стилистикалық аспектісін зерттеу нәтижелері қазақ тіл біліміндегі сөйлеу актісі теориясы тұрғысынан, лингвистикадағы, медиалингвистикадағы әлеуметтілік бағытының дамуына едәуір үлес қосады деген ойдамыз.

Медиасөйлеуді қабылдау, түсіну және оның ғылыми сипатының өнімділігі, ақпараттық бірлестік пен өмірдің барлық салаларына бұқаралық ақпарат құралдары әсерінің ұлғаюы табысты әлеуметтік дамудың алғышарты болып табылады.

57

ТІЛ, МƏДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ СƏЙКЕСТІЛІК: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

Проф. В.И.Коньковтың пікірінше, медиасөйлеу дегеніміз – бұқараттық ақпарат құралдары ортасында қызмет ететін сөйлеу. [1]

“Лингвомәдениеттануда сөйлесушілердің сөз әдебі арнайы зерттеледі. Әрбір этникалық мәдени ортада сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы сөйлеу идеалының қалыптасқан үлгісі болатынын да осы сала зерттейді”- дейді профессор Б.Қ.Момынова. [2]

Қорыта келгенде, аталған ой-пікірлер жас ғалымдарға лингвистиканың бір бағыты медиалингвистика саласын қазақ тіл білімінде ауқымды зерттеуге жол ашады.

В.И.Коньков. Медиаречь: содержание понятияипринципы анализа. Мир русского слова. №3. 2016.

Момынова Б. Газет лексикасы (жүйесі мен құрылымы). –

Алматы: Арыс, 1999. 22 б. 224 б.

58

ТІЛ, МƏДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ СƏЙКЕСТІЛІК: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

ТІЛ ЖƏНЕ МƏДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС: АУДАРМАТАНУ ЖƏНЕ ЛИНГВОДИДАКТИКА МƏСЕЛЕЛЕРІ

***

ЯЗЫК И МЕЖКУЛЬТУРНАЯ КОММУНИКАЦИЯ: ПРОБЛЕМЫ ПЕРЕВОДОВЕДЕНИЯ И ЛИНГВОДИДАКТИКИ

ЖАҺАНДАНУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ СҰРАНЫС – КӨПТІЛДІ МЕҢГЕРГЕН МАМАНДА

Ж.Ж. Әбікенова Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ abikenovazhanar@gmail.com

Өз тілің –бірлік үшін Өзге тіл-тірлік үшін.

Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін-мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін-ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін - жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек». Біз қоғамның жаһандану, жаңаша даму кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Яғни,ХХІ ғасыр – ол қоғамдағы барлық салалардың: экономиканың, саясаттың, медицинаның, өнердің, білім мен мәдениеттің әлемдік деңгейге талпыну ғасыры. Онда, дәл осы жаһандану кезеңінде өмір сүріп жатқан әрбір азамат, әсіресе жас ұрпақ көштен қалыспау керек. Еліміз егемендігін алғаннан бастап, Қазақстанның әрбір азаматының білім алуына, денсаулығына қарауына, қоғамда өз орнын табуына ықпал жасауда.

«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды», дегендей біз еліміздің ертеңінен, болашағынан зор

59

ТІЛ, МƏДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ СƏЙКЕСТІЛІК: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

үміт күтеміз. Ал осы мақсатқа жету жолында әрине жастарымызға, олардың біліміне, ақылдылығына, жігерлеріне, отан сүйгіштіктеріне, қайраттарына сенеміз!!!

Сондықтан да, қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаты - бәсекеге қабілетті, еңбек нарығындағы талаптар мен сұраныстарға сай жан-жақты дамыған, бірнеше шет тілін меңгерген мамандар дайындау. Қазір, жоғарыда айтып өткендей, қоғамдағы дамулар арқасында біздің де отандық білім беру жүйеміз жылдан-жылға жаңарып, толықтырылуда.Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне байланысты. Осы тұрғыда еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан жұмыстар оқытудың, тәрбиелеудің түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, саналы, білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол орайда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән беріліп отыр.Қазіргі кезде қоғамдағы түрлі слалар бойынша және мәдениаралық байланыстар күнделікті өмірдің құбылысы ретінде қарастырылып отыр.

Жаңа заманның болашақ мамандарын дайындау жолында да біраз жұмыстар атқарылып, көптеген ғалымдарымыз оқыту әдістері мен технологиялары туралы өз еңбектерін зерттеуде. «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, еліміздің білім беру салсасын дамыту жолында Білім туралы заңда да қарастырып өткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз жолдауының бірінде: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». – деп, білімді ұрпақтың әр кезде де биік деңгейде болатынын көрсетті. Әр елдің озық тәжірибелерін зерттеу үшін, оларды еліміздің болашағы үшін пайдалану үшін жан-жақты дамыған маман дайындауымыз қажет, ал оның басты белгісінің бірі-шеттілін, жетікмеңгеруі. Жетітүрлібілімбіл, Жетіжұрттың тілін біл –, деп ата-бабамыз сонау кездің өзінде жсатарымызды

60

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]